+1 дауыс
57.8k көрілді
Сіздердің көмектеріңіз қажет боп тұр.. "КЕЛІНДЕР САЙЫСЫ" өткелі жатқан ед, соған мықты таныстыру керек. тауып бересіздер ме, жандарыңыздан шығарасыздар мааа...

сосын керемет ас мәзірін қайдан табуға болад?

тағы да қандай ұсыныстарыңыз бар "жеңімпаз" атану үшін?

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Армысыздар жиналған көпшіл қауым,
Биік қойған жанынан қыздың арын!
Қыз өсірген қазақтың қайғысы осы,
Қатал сынға салатын әр қадамын!

Шын сыналған жүйрікте мін болмайды,
Ақылы озық - біреуге күң болмайды!
Келіні дана болған қазағымның,
Ұлдары өзге елге құл болмайды!

Көпшілік мен де өзімді сынға салдым,
Ұлықтап қазағымның дәстүр салтын!
Топтан озу мақсатым болмаса да,
Ару болу мақсатым инабатты!

Әділқазы алқасы армысыздар!
Бейне бір жауатұғын қармысыздар.
Аруларға әділ баға беретұғын,
Әділеттен жаралған жанбысыздар?!

Атым - ..... болады сұрасаңыз,
Албан екен кешегі бір атамыз.
Әкем аты ..... асқар тауым,
Пана болып біздерге жүз жасаңыз!

Анашым Тугленшедей Бәленше қызы,
Жүзінен төгілетін күннің нұры.
Атыңа кір келтірмей өтсем сенің,
Мойнымнан түсер ме екен перзент жүгі..!

Ұстазым - ... апай аяулы адам,
Біздерден бар білгенін аямаған!
Осындай ұстаздардың арқасында,
Көпшіліктің көңілі тояр маған!

Көп айтып өз жайымды не қылайын,
Өнеріммен одан да таң қылайын!
Кішіге үлгі, үлкенге өнеге боп,
Сахнаның төрінде сән құрайын!
Бул суракты 8ай бурын койган екенмин. Ол сайыс отип кеткели кашааааан. Сонда да енбегиниз ушин коп рахмет.ЖЖ:))
+1 дауыс

Келіндер сайысы

Тақырыбы:     « Қазақтың  келіндері- ай »  атты  сайыс

Мақсаты: Жанұядағы  ата – ене, келін , қайын сіңлі , қайын  арасындағы қарым - қатынасты  нығайту.Ұлттық  салт – дәстүрімізге  байланысты  келіннің  орнының  ерекше  екендігін, от басының  ұйтқысы  екендігін ұғындыру. Келінге немесе  болашақ  анаға  деген  сыйластықты  ояту, ананың  өмірге  деген  маңыздылығын ұғындыру.

I – жүргізуші:(  Аслан )

Мен  қазақ  қыздарына  қайран  қалам

Жанары  жаны жаздай  жайраңдаған

Қыз  өссе  елдің  көркі  деген  сөзді

Қапысыз  қалай  айтқан  қайран  бабам.

Армысыздар  құрметті ұстаздар мен  оқушылар және  қонақтар!Бүгінгі  өткелі  отырған :     « Қазақтың  келіндері- ай »  атты  сайысына  қош келдіңіздер.

II – жүргізуші:   (Ботагөз)

Сайыс, сайыс көңіл  шіркін  тасысын

Сайыс  сайын  жанкүйерлер қол ұрсын

Өнерлерін аямайтын  біздерден

Сайыскерлер ортамызға  кеп  енсін – деп отырып бүгінгі  сайысқа қатысушы  жеңгелерімізді, қайынсінлілерімізді  қол соғып  құрметтеп  ортаға  шақырамыз.

I – жүргізуші:(  Аслан )

1-ші номердегі  келін:      Мұратова  Алма  Қанатқызы

2- ші  номердегі  келін:     Садық  Раушан

3 – ші  номердегі  келін:     Хабдрахманова  Үмітжан

4 – ші  номердегі  келін:      Рахымжанова  Гүлнұр  Орынқызы

5 – ші  номердегі   келін:     Акшинева Тоқжан  Серікқызы.

II – жүргізуші:   (Ботагөз)

Ашық  жарқын  жүзді

Әділқазылар  біздің

Әділ  баға  берерге,

Шақырайық  біз  төрге.

Шеберлікті,  білімді,

Сараптап  сіздер  көріңіздер.

Әділ  қазы  алқасы,

Әділ  баға  беріңіздер.

I – жүргізуші:   (Аслан)

Кезекті  әділ – қазыларымызды  таныстыруға  рұқсат  етіңіздер.

Тәрбие  ісінің  меңгерушісі: Сейтқазиева  Асылы   Мұратқызы

Мектебіміздің  математика  пәні  мұғалімі:  Камышева  Роза  Жиенбайқызы

Бастауыш  сынып  мұғалімі:  Нұрмұқанбетова  Қайша  Қабайқызы

Мектебіміздің  қазақ тілі пәні  мұғалімі:  Муканова  Мейрамгүл  Тобылжанқызы

II – жүргізуші: (Ботагөз )

Көп  сөйлеп жөн  жобадан  біз аспайық

Қандай  сайыс  болсада  біз  қашпайық

Ал, ендеше рұқсат  болса  « Қазақтың  келіндері- ай »  атты  сайысын  біз  бастайық деп  сайыстың  шарттарымен  таныстырып  өтейік.

I – жүргізуші:(  Аслан )                           Сайыстың барысы:

                        I.            Өзін  таныстыру

                      II.            Өз  өнерін  көрсету (музыкалық )

                    III.          Сұрақ  жауап

                    IV.              Кім  жылдам  және  кім  шебер

                      V.          Үй  тапсырмасы   (қол өнер)

                    VI.          Салт  дәстүр

II – жүргізуші:   (Ботагөз)

Кезекті     өзін  таныстыру  кезеңіне  береміз.

II – жүргізуші: (  Ботагөз )

Кезекті  өз  өнерін  көрсету (музыкалық  сәлем)  кезеңіне  береміз.

I – жүргізуші:   (Аслан )

Кезекті     сұрақ -  жауап  кезеңіне  береміз. Сайыскерлеріміз  сұраққа  даяр  болғанша кезекті  әнге  берелік.

Ән:  «Тойға  тілек»  орындаушылар  Жанатілекова  Зарина  мен  Есенгелдинова  Камшатқа  беріледі.

II – жүргізуші: (  Ботагөз )

1.     Босаға  майлау  дегеніміз  не?

2.     Қазақтың  ұлттық  аспаптарын  ата.

3.     Киіз  үй  жиһаздарын  атаңыз.

4.     Қалжа   дегеніміз не?

5.     Үш  жұртты ата.

6.     Сый  қонаққа қандай    табақ  тартылады?

7.     Жеті  атаны   атаңыз.

8.     Жасау   дегеніміз  не?

9.     Мүше  алу  дегеніміз не?

10.  Бес  жақсыны  атаңыз?

     I – жүргізуші: (  Аслан  )

Көңілін  халқымның  таптық  бүгін

Емес  қой мынау  бізге  жат  күн  бүгін

Бір – бірлеп  сұрақ  қойып бақ  сынайық.

Байқайық  жеңешесі мен қайынсіңлісі  тапқырлығын  дей  келе  кезекті " Кім  жылдам және кім  шебер " кезеңіне  береміз.

II – жүргізуші: (  Ботагөз )

Кезекті  ән  кезегіне  берейік.

Ән:     орындаушы  7 сынып  оқушысы  Алтынхан  Мадияр.

I – жүргізуші: (  Аслан  )

Кезекті үй  тапсырмасы ( қол өнер )  кезеңіне  берейік.

II – жүргізуші: (  Ботагөз )

Кезекті  биге  берейік.  " Қазақ биі "орындаушылар   Жанатілекова  Зарина  мен  Есенгелдинова  Камшатқа  және Баймағанбетова.

I – жүргізуші: (  Аслан  )

Кезекті  салт – дәстүрге  берелік. Тұсау  кесер.  Босаға  аттату. Сүндет той. Қыз ұзату. Тоқым  қағар

II – жүргізуші: (  Ботагөз )

Сөз  кезегін  мектебіміздің  басшысы  Бектас  Серік  Мұқсынбекұлына  береміз.

I – жүргізуші: (  Аслан  )

Сонымен   сөз  кезегін  әділ – қазыларымызға  береміз.

I – жүргізуші: (  Аслан, Ботагөз  )

Қорытынды:  Құрметті ұстаздар,  қонақтар және  оқушылар &n

көп рахмет..бірақ маған таныстыру керек, сценарий емес!
...