0 дауыс
28.7k көрілді

Қазақ жастары тәуелсіздіктің құнын жете түсініп, оның ғұмыры ұзақ болуы үшін ұлтқа қалтқысыз қызмет етіп, аянбай еңбек етуі керек. Бұл туралы филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының студенттерімен кездесуінде айтты.

– Әрбір қазақ Абайды білуі керек. Абайды білсе, пенделік жолдан қайтады. Қазір көп адамның көкейінде тек қарын тойдыру, киім киіну. Одан басқа мақсат жоқ сияқты. Аш қарын тойынар, бірақ оның рухани қазынасы болмаса, қуыс кеуде адам болып қалады. Біздің қаупіміз сонда. Жастарымыз қуыс кеуде болып қалмауы қажет. Дүниені өмір бойы жинап, ана дүниеге алып кеткен кімді көрдіңіздер?! Оның барлығы қалады. Сондықтан рухани қазынаға басымдық беру керек. Абайда 176 өлең, 3 поэма, 45 қарасөз бар. Ал оқысаң таусылмайтын қазына. Хакім бұл шығармаларын ақша үшін жазған жоқ, ол өз жан-дүниесін жазды. Оның ішкі әлемі қайырлы. «Ыза шығар білімнен, қайғы шығар ілімнен. Ыза мен қайғы қысқан соң, зар шығады тілімнен», деп өзі де айтқан ғой. Ол өзі өмір сүріп отырған заманның шындығын, зарын жазған. Сондықтан да оның мұралары өте терең, мәнді. Қазақтар үшін одан құнды, одан мағыналы дүние жоқ, – деді Мекемтас Мырзахметұлы.

– Ұлы ақын халқының мінез-құлқының бұзылып бара жатқанын көріп, «Толық адам» ілімін жасауға кірісті. Осы жерде Яссауи ілімі мен Абай көзқарасы бір арнаға құйылады. Түптеп келгенде, дәуірімізге дейінгі алтыншы ғасырдан Алып Ер Тоңға туралы жоқтау өлеңі біздерге жеткен. Сол кезеңде ахи деген аспанға көтеріледі. Онда ахилар қауымдасып өмір сүріп, өздері мен отбасынан артылған мал-дүниені жоқ-жітікке таратқан. Ахилық культі көтеріліп кетті. Бұл парсы не араб сөзі емес, түркінің жомарт сөзінің өзі. Міне, 11 ғасырда толық кемел адамның көрінісі Тұран жерінде дүниеге келді. «Кемел адам» ұғымы Араб түбегінде 12 ғасырларда пайда болды. Ал біздің бабаларымыз бір ғасыр бұрын бұл ілімді таратып үлгерді. Яссауи осы ілімді исламмен ұштастырып, әрі қарай дамытады. Ал, Абай толық адамын бізге жеткізді. Оны Шәкәрім жалғастырып, кемелдіктің нұрлы сәулесі Мағжанның да жүрегіне құйылып еді. Ол ерте солды. Сөйтіп қазақтың рухани әлемінде Яссауи жолы үзіліп қалды, – деп атап өтті М. Мырзахметұлы.

– Бұл дүниеде ең жаманы – бейқамдық. Біздің өмір сүріп отырған аумалы-төкпелі уақытымыз жайбасарлықты көтермейді. Сол себепті қазақ жастары тәуелсіздіктің құнын жете түсініп, оның ғұмыры ұзақ болуы үшін ұлтқа қалтқысыз қызмет етіп, аянбай еңбек етуі керек. Қолымызда тұрған алтынның қадірін біліп, бабалар аманатына қиянат жасамау басты парызымыз. Абайдың философиялық лирикасы мен ой толғамдары бізге алға жол сілтер шамшырақ іспетті болуы тиіс, – деді ол.

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Бұрынғы жастар қазіргі кәрілер,қазіргі жастар ертеңгі кәрілер екенін ұмытпасақ болды,бәрі өзі ақ орнына келеді.
Жастар өте тамаша,жаңалыққа жандары құмар,көрікті,келбетті жастар өсіп келеді.Қалғанының бәрі жүре түзеледі,уақыт өзі емші.Ертең кезі келгенде қазіргі кәрілердің айтқандарын осы жастар қайталап айтасыңдар,айырмасы сол заманның жастарына. Осыны дұрыс ұқсаңдар болды.
+3 дауыс
Жастардың бәрі тәртіпсіз! Үлкендерді сыйлауды білмейді! Автобуста орын бермек түгілі, бірдеңенің жөнін айтсаң, ұрсысып шыға келеді маңайына шаң жуытпай! Жас кезімізде қандай тәрбиелі едік, бұлар бұзылған, ішед, наркоман шеттерінен! Анау Васяның ұлын қараш, дұп дұрыс тірлігін жасап жүр, мынаны қараш, стройкіде арматур тасып, терезе қойып, зар платысын да дұрыс ала алмайд. Заман бұзылған, қайтейік енді! Біреулер пақанның ақшасын шашқанға мәз, біреулер сіңірі шығып құрылыста жүр на*. Қайдағы түріктің Ырым Жырым Йылдырымы сияқты көргенсіз актерлері бар сериал көред. //Біреудің баласына нез*й ұрсыватқан ұрсқақ тет Шұлықкүл Теккердің ұрсысынан үзінді. Негізі, мұндай пессимисттік пікірден аулақ болайық. Барлығын бүлдіретін осындай адамдардың теріс пиғылы мен тармаңдай ниеттері деуші еді ғой. Еуропа мәдениетінің (жалпы адамзат дамуы мен мәдени өрлеуіне) қалыптасуына үлкен үлес қосқан Дантестің (с) жарыққа шықпай қалған қойылымдарынан цитата.

Сцуко. От едік. Жалындаған өрт едік. Жандық. Өштік. Лапылдаған керосиннің жалынынан да күшті едік. Себебі, адамзатқа мейірімі төгілген, Құдай жар болғыр ақкөңіл амиголар мен әділетсіз сайқалдардың кесірінен арманда кеткен адамгершілігі мол көкелердің шығармаларымен сусындалып, өлеңдерін жарыса жаттап өстік. Осылай осылай адамгершілік қағидалары мен моральный уродтарға өмір бойы соққы берумен қарсыласып, түбінде иманымыздан айрылмай, имансыздарға берілмедік. Міне солай жаным, мен жастарға сенемін.* *Жұмабаев Мағжан.*  Әрі қарай өздерің тауып оқып алыңдар мұрттыбаймайттар кілең.
+3 дауыс
Қазіргі жастардың тәрбиесі бұрынғыдай емес,бұрында 50теңге үшін барлығын жасаушы еді қазір олай емес.Бірақ бұрынғы жастар арақ-шарап көп ішетін,қазіргі жастар ондай емес,барлығы спорт жағынан кеткен.Бірақ араларында Темекі шегетін,арақ-шарап ішетіндерде бар,бұрынғы уақыттан гөрі аз,бірақ қатты аз деп айта алмаймын.Және қазіргі жастар көпшілігі техника жағынан кеткендер.Және автобусда орын бермегені жаман,бір орын үшін кондуктормен қоса ұрысады.Бірақ бұрынғы жастар қазіргі жастарға қарағанда Жақсы!!!
+2 дауыс
-0 деген болар едім жастарда тәрбие жоқ себебі жезөкшеде соларда нашақорда соларда бандиттерде соларда бұлардың бәрі жастар 50-60 келгендер мұны жасамайды ол жаста шамаңда келмейді  ол имансыздықтың белгісі көп ойлайды жүрегім таза деп атасының басы таза,таза болған адам ата анасын қор қылмайды біреуге қолменде тілменде зиян бермейді қайссың айта аласың мен ата анамның бетінен келмеймін деп оларға қатты дауыс көтермеимін деп өздерің туып өсіргендей айқайлайсыңдарғой айта аласыңдарма мен ата анама олай жасамағанмын деп өз ата анаңды сыйламаған басқаны сыйлап қарық қылама,атыс шабыста кім жастар қыз зорлаған кім жастар қрып соққан кім жастар.Қазыр елім жерім деген патриот жастарды көріп жүреніміз жоқ
+1 дауыс
Таза бояуы жоғалмаған қазақ баласы ауылда тәрбиеленеді деген сөз өз мағынасын жоғалтқандай... қазіргі таңда ауылда тәрбиленіп жатқан ауыл баласы қандай деген де: ұрысқақ, ата ана силаудан қалған, үлкенге деген құрмет жоқ, аузынан шыққан сөздің мағынасын білмейді, көк бет, қырсық және тағы басқа теріс қылықтар. бұған себеб үйде тәрбие осылай беріледі, ертең қалаға барғанда қаланың балаларына желініп қалмасын деген ой да болуы мүмкін... бір ақ ол олай болмай жатыр... Ауылдан дәл осындай тәрбие алып келген бала қалаға келгенде тез бұзылып қала бұзақыларының қатарын толықтырады... демек бұзақы қала баласы болып есептеледі, бірақ оның тәрбие алған жері ауыл ғо?... міне сұрақ? сонда нағыз қала баласы қандай, әлде қалада тәрбиленген бала әдепті болам ма?... қалада тәрбиленген баланың бәрі әдепті болмайды, бірақ қалаға келген ауыл баласындай бұзылып кетпейді... қазақшаға шолақ болар бірақ мәдинеттілігі жоғары... және баласының болашағын ойлаған әрбір сауатты ата ана баласына қазақша үйретері қақ...
сонымен жастар мәселесі айтылғанда әуелі ауылдан қалаға келген жастар мен ауылда тәрбиленіп жатқан жастар мәселесі айтылу керек....
Қазіргі жастардың жане бұрынғы жастардың рухани байлығын,азығын салыстыруға мулдем болмайды! себебі қазіргі заманда жастар жалқау!
0 дауыс
Шынымды айтсам, барлық жастар жаман емес, мәселе бала тәрбиесінде, тәрбие басқаша, қазір кім бұлай істесем әкем олай істемейсің дейді деп өз айтқанынан бас тартады? әке отбасында ақылды, әрі ең сыйлы адам болу керек,  өмір өзгере бәрі қалпына келетініне сенімдімін, себебі қазір айтқандай өмір иә қиынырақ, бірақ жақсы тәрбиеленген АДАМ БАЛАСЫ бәрін де өзгете алады, қиындық көріп өскен адамға ақыл қалай қонбас? бәрі де есуас болып кеткен жоқ Ол үшін арғы түбіміз қазақ екенімізді ұмытпауымыз керек, қазіргі жастар деп бәрін тұтас сондай-сондай деп айта алмаймын, Жақсы адам жақсылыққа сенеді, ал жамандыққа сену бұл күнә деп ойлаймын, не болса да алдымызда жақсы нәрселер күтіп тұрады деп ойлау кедергі етпес, және Кобландыға қосыламын
...