Қазақстан емес, қазақ эстрадасында қай әншінің шоқтығы биік?

0 дауыс
936 қаралым
• Санаты: Жалпы сұрақ | 936 қаралым

1 жауап

+2 дауыс
Жеке әншіге баға бере алмаймын. Әр әнші өзіндік болмысы, өзінше ерекше. Бірақ мен ешкімнен ұялмай мынаны айта аламын. Қазақстанда [Музарт тобының][1] қазақтардың алдында, сыйлы да, шоқтығы биік топ деп еш қорықпас тан айта аламын. Ән тыңдағанда осы топтың әнін тыңдаған бір тамаша. Демалып, бір сергіп қаласың. Барлық әндері өте ерекше, жүрекке жол таба алады. Топтың әншілері Мейрамбек, Сәкен, Кенжебек барлығының дауыстары тамаша. Өте жақсы топ. Мен бір теледидардан документальді кино коріп тамашалап отырған едім. Сонда осы топ туралы сөз қозғалып қалды. Сонда былай деді: Дос-Мұқасан тобы қазақ әнінің ????-жылдары символы болған еді. Дос-Мұқасан тобынан кейін Қазақ эстрадасы біраз келеңсіз жағдайға түсетін шыгар деп ойған едік. Бірақ Музарт тобы қазақша әнді, қазақ эстрадасын жаңа сатыға көтеріп жаңғыртып, өзіндік іздерін қалдырып, қазақша әнді жаңғыртты делінген еді. (Сөздері толықтай емес, өз ойымммен жаздым мағынасын.)


  [1]: http://www.via-muzart.kz/kz/front

Ұқсас сұрақтар

127,946 сұрақ
322,838 жауап
153,169 пікір
72,946 қолданушы