0 дауыс
489 көрілді
Торрент дегеніміз не?

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
http://zhanaoi.kz/blog/183
Торрент деген не?

Торрент – 2001 жылы жасалған файлдардың өте оңай  жіберілуін қамтамасыз ететін ерекше бағдарламалық қамсыздандыру. Оның ерекшелігі, желіде файлдар бірден емес, бөлшек-бөлшек түрде жіберіледі. Барлық бөліктер жиналғанда, торрент оларды компьютердегі бір ізделетін файлға біріктіреді.

 


Торрент трекер деген не?

Музыкалар, фильмдер, ойындар, әр түрлі бағдарламалар, кітаптары бар файлдарды орналастыру үшін торрент-сайттар – трекерлер жасалады. Дәл осы жерде әр қала, әр мемлекеттегі қолданушылар файл айырбастауды жүзеге асырады – оларды таратады.



Торрентегі үлестіріп беру деген не?

Трекер қатысушылары арасындағы файлдарды тарату үдерісі. Кез-келген торрент-трекердің басты қағидасы: өзің жүктесең, өзгеге тарат.Файлдар серверге жүктелмейді – олар трекер қатысушыларының арасында әрқашан табысталады. Сол үшін де, егер қолданушы файл жүктеп, басқа қатысушыларға  таратпаса, оған жүктеу үшін берілген лимитті тауысады және сервистің өзге де қызметтерін пайдалана алмайды.

 

 

Торрент файл деген не?

Торрент файлде сізге қажетті файлды жүктеуге арналған ақпараттар бар. Оны клмпьютерде сақтап, клиенттің көмегімен ашу арқылы жүктеуді бастай аласыздар. Торрент файлдармен компьютерде жұмыс істеуге арнайы осы үшін жасалған бағдарламаны жүктеу қажет (клиент): BitComet, BitSpirit, µTorrent


Торрент файлды жүктеу ғана емес, оны басқа адамдарға тарату үшін жасап шығара аласыз. Бұл тек жақсылық жасау емес, сол арқылы өзге қатысушалардан файлдар жүктеу мүмкіндігі. Көп берген сайын, көп аласыздар.
 

 

Торрентегі  пирлар деген не?

Пир – торрент-файлды таратуға қатысатын адам. Оны жүктеу, сол мезетте басқаларға береді.

 

 

Торрентегі сидтар деген не?

Сид – файлға толығымен ие адам. Ол жүктеп алды, енді тек таратады. Файлдарды жүктеудің жылдамдығы сидттардың санына байланысты болады.
Толық жауап, ЖЖ таңда МАХОНИ)

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
+1 дауыс
2 жауап
Белгісіз 14.02.2015 Ұялы телефон сұрақ қойды
...