Жігіт:
Армысыздар, құрбы, жолдас достарым!
Жандарына серік қылған күн шуағын.
"Қозы көрпеш Баян сұлу"сайысында,
Ханшайымды алып міне келіп тұрмын.
Армысыздар әділ-қазы мүшелері,
Сыныбымның жарқыраған бір бағымын.
Білгенге жақ білмегенге тармысыздар,
Шынайы жүрекке шынайы баға берер.
Әділеттен жаралған жанбысыздар,
Таныстырсам өзімді ханзадамын.
Руым Қоңырат, батырлардың ұрпағымын,
Атым бар әкем қойған Құдірет деген.
Жеңімпаз болуға мен лайықтымын!
Қасымда Лаура сұлу қасын керген,
Сұлулығын табиғаттың алып келген,
Қошеметпен таныстырдым ханшайымды,
Ақ қайыңдай иіліп сәлем берген!!!
Қыз:
Әділқазы алқасы армысыздар!
Бейне бір жауатұғын қармысыздар.
Аруларға әділ баға беретұғын,
Әділеттен жаралған жанбысыздар?!
Атым - Лаура болады сұрасаңыз,
Қоңырат екен кешегі бір атамыз.
Әкем аты Жомарт асқар тауым,
Пана болып біздерге жүз жасаңыз!
Анашым ......... аяулы жан,
Жүзінен төгілетін күннің нұры.
Атыңа кір келтірмей өтсем сенің,
Мойнымнан түсер ме екен перзент жүгі..!
Ұстазым – Мейірхан ағай аяулы адам,
Біздерден бар білгенін аямаған!
Осындай ұстаздардың арқасында,
Көпшіліктің көңілі тояр маған!
Көп айтып өз жайымды не қылайын,
Өнеріммен одан да таң қылайын!
Кішіге үлгі, үлкенге өнеге боп,
Сахнаның төрінде сән құрайын!