Итмұрын деген ағаш тектес, бұта ,раушан гүлдер тұқымдасына жататын өсімдік. Қазқстанда Жетісу өңірінде жабайы өсетін түрдері көп. Дәруменді дәрі- дәрмек алғанға арнайы өсіретін шаруашылықтар ОҚО да бар. Итмұрынның құрамындағы С дәрумені басқа дәруменді өсімдіктермен салыстырғанда ең көп. Құрамында басқада емдік қасиеті бар заттар жеткілікті. Дәрі -дәрмек заводтарында итмұрын жемісінен: Аскорбин қышқылы,Галаскорбин,Коротолин,Итмұрын сірнесі,Холосас сияқты дәрілер жасалынады. Итмұрын жемісі халық медицинасында да көптеп пайдаланылады.Одан күнделікті ішетін,витаминді сусын да дайындауға болады. Екі ас қасық кептірілген итмұрын дәнін шыны ыдысқа салып ,үстіне бір стақан қайнаған су құйып, су мошасында 40 минуттай бұқтырып қоясыз. Әлсін- әлсін араластырып,суыған соң жемісті сығып сүзіп аласыз, және үстемелеп қайнаған су қосып ,бұрынғы көлемге келтіресіз . Күніне екі рет жартысын таңертең, жартысын кешкі ас кезінде қабылдаса тұмаумен ауырмайсыз!