+1 дауыс
27.3k көрілді
8 наурызға тақпақтар барма?

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Мерейлі сәт мерекеге ұласып,
Сегізінші наурыз келді қыр асып.
Қыз- келіншек, нәзік жандар мейрамы-
Көктемімнің шапағатын тұр шашып.

Құттықтаймыз аналарды, қыздарды,
Мерекеден шуақты бір із қалды.
Болсын әркез көтеріңкі көңілдер,
Нұрын шашсын мерекеге өңірлер!

Дүниеде ең кемеңгер дананы,
Ана табады, аялайды бағады.
Сол үшінде құдіретіңе бас иіп,
Құрметтейік қасиетті – ананы
Бул  олен маган каты унады жаксы жазылган
0 дауыс
8 НАУРЫЗ тақпақтар * Мен мұғалім анамның, Өнегесін аламын. Ертең менде анамдай. Оқытушы боламын. * Мен үшін не керек- бәрін іздептабасың. Айналайын анашым, жұмысыңа барасың. Қайтып мені көргенде, шын сағынып қаласың. * Әр сөзімді жаттаған, Жүрегімде сақтаған, Анашым деп мақтанам, айналайын ақ анам! * Айналайын анашым, әлпештеген баласын, Еміп өскен бөбекпіз, анамыздың мамасын. * Ақ қабақты анашым, күн сәулелі анашым. Әлпештеген баласын, айналайын анашым.
...