Темекі әрине ӨТЕ көп зиян тигізеді - ағзаны улайды, бауыр отырады, дауыс өзгереді, жыл сайын дем алу қиындай түседі, асқазанның керекті дәрумен алуға шамасы нашарлайды, (Көмекей және өкпе рагына тап болушылардың 90 пайызының себебі темекіден) Күніне бір қорап темекі қолданғанның ағзасына 700 гр смола түседі екен ал смола ағзаның зат алмасу процестерін айтарлықтай баяулатады Ренжімеңіз бірақ бұл шындық жыл көп жыл шегіп келгендерге қарағанда дым емес ер адамсыз ғой қой қоюға тырысыңыз себебі өз денсаулығыңыз өз қолыңызда Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) қасиетті сөздерінде айтылғандай, адам өз денсаулығын қорғауға, оны бұзып, уландыратын әр нәрседен аулақ болуға міндетті еді.
*Ас қорытуға
Асқа деген тәбетті қайтарады.
Ас қорытуды қиындатады.
Тісті сарғайтып, ауызды сасытады.
Асқазанда жара пайда болады.
Ерін, тіл және өңеш рагына жол ашады.
Тыныс алуға
Темекі
Жөтел және қақырық пайда болады.
Созылмалы тыныс жолдары қабынуына әкеліп соқтырады.
Көмекей және өкпе рагына тап болушылардың 90 пайызының себебі темекіден.
Қан айналымына
Тамырды қатайтады (атересклероз).
Қол – аяқ тамырлары бітеді, гангрена (тән талшықтарының жансыздануы, шіруі) пайда болып, қол – аяқ кесіліп, кемтарлыққа дейін апарады.
Миды қамдайтын тамырларды да қатайтып, салдануға себепші болады.
Жүрек ауруларына, әсіресе жүрек бұлшық еті инфарктіне (жүрек ұстамасы) қолайлылық туғызады.
Басқа да зардаптары
Есте сақтау қабілетін азайтады.
Көңілсіздікке душар етеді.
Ұйқыны азайтады.
Теріге әжім түсіреді.
Темекі тартатындардың төңірегінде темекі тартпайтындар да уланып, мазасызданады.
Ер - әйелдің жыныстық тәбетсіздігінің басты себептерінің бірі.
Өте ескерусіз келе жатқан және бір зияны, темекінің өртке себепші болуы.*
ТОЛЫҒЫРАҚ МЫНА САЙТТА http://kk.wikipedia.org/wiki/Темекіstrong text