Жауап жазған қолданушылардың көбі дұрыс түсінбеген сияқты сұрақты.Латын әліпбиіне көшкенде қазақ тілін жоғалтамыз дейді.Қазақ тілі жоғалмайды.Онда тек латын ӘЛІПБИІ делінген латын тілі емес.Сондықтан шошудың қажеті жоқ.Өз басым латын әліпбиіне әлдеқашан,сонау тәуелсіздік алған жылдары көшу керек еді деп ойлаймын.Ертерек қолданысқа енгізгенде әріптері ұқсас ағылшын секілді шет тілдерін үйрену,латын әліпбиін пайдаланатын түркі тілдес халықтармен қарым-қатынасымыз жеңілдей түсер ме еді бәлкім.Ал қазіргі кезде көшу қиын шығар.Өзіңіз ойлап көріңіз тұтас әліпби түгілі,бір қала не өкілетті органның(мысалы милицияны полицияға) атауын өзгертудің өзі қанша машақатты,қағазбастылықты,қаражатты талап ететінін.Жалпы латынша жазуға көшуге оң көзқарастамын,бірақ кешігіп қалдық кой деймін.