Мен құттай затқа бұлқан-талқан боламын, егер ар-намысқа тиетін сөздер айтылса бітті, "жарыламын"! Эмоцияны жасыра алмаймын, әйтпесе нерв жүйем сыр береді, әйтеуір басым ауырып қалады. Сондықтан ішке салмай бетке айтамын. Бауыржан Момышұлы бір жоғары лауазымды кісіге : "Бәке, сен ыыы, ііі, іі, ммм деп ойланып, әр айтар сөзіңнен қорқып, екіжүзділікке барасың. Ал мен ештеңені ойланып тұрмай, әңгіменің ашығын, бүкпей, жасырмай бетке айтамын. Дауыстатып, "айғайлап" сөйлейтінімде осыдан" - депті. Мен осы фразаны ұстанамын!