0 дауыс
17.4k көрілді
Орыс тілінен қазақ тілінің үндестік заңына бағынып енген сөздерді тауып беріңіздерші.Алдын ала рахмет айтамын!!!!!(blush)
маған да керек еді
мында жоққой

4 жауап

0 дауыс
Кәмпит, тәрелке, бөтелке, жәшік,зауыт, самаурын
0 дауыс

ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕГІ ЗАТ ЕСІМНІҢ КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазақ және орыс тіл білімдерінің сан салалы теориялық  ұстанымдары бүгінгі күнде аудармаға қатысты зерттеулердің негізгі бағыт-бағдарын анықтауға, маңызды қорытындылар шығаруға мүмкіндік беретіндіктен, бұл тілдердегі материалдарды бір-біріне шебер аударудың жалпы және жеке лингвистика шеңберіндегі өзіндік заңдылықтарын сұрыптау және осы тұрғыдағы жұмыстардың өзге ізденістер қатарында алар орнын нақтылау қажеттігі ғалымдардың алдына тың  мәселелер қойып отырғаны даусыз.

Тіл білімінің қазіргі даму кезеңі құрылымы әртүрлі тілдерді салыстыра-салғастыра зерттеуге деген қызығушылықтың артуымен сипатталады. Қазіргі тіл біліміндегі өзара туыс және туыс емес тілдерді салыстырмалы-салғастырмалы тіл білімінің ұстанымдары мен әдістемелерін кең қолдана отырып зерттеу – отандық және шетелдік тіл біліміндегі ерекше дамып келе жатқан жаңа бағыттардың бірі.

Қазақ және орыс тілдерінде зат есім – заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Күнделікті өмірде кездесетін  жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен оқиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды. Мысалы:  аспан, күн, ауа, тас, дала, құс, су, небо, воздух, солнце, вода, степь, прица  деген сөздер де зат есімге жатады.

Зат есім деп аталатын сөздердің өздеріне тән морфологиялық ерекшеліктері бар. Қазақ тілінде зат есім сөздер өздерінің лексика-семантикалық сипаттарына қарай сөйлемдегі өзге сөздермен еркін қарым-қатынасқа түсетіндіктен, сол қатынастарға қажетті көптік, тәуелдік, септік және жіктік жалғауларын қабылдап, түрленіп отырады. Мысалы: бала-лар-ы-мыз. Орыс тілінде де лексика-семантикалық сипаттарына байланысты сөйлемдегі өзге сөздермен еркін қарым-қатынасқа түсуіне орай көптік, септік жалғауларын, тек (род) категориясы жалғауларын (көптік формада ғана қолданылатын зат есімдерден басқалары: сани, сливки) қабылдайды.

Екі тілде де атау тұлғалы зат есім сөйлемде бастауыш қызметін атқарады. Мысалы: Студенттер сабаққа келді. – Студенты пришли на занятия. Зат есім сондай-ақ толықтауыштың да қызметін атқарады. Мысалы: Біз қаламмен жазамыз. – Мы пишем ручкой. Орыс тілінде зат есім сөйлемде анықтауыштың да қызметін атқарады (қиыспайтын анықтауыш – несогласованное определение). Мысалы: М.Әуезовтің романы – роман М.Ауэзова. Орыс тіліндегі қиыспайтын анықтауышқа (несогласованное определение) қазақ тілінде изафеттік тіркес (ілік септік пен тәуелдеулі зат есімнің тіркесі) сәйкес келеді: стихи поэта – ақынның өлеңдері. Зат есім сөйлемде пысықтауыштың да қызметін атқарады. Мысалы: Оқушылар мектепте болды. – Ученикик были в школе.

Қазақ тілінде семантикалық және грамматикалық сипаты жағынан зат есімдер адамзат есімдері және ғаламзат есімдер, жан-жануарлар мен заттардың атаулары деп екі топқа белінеді. Адамзат есімдері деп аталатын сөздер тобына кім? деген сұрақ қойылса, ғаламзат есімдері тек не? деген сұраққа жауап береді. Кім? деген сұраққа жауап беретін зат есімдерге жалпы адам атаулары, туыс атаулары, іс-әрекет пен кәсіп-мамандық иелерінің атаулары, лауазым атаулары, адам аттары т.б. адамға тән атаулар жатады. Не? деген сұрақ адамнан басқа барлық жан-жануарлардың атауларына, деректі, дерексіз заттар мен заттық ұғымдардың атауларына қойылады (қуаныш, ағаш, ой, ақыл, аққу т.б.). Ал орыс тілінде жанды зат есімдерге адамға байланысты барлық атаулар, хайуандар, құс атаулары, яғни барлық жандылар жатады да, кто? деген сұрақ қойылады, жансыз зат есімдерге барлық заттық ұғымдардың атаулары, дерексіз зат есімдер, өсімдік атаулары жатады да, что?деген сұрақ қойылады. Мысалы: стол, счастье, шиповник т. б. [1, 95].

Орыс тіліндегі зат есімдердің бір морфологиялық ерекшелігі: атау тұлғада тұрғанда-ақ олардың құрамында тектік жалғаулары болады. Мысалы: книга, ребенок, поле деген сияқты. Осыған орай олар (зат есімдер) үш топқа бөлінеді. Оны орысша род деп атайды. Орыс тілінде ер тегіне (мужской род) мынадай зат есімдер жатады: а) негізгі түбірі жуан дауыссызға аяқталатын және жекеше формада атау септігінде тұратын зат есімдер: орман (лес), пышақ (нож) т.б.; ә) негізгі түбірі жіңішке дауыссыз бен «йот»-қа аяқталатын зат есімдер. Мысалы: конь (ат), ключ (кілт), герой (батыр) және путъ (жол). Әйел тегіне (женский род) мына зат есімдер кіреді: а) жекеше формада   атау   септігінде  -а (-я) жалғауларына аяқталатын зат есімдердін көбі: земля (жер), весна (көктем) т.б.; ә) негізгі түбірі жіңішке дауыссызға аяқталатын зат есімдердің кейбіреулері: тень, степь, ночь т.б. Ортақ текке (средний род) темендегідей зат есімдер жатады: а) -о(-е)-ге аяқталатын зат есімдер: окно (терезе), поле (дала) т.б.; ә) -мя-ға аяқталатын 10 зат есім сөз: племя (тайпа), темя (төбе), имя (ат), семя (дән), стремя (үзеңгі), время (уақыт), бремя (ауыртпалық), вымя (желін), пламя (жалын), знамя (ту); б)        кейбір септелмейтін зат есімдер: жюри, рагу, какаду, такси,пальто, манто т.б.

Ер адамдарға байланысты кейбір зат есімдер мағынасына қарай ер тегіне (мужской род) жатады: мужчина, малъчшика т.б. Бірақ биологиялык тектің грамматикалық текке (родқа) еш қатысы жоқ. Ер тек (мужской род) категориясына септелмейтін мына сияқты зат есімдер жатады: маэстро т.б. Кірме сөздер орыс тілінің жоғарыда айтылған заңдылықтарына бағынады. Ер және әйел тегін төмендегідей белгілер арқылы да ажыратуға болады: а) лексикалық тұрғыдан: отец – матъ, муж – жена, сын – дочь, мальчик –девочка, конь – кобыла, петух –курица т. б. Бұл сияқты коррелятив сөздер қазақ тілінде де бар: құда – құдағи, ер – әйел, құнан – құнажын, ұл – қыз т. б. Бірақ бұлар тектік көрсеткіш емес; ә) морфологиялық тұрғыдан, яғни сөз жасаушы қосымшалар арқылы: учитель – учителъница, старик – старуха, ученик – ученица т.б. Орыс тілінде әйел, ер, ортақ тек категорияларынан басқа жалпы тек категориясы (существительные общего рода) деген бар.Жалпы тек категориясына мынадай зат есімдер жатады:  а) ер адамдар мен әйелдерге  бірдей қатысы бар, -а(-я), -га(-ка)-ға аяқталатын зат есімдер. Мысалы: гуляка, плакса, тихоня, бродяга, белоручка, разиня, грязнуля,  т. б. Бұлар септелгенде әйел текті зат есімдер сияқты септеледі; а) мамандық атаулары: судья, коллега т. б.; ә)        еркелетіп айтылатын зат есімдер: врунишка, шалунишка т. б. Тек категориясы жекеше формада тұрған зат есімдерге ғана тән. Қазақ тілінде тек категориясы жоқ [2, 127].

Қазақ және орыс тілдерінде зат есімдерге жекеше, көпше форма тән. Жекеше форма заттың біреуін немесе бірнеше заттың жиынтығын атайды. Қазақ тілінде заттың біреу емес, көп екенін білдіру үшін, яғни көпше форманы көрсету үшін көптік жалғаулары (-лар-лер, -дар-дер, -тар-тер) қолданылады. Мысалы: мектептер, адам-дар т.б. Орыс тіліне де көпше форманы білдіретін көптік жалғаулары тән (-а, -я, -ья, -и, -ы, -е). Мысалы: окна, поля, звенья, матери, отцы, граждане т.б.

Орыс тілінде тек қана жекеше формада қолданылатын  зат есімдер болады. Қазақ тілінде де тек жекеше тұлғада қолданылатын зат есімдер бар. «Олар көптік мәнді есімдер деп аталатын өз алдына дербес категория болып танылады» дейді А.Ысқақов [3, 254]. Көптік мәнді зат есімдерді топтауда қазақ тілінде кейбір айырмашылықтар кездеседі.

Қазақ тілінде тек қана көпше түрде қолданылатын зат есімдер кездеспейді.

Ал орыс тілінде ондай зат есімдер төмендегідей топтастырылады: 1. Жұп болып келетін зат есімдер: брюки, ножницы, шипцы т.б. 2. Заттың жиынын топтап атайтын зат есімдер: боеприпасы, детвора т.б. 3. Заттың салмағын, жасалған затты білдіретін зат есімдер: дрожжи, чернила т.б. 4. Топтау мағынада берілген дерексіз зат есімдер: сумерки, бега т.б. 5. Кейбір жалқы зат есімдер: Сарыозеки, Сокольники.

Қазақ тілінде тәуелдік мағына морфологиялық жолмен, яғни жақтық жалғаулар арқылы беріледі: 1.   Тәуелдік жалғаулар арқылы: менің досым, сенің досың т.б.2.   Меншіктілік мағынаны білдіретін -нікі, -дікі, -тікі жұрнақтары арқылы: кітап менікі, үй сенікі т.б. Бұл жұрнақтардың ерекшеліктері мынадай: а) сингармонизм заңына бағынбайды; б) меншіктелетін затқа емес, иесіне жалғанады. Ал орыс тілінде тәуелдік мағына синтаксистік жолмен беріледі: 1. Тәуелдік есімдіктер арқылы: мой друг, твой друг т.б. 2. Тәуелділік сын есімдер арқылы: отчий дом, бабушкин платок т.б.

Септік агглютинативті тілдер тобында да,  флективті тілдер тобында да маңызы зор грамматикалық категория болып табылады. Түркі тілдерінде септік категориясы форма тудырушы категория болып есептеледі, тек қана сөздер арасында грамматикалық байланыс қызметін атқарады. Қазақ тілінде 7 септік, орыс тілінде 6 септік бар. Қазақ тілінде жатыс септігінен басқа септіктердің бәрі септеулік шылаулармен қатар қолданылады. Ал орыс тілінде атау септігінен басқа септіктердің бәрі септеулік шылаумен бірге пайдаланылады. Орыс тілінде предложный падеж айқындауыш және мекендік мағыналарды білдіреді (изъяснительный, местный). Предложный падежде негізгі қызметті септеулік шылаулар атқарады, ал басқа септіктерде шылаулар негізгі мағынаны нақтылаушы, толықтырушы ретінде қолданылады [4, 57-59].

Қазақ тілінде септіктерді мағынасы мен синтаксистік қызметіне қарай екі топқа топтастырып қарастыруға болады: мекендік мағыналы және грамматикалық мағыналы септіктер. Мекендік мағынадағы септіктерге барыс септік, жатыс септік, шығыс септік жатады. Ал грамматикалық мағынадағы септіктерге атау септік, ілік септік, табыс септік, көмектес септік жатады. Бірақ мекендік мағынадағы септіктер грамматикалық мағына да білдіреді. Мысалы: Б.с. – шешеме, ойға т.б. Ал орыс тілінде септіктер тек қана грамматикалық мағынада қолданылады. Екі тілде де сөздердің жалғауларды қабылдап, өзгерту жүйесі сөздердің септелуі деп аталады. Қазақ тілінде зат есімдер және олардың қызметін атқаратын басқа есім сөздер тәуелденбей де, тәуелденіп те септеле береді.

Қазақ тілінде септелмейтін зат есім сөздер жоқ. Мысалы: палъто, палътоның, пальтоға т. б. Орыс тілінде бірталай кірме сөздер септік жалғауларын қабылдамайды, яғни септелмейді. Мысалы: кофе, алоэ, резюме, шоу, метро, фойе т.б. Кейбір украин және басқа да ұлттардың фамилиялары да септелмейді: Гюго, Верди, Короленко, Шевченко т. б.

Қазақ тілінде септік жалғаулары сөздің соңғы дыбысының әуенімен үндесіп жұмсалады. Яғни септік форманттарының үндестік заңы және ілгерінді ықпал заңдарына сәйкес қалыптасқан фонетикалық варианттары бар. Мысалы: септік  -ның, -нің, -дың, -дің, -ңа, -ке, -дан, -ден, -тан, -тен. Тек көмектес форманттары ғана үндестік заңына бағынбайды: пышақпен, тіспен. Орыс тілінде мұндай фонетикалық варианттар жоқ. Оның есесіне мұнда жалғаулардың морфологиялық варианттарыбар: -ом, -ой, -ем, - а, -я, -ы т.б. Зат есім қазақ тілінде көптік, тәуелдік жалғаулы тұлғада тұрып септеле береді. Мұның өзі септіктердің өрісін кеңейтеді [5, 135].

XX ғасырдың екінші жартысынан басталып, бүгінгі таңда салыстырмалы және салғастырмалы тіл білімі ретінде өз алдына лингвистикалық жеке сала ретінде қалыптасып отыр. Осы саланың басты бір тармағы ретінде қазақ және орыс тілдерін салғастыра зерттеу тілдерді оқыту әдістемесінің негізі болып саналады. Мақалада қазақ және орыс тілдеріндегі зат есімнің құрылымдық және мағыналық сипаты мен қолданысын салғастыра зерттеліп, олардың жалпы жақтары мен өздеріне тән ерекшеліктерін анықталып, сараланды.

0 дауыс
Қай тілдің болса да, сөздік құрамы өзінің даму барысында басқа тілдерден енген сөздермен де толысып отырады. Бір тілден екінші тілге сөз ену тарихи жағдайға және экономикалық, сауда, мәдени қатынастарға байланысты болады. Мұндай мемлекетаралық қатынастар халықтардың бір-біріне зат алмастыруымен қатар, ол заттардың атауларын да ауыстыруға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік жағдайға және мемлекетаралық қатынастарға байланысты, мысалы, орыс тілі мен қазақ тіліне енген сөздер өте көп.

Мысалы: ескі грек, рим мәдениетінен келе жатқан республика, диктатура, милиция, грамматика, механика, лаборатория, формула, газет, почта, кабинет, бюллетень, симфония, касса, кассир, балкон, опера; грек, латынша: геометрия, физика, экономика, термометр, телеграф, телефон, телевизор; ағылшын тілінен: чемпион, руль, рельс, клуб, вокзал; француз тілінен: бюро, депо, партизан, авангард, метр; неміс тілінен: штраф, мундир, офицер, штаб, матрас т. б.

Бұл сөздердің барлығы қазақ тіліне орыс тілі арқылы енген. Сонымен катар, казак тілінің қанына сіңіп, тіліміздің байлығына айналған, жалпыхалықтық сипат алып кеткен араб, парсы тілдерінін сөздері де бар: алгебра, нашатырь, әдебиет, дәптер, кітап, калам, сәлем, сағат, мектеп, өмір, Отан, бала, ұстаз, мұғалім т. б.
0 дауыс
Жəшік, самаурын, кəрзеңке,  кереует, бəтеңке, сөмке, тарелке, стақан, шəйнек, сот, бөрене, кəмпит
...