+1 дауыс
332 көрілді
Бір мезетте 200-ден кем қолданушы отырмайтын осы СЖс бүгінде салғырттыққа салынып кеткен сияқты. Солай емес пе? Бір мәселе көтеріп, ағартушылық сайт болғасын қоғамға маңызды сұрақтар қоясың. Бірақ Қызып жатқан тіршілік көрмейсің. Сонда бұл сайтта отыратын пәлен адам сұрақ қойып, жауап алмаса не істеп отырады деп ойлайсың. Админнен бастап барша қолданушылардан сұраймын. неге олай? Сайтта неге қызу тіршілік сезілмейді???!!!

4 жауап

0 дауыс
Қолданушылар күннен күнге көбейіп келеді алдағы уақытта қызу тіршілік болады! Өзімде қатырып жауап бермесем де білетінімді айтам !
0 дауыс
> Қызып жатқан тіршілік көрмейсің

 дегенді қалай түсінуге болады?
Мәке, қойылған сұрақтарға жауап жоқ. Жаңадан қойылып жатқан сұрақтар да шамалы ғой!
Белгісіз
Көбісі жауап беруге ерінеді.
0 дауыс
Себебі адамдардың қолы бос емес. Өзің айтқандай қызу тірлік. Қолымыздан келгенше сайтқа кірудеміз.
0 дауыс

Шамамызға қарап білгенімізше жауап жазуға тырысып жүрміз, біреуге ұнар,біреуге ұнамас, ол Аллаға аян. Ал енді көптеген сұрақтар жауап жазуға тұрмайды, кейбіріне шама жетпей қалады. Осы сайтта Көркем,Назжан, Халық қызы,Елеке,Өнер адамы т.с. сияқты жақсы сұрақтар қоятын, WWWVVV, Вирус,Азамат, Ақжол,Елеке, Есболат,Мадияр т.с. сияқты жауапқа жақсы атсалысатын жігіттер де баршылық. Бұларға ешкім міндет артып,жазсаң да жазасың, жазбасаң да жазасың деп қойған жоқ. Өз ынталарымен ешкімге міндет артпай көпшілік деп қызмет жасап жүрген адамдар. Бір мезетте кіретін 200 қолданушының бәрі бірдей белсенді емес екені анық қой, ал жауап жазуға құштарлары саусақпен санарлықтай ақ. Тағы бір айтарым сұрақ беріп, жауап алмаса неге отыр дегенге келіспеймін, күнделікті сұрақтардың елу пайыздайы өз жауабын тауып жатады, оған жақсы жауап деп белгіленгендар дәлел бола алады. Ауызды қу шөппен сүртіп жылай бергенде бізге жауапты орыстар, украйндар жазып бере ме? Одан да бәріміз шамамыз келгенше бір адамдай ат салысып біріміз сұрағымызды жазып, енді біреулеріміз білгенімізше жауап беріп сайтымызды өркендетуге тырысайық. Сенде құр сынағанша жауап жазуға тырыс, білмегенімізді үйренуге дайынбыз.

Жақсы айттыңыз Аға)Көш жүре келе түзеледі!Бәрі жақсы болады)
...