0 дауыс
176k көрілді

Жөтелден қалай арылуға болады?


Күнбағыс майының пайдасы мол, деп жазады «Массагет» порталы. Оның, тек жөтел ғана емес, бірқатар дертке шипалы екенін оқырман назарына ұсынамыз.

Артроз
Артроз асқынып, тізе буындары қатты ауырса, күнбағыс майын пайдаланған жөн. Ол үшін балдыр ұнтағының бір бөлігін күнбағыс майымен жақсылап араластырып, дайын болған соң ауырған жерге жағыңыз. Содан кейін үстін жылы матамен орау керек. Бұл әдісті ауырсынуды басатын дәрі орнына қолдануға болады.

Тамағыңыз ауырса
Алоэ шырыны мен күнбағыс майын бірдей көлемде алып араластырыңыз. Дайын қоспамен тамағыңызды шайыңыз. Ал егер тонзиллит, ларингит секілді күрделі тамақ ауруларына тап болсаңыз, онда тазартылмаған күнбағыс майын сарымсақ сөлімен араластырып, ингаляция жасаңыз.

Жөтел
Жөтеліңіз тоқтамаса, мұсатырлы спирт пен күнбағыс майын 2:1 қатынасындай етіп араластырып, дайын қоспамен көкірегіңізді сүртіңіз.

Мастит
Кішігірім ыдысқа лалагүл мен күнбағыс майын салып, жақсылап араластырыңыз, шамамен 10 минут су жылытқышқа қойып қайнатыңыз. Суыған соң тұнбаны алып, кеудеге жеңіл массаж жасаңыз.

Аяқтағы қан айналым бұзылса
Мұндай жағдайда лавр жапырақтарынан майлы тұнба дайындау қажет. Ол үшін 2/3 стақан ұнтақталған лавр жапырағына бір стақан күнбағыс майын қосып, қараңғы жерде 6 күн ұстаңыз. Содан соң жылы ванна дайындап, аяқғыңызды осы майлы тұнбамен сүртіңіз.

Табанда ойылған сызаттар пайда болса
Күнбағыс майын су жылытқышқа салып қайнатыңыз. Қайнатып алған соң суығанын күтіңіз. Дайын болғаннан кейін осы майдың көмегімен табандағы, өкшедегі ойылған сызаттардан арыласыз.

22 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Дәрі ішіп ол көмек болам дегенше біраз уақыт өтеді. Егер құрғақ жөтел болса, ұйықтар алдында ингаляция жасаған дұрыс. Кішкентай кезімізде үйде біреуіміз жөтеліп ауырсақ ,бір екі күннен соң үйдегі бала шағаның бәрі мұрындары пышылдап, ит сияқты үріп жөтелетінбіз. Сол кезде апам бөрімізді отырғызып, бір тостаған катопты қайнатып,ортамызға қойып, үстімізден көрпе жауып қоятын. Өзім әлі күнге дейін осы әдісті пайдаланамын. бірақ көрпе емес ,орамал жамылып. Жақсы көмектеседі. Бірақ байқа қатты ыстық буға күйіп қалма.Ас содасымен де жасауға болады.   Дене қызуы көтерілсе ингаляция жасауға болмайды!!!
0 дауыс
Арақтан кампрес тарт! аузынды буға ұста! Укол ал!
0 дауыс

Ыстық сүтке май салып іш ! Тамақтың ауырғанын басады.

Құрғақ жөтелді басу, ауыз жаппай жөтелуді жеңілдету үшін, көп сұйықтық ішу қажет. Егер дене қызуы көтерілмесе, балаларға аздаған мөлшерде қант қосылған таңқурай, лимон шайын беруге болады. Бұл ретте сұйықтықтың тым ыстық болмауы маңызды. Көптеген аналар балаларына ауыз күйерліктей ыстық шай беріп жатады. Ол көмейді тітіркендіріп, құрғақ, үздіксіз жөтелді күшейтеді. Егер дене қызуы көтерілсе, аздаған мөлшерде қант пен лимон шырынының бірнеше тамшысы тамызылған жылы шай беруге болады. Ол кеңесті омыраудағы балаға да қолдана аласыз.

<>Қатты құрғақ жөтелдің медициналық жолмен емделу керегін естен шығармаңыз. Сіз таңдаған емдік шаралар бала денсаулығына одан әрі зиянын тигізбеу қажет. Дәрігер Комаровский өзін-өзі емдеудің ең тиімсіз әдіс екенін ескерте айтады. Балаңыздың ұзақ уақыт жөтелгенін байқасаңыз, бірден дәрігерге қаратыңыз.

+1 дауыс

Оңтүстіктің қысы жұмсақ, жерде қар жоқ, анда-санда жаңбыр жауып, ауа көбіне құрғақ болып тұр. Мұндайда көлік қозғалысы көп Шымкенттің ауасы тарылып, шаң-тозаң көбейеді. Ал тозаң түшкіріп-пысқырып жү­ретіндердің көбейе түсуіне себеп. Яғни дәл қазір жұрт арасынан күркілдей жөтеліп жүргендерді жиі жолық­тыруға болады. Бұл жөтелдердің әрқайсысының сипаты әрқалай.

Жөтелдің құрғақ, ыл­ғалды, жедел-өтпелі және созылмалы түрлері болады. Осының ішінде жедел-өтпелі түрі суық тигенде басталып, кемінде үш аптаға дейін созылады. Оған адамның бұдан бұрын да тыныс жолы ауруына шалдыққаны себеп болуы  мүмкін. Ал созылмалы жөтел деп 50-60 күнді қамтыған жөтелді айтады. Оның пайда болуына жұтқыншақтың, тамақтың, өндіршектің, қолқаның суықтауы, сондай-ақ кей­бір асқазан-ішек жолдары аурулары, қан айналымы бұзылған адамдарда өк­педе қан тежелуі, түрлі нев­роздар, кейбір дәрілік препарат­тардың зияны әсер етеді екен.

Ал енді жөтелдің қай түріне қандай препа­раттар пайдаланы­лады, олар ағ­заға қалай әсер етеді?

Құрғақ жөтелге қарсы жөтел рефлексін басатын фервекс, колдрекс сияқты препараттар қолданы­лады. Фервекс суда тез ери­тін түйір (таблетка) түрін­де шығарылады, оның құ­рамында ауруды басатын және дене қы­зуын төмен­дететін па­рацетомол мен аскорбин қышқылы (С ви­тамині) болады. Дегенмен оны 12 жасқа дейінгі балалар мен жүктіліктің ал­ғашқы үш айлығындағы және емізулі баласы бар әйелдерге ішуге болмайды.

Ал енді қақырықты жөтелден тез айығу үшін қақырық түсіретін пре­параттар пайдаланған жөн. Олар қақырықтың қоюлануын тежеп, оның ағзадан шығуын тездетеді. Мұндай кезде амброк­солды пайдалануға болады. Ол төмен тығыздықтағы қолқа секреттерінің түзілуін тездетеді, сондықтан қақырық түсуі қиын қолқа суықтауы, өкпе қа­бынуы және қолқа демік­песі кезінде қолданылады. Бірақ оны асқазан мен ішек жарасы бар адамдарға, жүкті және емізулі баласы бар әйелдерге қолдануға болмайды. Бүгінде дәріхана­лар­дан осы амброксол негі­зінде жасалған амбро­бене, амброгексол, амбросан, лазолван, халиксол сияқты препараттарды кезіктіруге болады.

 

Осы амброксолға құ­рамы жағынан сәйкес келетін «бромгексин» деген де дәрі бар. Дәріха­наларда осы бромгексинге ұқсас 40 түрлі препарат айтылады. Оларды да негізінен жүктіліктің бірін­ші аптасындағы, бала емізіп жүрген әйелдерге қолдануға болмайды. Мұн­дай дәрімен емделгендер бала емізуді уақытша тоқтатуы керек.

Қақырықты сұйылтуға қарсы «ацетилцистейн» деген күшті препарат қолданылады. Оны дәрігер созылмалы қолқа қабынуы сияқты күрделі тыныс жолы аурулары кезінде тағайындайды.

Жалпы, жөтелді бір жағынан пайдалы деп те айтуға болады. Яғни жөтел кезінде тыныс жолдары тазаланады. Бұл кезде кеуде мен тыныс жолдарында жоғары қысымды ауа пайда болады да, оның ағыны вирусты ыл­ғалмен қоса шаң-тозаң бөлшектерін, бактериялар мен вирустарды жөтелмен сыртқа шығарады. Дегенмен ауру уақыты созыла келе жөтел адамды шаршатып, ұйқысын, тамақтану режимін бұзады, тағы да басқа жайсыздықтар тудырады. Сондықтан дә­рі­герге көрініп, оның се­бебін, жою жолдарын анықтау қажет. Бірінші­ден, жөтелу рефлексін жоятын, екіншіден, ағзадан қақы­рық шығаруға әсер ететін препараттар қолданған жөн. Ең дұрысы, ауру жөтелден басталды ма, әлде жөтел ауырып жүр­генде пайда болды ма, осы жағына көңіл бөлу керек. Сондай-ақ жөтелдің жоғарыда аталған түр­лерін де анықтап алу маңызды. Егер құрғақ, бірден пайда болатын жөтелге кеуде қуысының ауруы қосылып сезілетін болса, онда міндетті түрде дәрі­герге көрінген жөн. Бұл кеуде бұлшық еттерінің үздіксіз жөтелуден ауыруы немесе плеврит болуы мүм­кін. Плеврит – өте қауіпті ауру.

Жалпы, жедел-өтпелі жұқпалы тыныс жолдары ауруларымен, қолқа, өкпе қабынуы кезінде сұйықты көбірек пайдалану керек. Сұйықтық адам салма­ғының әрбір килосына 30 миллиграмм болуы тиіс.

Жөтеліп жүрген кезде тыныс алу жаттығуларын жиі жасап тұрған абзал. Әрине, сырқаттың қандай жаттығулар жасауы ке­ректігін емдеуші дәрігер анықтап береді.

Ақпарат мына сайттан алынды: http://www.zamana.kz/component/content/article/1-latest-news/1966-jotel.html

0 дауыс
ыстық сүтке май салып іш немесе бал салып іш
0 дауыс
тамағыңды фурацилинмен ертіндісімен шайқасаң жөтел басылады
0 дауыс
Мен өзім  бронхолотин деген дәрі ішсем 3 кунде кетіреді
0 дауыс
Алдымен фурацилинмен тамағыңды күніне 5 рет шай.

Мукалтинді бронхилитин деген сиропқа қосып күніне 3 мезгіл іш. Тамағыңды йодпен сеткіле.Болды.Нәтиже болады. Жөтелің күшейіп, қызу көтеріліп, грипке ұласпай тұрғанда ем-домда уақтылы жаса!
0 дауыс
Тмин пайдаланган дурыс
0 дауыс
мен жуктимин тумаудан жотел тагы бар калай емдеуге болады рахмет
0 дауыс
Кызымнын какырыгы туспей жатыр не истесем болады комектесиниздерши
0 дауыс
9 айлык балам жотелип калды.уйде кандай ем колдансам болады.
0 дауыс
Жүкті болсаңыз сәуір майы бар соны ішіңіз бәріңізге айтарым осы  бұл дәрі емес жайғана май бұны әр шай ішкен уақытта шайға салып ішіп көріңіз нәтижесі болады шыныменде әрі Сүтке қосып ішсеңіз өте көп көмегін береді
0 дауыс
Аль Рахик деген минтоловый сироп бар. Соны алып ішкен көмектеседі. Құрамында тек табиғи қоспалар: қара зере ұнтағы, мята, имбирьное масло.
0 дауыс
Салеметсиздерме мен катты жотелип журм жазылар емес.

Ұқсас сұрақтар

+3 дауыс
4 жауап
Белгісіз 21.01.2012 Денсаулық сұрақ қойды
0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 18.07.2021 Жалпы медицина сұрақ қойды
...