Өзі сүйген қыздардың соры ғана деген К. Ахметова, Қыз сүйген қалады деп халық айтады, Бұл қыздар ғашық болмау керек дегенім емес. Ең дұрысы,өзіңді сүйгеннің қадірін білу,жақын тануға тырысу деп ойлаймын.Бойынан жағымды қылықтарын,қасиеттерін санамалап шығыңыз мүмкін сіздің ойыңыздағы адамға ұқсастық байқарсыз,тым болмаса өзіңізді сүйгені үшін жақсы көруге тырысып көріңіз,ол сонысымен сізді сүйе алмаған,бағаңызды білмеген адамнан бір саты жоғары қойыңыз.Сізсіз де өмір сүре алатын адамды қайтесіз,сізсіз болашағын елестете алмайтын адам тұрғанда. Жауапсыз болса да пайда болған сезіміңіздің тұтануына не себеп болды?мүмкін достықтан туындаған болар,ендеше сізді сүйген жанмен дос болуға тырысып көріңіз. Неге?Неге? деп шарқ ұрып жауап іздегеніңізден сізді сүйген адамды ұнату үшін өзіңізге мүмкіндік беріп көріңіз. Өйткені, сіз қойған сұрақ талайдың көкейін тесіп жүр. Ал сіз әрекет етіңіз. Тым болса бір адамның сезімін жауапсыз қалдырмаңыз.