+3 дауыс
1.2k көрілді
Осы солақайларды дарындылар дейді сол распа?

3 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

 

Әлемдегі халықтың шамамен 10-12 пайызы солақайлар. Зерттеу нәтижелеріне қарағанда, әйел адамдардан гөрі жігіттер қауымы көп жағдайда солақай болып келеді екен.
Халықаралық "Солақайлар күні" реми түрде 13 тамызға бекітілген. Бұл күнді белгілеу туралы шешім 1992 жылы қабылданған.
Солақайлық әр кезеңдерде әр түрлі бағаланып келген. Кейбір халықтар бұл қасиетті әдет ретінде түсінсе, бір халық жынның белгісі ретінде қабылдаған.
Нью-Йорктегі Сэйнт Лоуренс универститеті ғалымдарының зерттеуінің нәтижесі бойынша ақылдылық коэффициенті солақайларда жоғарырақ болады екен. Мәселен, Альберт Эйнштейн, Исаак Ньютон, Чарльз Дарвин және Бенжамин Франклин солақай адамдар болған.
40-тан асқан әйелдің баласының солақай болып туылу ықтималдылығы өте жоғары болады.
Эскимостар солақай адамды сиқырға икемі бар адам деп біледі. Мароккода солақайларды  s’ga, яғни, жын деп атайды. Солтүстік америкалықтар солақайларды жолы ашық адам ретінде бағалайды.
Адам баласының 90 пайызы оңақай болса да, жан-жануарларда бұл икем тең бөлінген.
Ғалымдардың айтуынша, солақайлар математика, архитектура секілді кеңістікке байланысты ғылымдарға икемдірек болады.
Солақайлық ұрпаққа қанмен беріле береді.
Солақай жандардың миының оң және сол бөліктерінің байланысы өте сапалы. Осының әсерінен олар тез ойлайтын, тез шешім қабылдайтын болып келеді.
Әлемдегі 1 пайыз адам ғана екі қолымен бірдей икемде жұмыс істей береді.
Сәбиді етпетімен жатқызғанда оңақайлар басын оңға бұрып жатса, солақайлар керісінше істейді немесе сол күйі жата береді екен.
Әлемге әйгілі болған солақайлардың арасында  Пол Маккартни, Билл Гейтс, Фидель Кастро, Генри Форд, Чарли Чаплин, Александр Великий, Леонардо да Винчи, Микеланджело, Льюис Кэрролл, Юлий Цезарь, Моцарт, Бетховен, Ницше, Марк Твен , Прокофьев, Гете, Кафка секілді планета мақтаныштары бар.

 

Ал, енді дарынды емес дер көр! Әрине дарынды!

Мен Солақаймын ғо
Ммм...ТАМАША ЖАУАП...)) Оқып бiр мәз боп қалдымғо.) әсiресе тез ойланып, тез шешiм қабылдайтын дәл айтылған шығар) менде солақаймын! Мен сауалнама қоймасам солақайлар қанша, оңақайлар қанша екенiн бiлетiн қызық)
жауабыңа көп рахмет Марат Қаниев
0 дауыс
әрине кез-келген адам сол қолымен жазу жаза алмайды ғой
+2 дауыс
Өзім солақаймын. Негізінен дұрыс айтылған солақайларда оң жақ ми бөлігі жақсы дамыған. Ал ол ми бөлігі - шығармашылыққа яғни елестеу қабілеті жоғары оған мысал ретінде өлеңдер, музыка, т.б өнерлер - символды образды ақпаратты тез өңдейді, сонымен қатар параллельді ақпарат өңдеу. Оған мысал ретінде: бір қорап бар, оның іші толы сары шариктерге бірақ ішінде біреуі қызыл бар. Егер сол жәшікте оң қолды (яғни сол ми бөлігі) қораптан бір бірден шығарып қызыл шарикті табады. Ал солақай (оң жақ ми бөлігі) жәшіктен барлық шариктерді шашып соның ішінен тез қызыл шарикті табады. Яғни бірнеше операцияларда параллель атқарады.

Біз білетін Гай Юлий Цезарь  (солақай) бірнеше істі параллель жасаған.
...