Сәлеметсізбе. Егер сізге кеңес қажет болса, мына өлеңді оқып ой елегінен откізіп көріңіз Тағдырыма тура келген серігім
Тағдырыма тура келген серігім,
Мен бейбаққа сыйлады екен сені кім?!
Шар басымда, шаңырағым, сен тұрсың.
Басқалардың барлығынан жерідім.
Ауырлықтың көтердің-ау көбін сен,
Сенен келіп қуат алдым жеңілсем.
Сен – жер болдың, нөсер болып төгілсем.
Шұғыласың, қара бұлт боп көрінсем.
Мен – түн болсам, сен – таң болдың жаңа атқан,
Мені – қола, сені – шойын жаратқан.
Мен – ашу да, сен – ақылсың нәрі аққан.
Сен – Адамсың, мен аждаһа зәр атқан.
Білемін ғой, білмейді деп жүрсің бе?
Түсінемін кеудеңдегі дүрсілге.
Оңашада, жұрт көзінен жасырып,
Күрсінбеші, жалынамын, күрсінбе!
Әлі екеуміз аттанамыз сан жылға,
Күрсінбеші, қуаныш көп алдыңда.
Күрсінбеші, жүрегімді тыңдашы,
Талай-талай кереметтер бар мұнда!..
Авторы: Мұқағали Мақатаев
СІЗГЕ ЕШ МҰНАЙУҒА БОЛМАЙДЫ. Сізге айтар ақылым жігітіңізді ұмытыңыз. сіз ауылдасыз жігітіңіз басқа қалада. Мүмкін сіз жігітіңізді қатты сүйтін шығарсыз, бірақ дәл қазіргі сәтте мұңайғанда мұңыңызды бөлісетін, қуанғанда қуанышыңызды да бөлісетін қашанда жаныңыздан табылатын жанашыр жігіт табуыңыз керек. Менің сізге айтарым осы РАХМЕТ!!! САК САЛАМАТТА БОЛЫҢЫЗ