0 дауыс
5.8k көрілді
Маған Чарльз Диккенстің өмірі, шығармашылығы туралы қазақ мәліметтер керек еді.Интернеттен іздесем орысша шығады.Көмектесіңіздерші.Ссылкасын жіберіңіздерші,алдын ала рахмет.

1 жауап

0 дауыс
Әлем әдебиеттері бөлімінде ағылшынның классик жазушысыЧарльз Джон Хаффем Диккенстің (Charles John Huffam Dickens; 1812—1870) 200 жылдық мерейтойына арналған кітап көрмесі ашылды. Көрме 2012 жылдың 6-шы ақпанынан 9-шы сәуірге дейін жалғасады. Чарльз Диккенс 1812 жылы 7-ші ақпанда Портсмут маңайындағы Лендпорт қалашығында дүниеге келді. Диккенстің әкесінің 1824 жылы қарызданушылардың абақтысына түсуіне байланысты 12 жасар Чарльз мектепті тастап, фабрикаға жұмысқа шығуға мәжбүр болады. Бірнеше жылдар бойы газет репортеры болып жұмыс істегенсоң, Диккенс өзінің «Пиквик клубының жазбалары» атты сериалын жариялай бастады. Бірнеше айдан соң ағылшынның ең атақты жазушысына айналды. Оның 30 жылдық ғұмырында жазған романдары ерекше әйгілі болды. Ол керемет орындаушы болды, театрдан көрермендер үлкен әсер алып қайтатын. Диккенс қойылымдарына бар күш қуатын жұмсайтын, барлығы ол 470 қойылым өткізді. Ол ерте 58 жасында дүние салды. Кітап көрмесі үш бөлімнен тұрады: Көзі тірі кезіндегі жазбалары; Қайта басылған және орыс тіліне аударылған еңбектері; Өмірі мен шығармашылығына арналған әдебиеттер. Ұлттық кітапхана қорынан көрмеге 1837-1857 жылдары шыққан мынандай басылымдар қойылды: Николас Николбидің өмірі мен басынан кешкендері / The Life and Adventures of Nicholas Nickleby (1839, 1843, 1869); Пиквиский клубының өлгеннен кейінгі хаттары» / The Posthumous Papers of the Pickwick Club (1842); Мартин Чезлвиттің өмірі мен басынан кешкендері / The Life and Adventures of Martin Chuzzlewit (1844); Прозадағы рождестволық ән / A Christmas Carol (1846); Домби және оның баласы / Dombey and Son (1847);Өмір шайқасы / The Battle of Life (1856); Кішкентай Доррит / LittleDorrit (1856-1857). Британ жұртшылығының баспасөзге ынтасы көбірек ауған шақ-Дикенстің парламентте тілші болған уақыты. Ұлыбританияда 19-шы ғасырды Диккенстен шебер және айқын суреттеп берген ешкім болған жоқ. Ол әсіресе Викториан дәуіріндегі әлеуметтік өмір, оның ішінде кедей адамдардың өмірін бейнелеген бірнеше роман, әңгіме және мақалалардың авторы ретінде танымал. Бұл ретте ең алдымен «Дэвид Копперфилд», «Николас Никльби» және «Оливер Твист»шығармаларын айтуға болады. Дикенс шығармашылығының шарықтау шегі - 19-шы ғасырдың 30-50-ші жылдары. Дарынды қаламгер адам жанын терең түсініп, өз заманының кемшіліктерін дөп басып суреттей білген. Бұл күндері Лондондағы Диккенстің мұражайына келушілер қарасы көбейері анық. Ұлыбритания астанасында жазушының 200 жылдық мерейтойына байланысты бірнеше шаралар өтіп, оның шығармалары негізіндегі қойылымдар болады

Ұқсас сұрақтар

...