+2 дауыс
5.5k көрілді
Қазір еуропада жылқы етінің дауы жайылып жатыр.Олар жылқы етін жемейді екен.Және бағасы сиыр етінен бірнеше есе арзан.Жақсы оларды қойшы.Ал бізде сиыр мен жылқы етінің кімге қайсысы жақсы екен?

9 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Өзімнің негізгі мамандығым мал дәрігері болғандықтан,осы сұрақ тура маған қойылғандай болды. Диетологтардың зерттеуі бойынша ең сіңімді жеңілжәне дөрумендерге бай, ол бұғы еті екен. Сосын жылқы еті,одан соң сиыр еті,соңынан қой, шошқа еті екен,  Жылқы етінде шеміршек аз арасына май жиналмайды.  Жылқы малы жасына қарай семіреді. жасы үлкейген сайын етінің майлылығы да арта түседі.Жалқыда май денесінің белгілі бір бөліктерінде жиналады. Олар Мойынның жоғағы жағы( жал,)  жетінші қабырғадан он жетінші қабырғаларға( 11-қабырғасынан қазы жасайды) дейін, сан етініңсырқы жағына , арнайы семіртілгендерінде ,қарынның айналасына , қартасына  жиналады. Жылқының еті ( (жая) эритроциттерге бай,сондықтан оның құрамында  гемоглобин белогы молынан бар. және қаны аз әлсіз адамдарға өте пайдалы. Жылқы еті  асқазанға түскен кезден бастап 3- сағаттың ішінде түгелдей қорытылады екен!!! Жылқы майының құрамында өте құнды, қанықпаған май қышқылдары бар, сондықтан тоңдамайды, тез ериді. Құрамы жағынан сапалы , емдік өсімдік майларына жақын, Қанықпаған май қышқылдары  адам ағзасындағы холестеринді ерітіп, кантамырларды тазартады. Халық медицинасында жылқы майы өт жолдарын тазартуға,буын суйек ауруларын емдегенде қолданып жүр . Жалпы жылқы майының емдіқ  қасиеті соңғы кезде медицинада үлкен қызығушылық танытуда  ,Ал сиыр етіне келетін болсақ , сйыр еті жылқы етіне қарағанда ұзақ қорытылады. Сиыр етінің майында қаныққан май қышқылдары басым. Майы тоңдап тұрады және организмге түскенде қайта холестериннің үлесінің артуына себеп болады.Сиыр етінде гемоглобин, белок , дәрумендер жылқы етіне қарағанда әлдеқайда аз. Сондықтан жылқы етін қалайсың ба, әлде сиыр еті ме , таңдау өзіңде!!!
0 дауыс
''ет жақсығой,болса,болмаса несі жақсы''.Анау жақсы,мынау жаман деп айтуға болмайды,бірақ жылқының еті  әрине дәмді
+1 дауыс
Сиыр етi жақсы! Өйткенi, сиыр етi жылқы етiнен жұмсағырақ әрi дәмдi!
0 дауыс
Жылқы еті жақсы адам денсаулығына пайдалы және сорпасыда пайдалы әсіресе қыс мезгілінде ішкен жөн ауырмайсың, жаурамайсың және иммунитетіңді көтереді
+1 дауыс
жылқының еті жақсы ,жесең тісіңе кіреді,жемесең түсіңе кіреді
0 дауыс
жылқынікі жақсы калориясы көп,жалпы ет жақсы  емеспа
0 дауыс
Сиыр,жылқы Маңғыстауда түйеге қарағанда аз, сондықтан түйе етін жейміз)) әрине басқа малдардың еті бар, дегенмен свежий емес,иісі жаман... Сондықтан түйе еті.
0 дауыс
Әрине жылқының еті. Оның қазысы қыандай керемет, дәмді әрі ем. Ал, оның етінен жасалынған қуырдақ тіл үйіреді. Өмір бойы аузыңнан дәмі кетпейді.
0 дауыс
Жылқының еті ең таза ет ! ............................
жас сиырдын еті немесе сурленген жылкы етінен артык ет жеген емеспін))))

Ұқсас сұрақтар

...