0 дауыс
457 көрілді
Осыдан 40  жыл бұрын жазылҒан роман. Кезінде фантастика болып есептелген, өзім жақын арада оқып қатты әсер алдым! Өмірде болып жатқан көп_нәрселерге көзқарасым өзгерді десем де болады.

1 жауап

+3 дауыс
рас па? Электронды түрін ба әлде кітабын сатып алдың ба? негізгі түпнұсқа қай тілде? басты кейіпкер саған несімен ұнады?????
Электронды түрі емес, кітабын алып оқыдым! Түп нұсқасы ағылшын тілінде , менің оқығаным орысша аудармасы.Ағылшынша  адаптированный болмаса, онша көп оқымаймын. Мен басты кейіпкер Чарлиді ұнады деп айта алмаймын, бірақ жаратушы адамның болмысын қалай жаратты, оны өзгертуге жаратушының ғана яғни ,біз үшін АЛЛАНЫҢ құдіреті жетеді.Негізінде басты кейіпкер, Чарли ақыл есі кемістеу болып туылған адам, бірақ ақылды болуға іңкәр.  Ол өзіне тәжрибе жасауға ғалымдарға рұқсат етеді. Миға операция жасалып, оның интеллекті  , өзін емдеген профессорлардан да асып кетеді. Бірақ, кейін бәрі сәтсіз аяқталады.Оқып көр, мүмкін саған да қызық болар! Мүмкін кемпірлерге деген  көзқарасың да өзгерер !Ренжіме ,ӘЗІЛ деп түсін!!!
Әзіл көтере білмейтінім бар кейде қырсықтанып.... хмм дұрыс -ақ мен осы сюжетті корей фильмін көргенмін.... тап осы кітаптың көшірмесіндей... басты кейіпкер ұмытпасам-Харун...
Мүмкін! Қазір киноларға арнап сценерий жазып түсіре береді ғой. Жақында шыққан біздің" ШАЛ " фильмінің де сценариі  Эрнест Хемингуейдің  " Старик и море "деген романынан жазылған. Киноларды онша көрмеймін кобіне кітап оқығанды ұнатамын, онда да әлемдік әдебиетті.
...