0 дауыс
56.0k көрілді
Достар  маған тез арада Абай Құнанбаев туралы реферат керек? 7-10 беттік болса??

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы.

Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ыргызбай, Көтыбақ, Топай.

Ана айтқанындай, шынында, бұлардың ішінде Ыргызбай ортасынан оза шауып, ел басқарған. Ыргызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болғандықтан, "Ісің адал болса Өскенбайға бар,арам болса Ералыға бар” деген мәтел сөз қалған.Өскенбайдың әйелі Зердеден Құнанбай туады.

Құнанбай 4 әйел алған адам. Оның бәйбішесі Күңкеден – Кұдайберді, інісі Құттымұхамбетке айттырылып, қалыңдық кезінде жесір қалған соң өзі алған екінші әйелі: Ұлжаннан – Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан – Халиулла, Ысмағұл туады. Қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ. Абайдің " Атадан алтау, анадан төртеу едім дейтіні осыдан. Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған "кәрі әжесі” Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, мінезі көнтерлі, әзіл-қалжыңга шебер, жөн-жобага жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы’ тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Ол енді дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады, Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди’, Хафиз, Фзули сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарына бауыр басады. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы "Приходская школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады. Абайдың басқа балалардан алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілдік-билік жұмыстарына араластырмақ болады. Сөйтіп 13 жастағы Абай ел ісіне араласады.

Абайдың өмірбаяны.

Абай бала кезінде ширак, пысық болмағанымен, елдегі шешен, ақын, ертегішілер әңгімесін тез ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен ерекшеленген, Шортанбай, Дулат, Бұқар жырау, Марабай, Шөжелерді тыңдап өскен. Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін ортада өскен кісі. Оның ағасы (әкесі Тұрланның інісі) Тонтайдың өлерінде кожа-молдаларға карап: "Жазыла-жаэыла қожа-молдадан да ұят болды, енді өлмесек болмас",—дегені халық аузында мәтел болып кеткен. Құнанбай кажыныңда кеңінен толғап сөйлер тереңдігі, өз тұстастарының ғана емес, шетелдік саяхатшылардың да назарына іліккен; Құнанбай қажы "Ескітам" деген қоныстан медресе салдырып, өзінің және туыстарының балаларын окытқан. Абай сегіз жасында өуелі сол "Ескітам" медресесінде дәріс алып, ауыл молдасы Ғабит-ханнан оқыған. Әкесі онын зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқо толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Онда 3 жыл окыған, Медресенің үшінші жылында ол осы қаладағы "Приходская школаға" да қосымша түсіп, онда 3 ай орысша оқиды. Бұл тұста М.О. Әуезовтің "Өзі тұстас үлкен-кіші балалардың барлығынан сонағұрлым зейінді, ұғымтал жөне ерекше ықыласты болған. Дәрісте арабша кітапты молдасының бір окып, бір-ақ рет түрікшеге аударып берген сөздерін кі-тапка қарамай жатқа айтып шыға алатындай зерек бола-ды. Сонымен дәріс үстінде оқылатын сабақтарды ұғып білу Абайға өзге балалардан анағүрлым оңай тиген. Көп уақытын алмаған. Сондықтан барлық артылған уақытын Абай өз бетімен өзі сүйген кітаптарын оқуға жұмсап, көп ізденуге салынады. ...Оқуға кірген соң-ак, тез есейіп, ілім қуған кісінің калпына оңай түсіп кеткен. Оқыған кітаптың көбіне сынмен карай білетін, сезімді окушы бола бастаған. Өзінің әбден сүйіп, тандап оқыған ірі акындары болады. ... Сол бала күнінде жаттаған кейбір өлеңдері ұлғайып, көрілікке жеткен уақытына шейін есінен шықпаған, ұмы-тылмаған" деген тұжырымы болашақ ұлы ақынның калып-тасу кезеңін айғақтайды. Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми, тағы басқаларды оқыса, екінші жаганан А.С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. Лермонтов, Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенов, Н.Г.Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, түрлі ғылым салалары бойынша зертгеулер жүргізілді. Есейген шағында, осы өзі оқыған философ, ақын, ғалымдармен тең дәрежеде пікір таластырып, олардың ішінен ірі ақындардың өзіне әсері болған кесек туындыларын қазақ тіліне аударған. Аударған өлеңдері көркемдік жағынан негізгі нұсқасымен тең түсіп, кейде асып та жатады. Құнанбай Абайдың өзге балаларынан ерекше зеректігін ерте сезіп, оны әрі карай оқытпай кайтарып алып, ел ісіне араласуға баулиды. Сөйтіп 13 жастағы Абай әке ықпалымен әкімшілік-билік жүмыстарына араласады. Ол әке касында болған жылдарда қазақ даласындағы әлеуметтік өмір қайшылықтарын жан-жақты тани түседі. Патша үкметінің отаршылдық саясаты мен пара-қор орыс әкімдерінің, жергілікті жарамсақ болыстар әрекеттерінің халық тағдырына кеселді, зияндылығын айқын түсініп, соған карсы батыл қимылдар жасаған. Алайда оның тамыры тереңде жатқанын, отарлау жүйесінің бел алып, елдің кұрсауда қалғанын сезіп күйзелген. Патша үкіметінің отаршылдық саясаты мен оның аярлығын түсінбей өзара қым-қиғаш айтыс-тартыска түскен, танымы таяз болыстар мен ел билеушілеріне қарсы күресуге бел буған Абай болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады. 1875 — 78 ж. Қоңыркекше еліне болыс болады. Бұл жылдары ез қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразысын тең үстауға кұш салды. Абай кейіннен, 1886 ж. Е.П. Михаэлистің ұсынысымен, Семей облыстық статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланды. Абай 1880 ж. И. Долгополов, А. А. Леонтьевпен танысып, олармен тығыз қарым-қатынаста болған. Абай ел ісіне араласқан жылдарыңда әділеттілгімен, білімділігімен көрініп, халық арасында беделі өседі."

Саясаткер Абай.

1885 ж. мамыр айында Шар өзенінің бойындағы Карамола деген жерде Семей ген.-губ. Цеклинскийдің басқаруымен Семей губ-на қарайтын 5 уездің 100-ден астам би-болыстары бас қосқан төтенше съезі өткізілді. Осы съезде төбе би болып сайланған Абайға "Семей казақтары үшін қылмыстық істерге карсы заң ережесін" өзірлеу тапсырылды. Абай бастаған комиссия барлығы 93-баптан тұратын ережені 3 кұн, 3 түнде әзір етті. Бүл казақ кауымындағы әдет заңдарына да, патша өкіметінің халықгы канаушылыққа, зорлық-зомбылықка негізделген заңынада үқсамайтын, езгеше кұжат еді. Оның, әсіресе, ұрлық, қылмыс пен өйел мөселелер-не арналған баптары ерекше құнды. Бірақ Абайдың беделін өсірген Қарамола съезінен кейін оның қарсыластары көбейіп кетеді. 1890ж. Байғұлақ, Күнту деген кісілер бас таған 16 атқамінер Жиренше қыстауының шетіндегі Ши деген жерде Абайға карсы дұшпандық әрекетке сөз байласады. 1891 ж. Оразбай бастаған дау 1897 жылға дейін созылады. Бұл шиеленістің аяғы 1898 жылғы Мұқыр сайлауындағы жанжалға, Абай өміріне қастандық жасауға әкеп соқтырады. Ақын бұл жанжалдың барша жиренішті сырын, өзінің ақ екендігін Сенатка жазған хатында айғақты деректермен дәлелдеп береді". (Абай. Эн-циклопедия. А., 1995,49-бет). Ел баскару қызметінде барын-ша әділ болып, халық камын ойлаған, "тура биде туған жок, принципті ұстанған. Ғұмырының соңына қарай пенделік шаруалардан бойын аулақ салып, уақытының көбісін шығармашылыкка арнаған. 

Абай үш өйел алған. Бәйбішесі Ділдәдан-Ақылбай, Әбді-рахман, Күлбадан, Әкімбай, Мағауия, Райхан; екінші өйелі Әйгерімнен - Тұрағұл, Мекайыл, Ізкайіл, Кенже, барлығы 7 ұл, 3 қыз сүйген. Келіндей алған әйелі Еркежаннан - ұрпақ, көрген жоқ.Абай өлең жазуды 10 жасында ("Кім екен деп келіп ем түйе қуған...") бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері -"Йузи-рәушән", екіншісі - "Физули, Шөмси". Өлеңдерін кағаз бетіне 80-жылдардың ортасында түсіре бастайды. "Сап, сап, көңілім", "Шәріпке", "Абыралыға", "Жақсылықка", "Кең жайлау" өлеңдері 1870 - 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы - "Қансонарда" 1882 ж. жазылган. Бастан-аяқ динамикалық суреттерден тұратын бұл өлең казак өдебиетінде калыптаскан дәстүрлі ұғымдардан өзгеше, ішкі ой иірімдері терең. Абай лирикасы жанрлық ерекшеліктері жағынан алғанда көп салалы,көп кырлы болып келеді. Ол казақ поэзиясында тіл кестесіне, сөз қолдануына да жаңа сипат дарыткан ақын. Абай поэзиясының тілінде адамның жан тебіренісін, көңіл толғанысын, жүрек лүпілін, сезімнің сан қүбылып ойнақшуын көрсететін сипаттамалар, эпитет, метафора және баска да бейнелі сөздердің жаңа, өзі шығарған соны үлгі - өрнектері мол. Мыс., "жүректің көзі", "жүректің оты", "көңілінің көзі ашық", "көңілдің жайлауы", "ой өлкесі" деген ауыспалы мағына туғызатын бейнелі сөздерді -метафораларды қолданады. Бірде ақын жүрегі кейіптеу бейне арқылы сипатталады: "Жүрегім менің - қырық жамау". Осындағы жұлқыланып, кескіленген, қырықка бөлінген, парша-парша болып бөлектенген жүрек бейнесі акынның өкінішін, арманын, қастандық-өшпенділіктен шеккен азабын, сүйенерге тірек таппай күйзеліп налуын, т.б. көркемдік шеберлікпен жеткізіп тұр. Абайдың ұлылығын танытатын өлеңінің бірі - "Өлсе елертабиғат, адам өлмес". Осы өлеңнің бастапқы тармағындағы сөздердің мәнісіне үңілсек, табиғат сөзін қалыпты мағынада алып, аспан мен жер, күн мен айды айтып отырған сияқты. Олардың өмірі адам өмірінен үзақ екені талассыз. Ескі филос. еңбектерде табиғат өлсе де, адам өлмейді деп, осы екеуін біріне-бірін қарама-қарсы қою кездеседі. Мыс., Сократ адамды табиғатқа қарсы қойып, әділдік, ізгілік секілді адамның жақсы қасиеттерін зерттеу қажет те, ал табиғатты зерттеу деген көңіл бөлуге түрмайды деп санаған. Таби ғат өзгереді, құриды, мәңгі өзгермейтін жаратушы бір Алла ғана деген үғым бар. Жақсы адамның өзі өлсе де, жаны өлмейді деген пікірді философтар да айткан. "Адам өлмес" деп бірден кесіп айтқан ойын Абай төмендегідей жалғастырады:

..."Ол бірақ кайтып келіп ойнап-күлмес,

"Мені" мен "менікінің" айрылғанын

"Өлді" деп ат қойыпты өңкейбілмес".

... Дәл осы өлеңінде "мен" және "менікі" деген үғымдарды Абай ажыратып, дәлірек айқындамайды. Келесі шумақта: ...

"Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып аяғын көп шалдырған," - дей келіп, алғашқы ойын енді тікелей жалғастырғандай: 

"Өлді деуге сыя ма, ойландаршы, 

Абай шығармашылығы.

Өлмейтұғын артына сөз калдырған..." - дейді. "Адам өлмес" дегеннің мағынасы өзі өлсе де, кейінгіге сөзі, айтқан ойы калады деген пікірге саяды. Абай "Өлең сөздің патша сы" өлеңінде "сөз түзелді, тыңцаушы сен де түзел!" -деп жүртшылықган ақындық сөзге зор маңыз беріп қарау-ын, поэзияның жоғары қо-ғамдық міндетін түсіне білуін талап етті. Жаңа танымның баурап аларлық күшін, жаңа ақындық сөздің құнын әрбір адамның тани алатынына қа-зақ өмірінің сол кездегі жағ-дайында толық сенім арту қиын да еді. Абай оны жақсы тү-сінді, мүны оның "Мен жаз-баймын өлеңці ермек үшін" деген өлеңіндегі мына шумақ-тар толық дәлелдейді: ..." Шу дегенде қүлагаң тосаң-сиды, Өскен соң мүндай сөзді бұрын көрмей".

Бұдан біз ақын өлең-жырла-рывдағы жаңа, соны ой-пікір-лерді жүртшылықтың қалай кдбылдайтынына ерекше мән бергенін айқын аңғарамыз. Өлең-жырға көңіл қоятын кдуымнан мән-жайын түсініп байыбына жетуді талап етті. "Сыртын танып іс бітпес, сы-рын көрмей". Абай ақын халықтың тағдыры мен қасіретін терең түсініп, оның жоғын жоқгаушы болуға тиіс деп са-наған. А-дың өлеңдерінің ішінде мазмүны жағынан да, көркемдік бітімі жағынан да ерекшеленіп түрған үздік туындылар мол. "Сегіз аяқ", "Сен мені не етесің", "Қан сонарда бүркітші шығады аңға", "Кдлыңелім, қазағым, кайранжүргым", "Жаз", (Жаз-дыгүн шідде болғанда) "Жел-сіз түнде жарық ай", "Болыс болдым, мінеки", "Қызарып, сүрланып", "Келдік талай жерге енді", "Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?", "Көк түман - алдындағы ке-лер заман" секілді өлендерінің кай-кайсысын алсақ та, мүлде тың дүние, шығармашылық жаңалық. Бүларға қоса "Ем таба алмай", "Ата-анаға көз куаныш", "Сағаттың шықыл-дағы емес ермек", "Нүрлы аспанға тырысып өскенсің сен", "Ауру жүрек ақырын соғады жай", "Өлсе өлер та биғат, адам өлмес", аударма өлеңдерден "Жалғыз жалау жалтылдап", "Жолғашықгым біржым-жырт түндежалғыз", "Қанжар", "Мен көрдім үзын қайың қүлағанын" сияқты тағы сан алуан шығармалар-ды атауға болар еді. Абай өлеңдерінің көбі не тақырыбы, не стилі, жанрлық сипаты неме-се өлең өрнегі жағынан мүлде жаңа болып келетіндіктен осы топка жатқызуға болады деген туындыларды түгел қамтып, бөліп алудың өзі өте қиын. Міне, осындай ондаған кемеліне келген өлең үлгілерін туғызған Абай соларға ұқсас, біртектес өлеңдер жазуға үмтыла бермейді. Әрине, қай ақында болсын бірнеше өлең-дер тақырыбы жағынан жалғас келіп отырады. Бұл сол тақырыпқа терендеп бару үппн кажет. Бірақ ол тақырып әр өлеңде әр қырынан ашылады. Абайдың сарқылмас шығармашылық тапқырлығы, оның қолынан шыққан кемеліне келген, коркемдік бітімі жағынан мүлтіксіз өлең үлгілерінің көптігі және әрқайсысының бір-біріне үқсамайтын, жаңаша сипатты дүние болып келетіні. Абайдың тіпті дылдың төрт мезгілін суреттейтін "Қыс", ("Ақ киімді, денелі, ақ сақалды"), "Күз" (Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан"), "Жаз" ("Жаздыгун шілде болғанда'')."Жазғытұры" ("Жазғытұры қалмайды қыстың сызы") секілді бір топқа, циклге жататын қлендерініңі де әрқақайсы мазмұн-мағынасы, суреттеу тәсілі, кұрылысы жағынан әр түрлі болып шыккан. Сондай-ақ өлең, ән-күЙДІҢ мәнін. ақындық өнердің қасиетін бағалайтын,.тақырыбы жағынан бір-біріне жалғас "Өлең-сөздің патшасы, сөз с арасы", "Біреудің кісісі өлсе, каралы-ол". "Мен жазбаймын.өлеңді ермек үшін". "Көніл кұсы құйқылжыр шартарапқа". Өзгеге көңілім тоярсың", "Адамнын кейбір кездері" деген шығармалары да ойды әр кырынан өрбітуі. пікір сонылғы, бейнелеу, айту ерекшелігі бойынша бір бірінен өзгеше сипатталған. Осындай бір-бірінс ұқсамайтын әр өлеңінде акынның өнерпаздық тұлғасы әр қырынан көрініп, жаңаша сипат табады. '"Өлсе өлер табиғат, адам өлмес". "Көк түман алдындағы келер заман". "Сағаттың шықылдағы емес ермск" деген сияқты өлеңдерін окысанда Абайойшыл акын екен деп танысак, "Жүрегім, нені сезесің", "Не іздейсін. көңілім, не іздейсің", "Жүрегім, ойбай, соқпа енді" секілді өлеңдерді оқығанда. Абай аскан сыршыл лирик акын-ау деп тамсанамыз. Ал "Қан сонарда бүркітші шығады аңға". Жаздыгүн шілде болғанда". "Желсіз түнде жарык, ай".

"Жазғытұры қалмайды кыстың сызы" сияқты өлеңдерге назар салсақ.Абайдың өмір кұбылыстары сөзбен мүсіндеп, жанды бейнеге айналдырып сипаттауда алдына жан салмайтын суреткер ақын екеніне ден қоямыз.. "Сабырсыз, арсыз, еріншек", "Бөтен елде бар болса", тағы сондай туындыларға карап нағыз сыкақшыл. өткір мысқылға шебер ақын осындай-ақ болар десек. "Мәз болады болысың" атты өлеңді еске түсіріп, әжуалап келемеждеудің мұндай да өте нәзік, өтімді түрі болатынына тәнті боламыз. Ғылым таппай мақтанба", "Интернатта оқып жүр" атты өлендердің қазақ поэзиясында қалыптасқан насихат, өсиет үлгісіндегі нұсқалардан мазмұны да, ойды бейнелеп айту тәсілі де мүлдем өзгеше екені көңіл аударады. Ал "Сен мені не етесің, 'Ем таба алмай", "Қор болды жаным" секілді нәзік лирикалық туындылар қазақ поэзиясында бұрын орын теппеген сыршыл лириканың жаңа үлгілеріне екені айқын аңғарылады.. Абайдың әр өлеңінде оның осындай ақындық тұлғасына жаңа бір қырынан танытатын өзгешілігі болады десек, олар іштей астасып жатқан сипат, қасиеттер екенін де айтуымыз керек. "Сегіз аяқты" окығанда мұнда терең сыршылдық. ғиратты насихатшылыдқ, бейнелеп суреттеуге, тіпті өлең өрнегін өзгеше өрнектеуге шеберлік те бәрі ұштасып келетіні анық көрінеді.Абайдың көркемдік ойлаү, бейнелеп айту, суреттеу тәсілі мүлде жаңа, даралық стилі еркін. икемді, поэзиядағы қалыптасқан, дайын үлгілерді қайталамайды, Осының өзі-ак оның поэзиясына жаңашылдык, сипат дарытады. Ол қазақ поэзиясының мазмұндық ауқымын, тақырыбын кеңейтті, әдебиетте жаңа жанрлык түрлер туғызды. Халықтың сөйлеу тілініңі. қазақтың ауызекі ақындық және ән өнерінің байлығын кең пайдалана отырып, ол өлең сөздің шеберлік кұралдарын жетіллірді, өлеңдік өлшемінің интонациялық -ритмикалык, байлығыні терең ашып көрсетті, жаңа ырғакты, үйлесімді өлең үлгілерін енгізді, ақындық тілдің образдылық-бейнелеу, стилистикалык мүмкіндіктерін молықтырды. Қазақтың ақындық тілін әдеби тілін ұстартып жетілдірді, әдеби тілді биік жаңа сапаға көтеріп, жаңа үлгіле калыптастырды. А.С. Пушкин. М.Ю. Лермонтов. т.б. ақындардың шығармаларын шеберлікпен аударып, қазақ әдебиетін жаңа ой орамымен байытты. Пушкиннің "Евгений Онегинінен" бірнеше үзінді-нұсқаларды таңдап алып, "Татьянаның хаты", "Ленскийдің сөзі" атты өлеңдерін шығарды. Лермонтовтың "Ой", "Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз", "Қанжар", "Теректің сыйы", "Асау той, тентек жиын, опыр-топыр", "Жартас", "Өзіңе сенбе, жас ойшыл", "Альбомға" өлеңдерін казақтың төл туындысынша сөйлетті. Бұл шығармалар Абайдың ой көрігнде кайта қорытылып жаңадан дүниеге келген туындылар еді. Мыс., Абайдың Лермонтов мәтінін казақша жеткізу әдістері әр түрлі.

Ал қалған жартысы еркін аудармалар. Мыс., "Ой", "Теректің сыйы" сияқты елеңдер. Абай жеке сөздерді, сөйлемдерді аударғанда алшақ кеткен тұстары бар дегеңде, көбірек айтылатыны өлеңнің алғашқы шумағындағы: "Арыстанның жалындай бұйра толқын, Айдаһардай бүктеліп, жүз толғанып", - деп келетін тармақтар. Бірақ осындағы "айдаһардай бүктеліп" дегенін еркіндікке жатқызсақ та, "арыстанның жалындай" дегені Лермонтовтың баска бір шығармасындағы: "И Терек, прыгая как львица, Абайдың замандастары - Дүтбай Уандыкұлы, Ысқақ. Солтабайүлы және інісі Оспан Құнанбайұлы аударманың түп нұсқаға жақындық. дәрежесі ылғи бірдей емес. Бара-бар, дәлме-дәл аудармаларында Абай Лермонтов шығармасының ішкі әлемін, оның толқын лебізін, жаңа саласын казақ тілінің суреттеу мүмкіншіліктерін пайдаланып, мол жеткізеді. Барлық жарастық сәнімен казақ тілінде қайтадан туғызады. Солардың катарына "Альбомға", "Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз" сияқгы өлеңдерін жатқызуға болады.

"С косматой гривой на хребте,"- деп келетін сөздермен үндес екені байкалады. Және жал арыстанда ғана болатынын Абай дұрыс ескерген ("львица" деп жаңылыс айтылған ғой). Абайдың аударма жасауға тереңдікпен, шеберлікпен, жауапкершілікпен келгенін байқайсыз. Абай аудармалары казақ поэзиясының өркендеп өсу жолындағы баға жетпес зор табысы болды. Абай - мысал өлеңдердің де шебері. Қазак, халқының сол дәуірдегі өмірінің шыншылдықпен суретгеуге, әр түрлі топтар өкілдерінің мінезін, іс-әрекетін дәл көрсетіп, сатиралық бейнелер жасауға сөз өнерінде мысал жанрынан аскан көркемдік құрал жок, Абайдың мысал өлендері Крылов шығармаларынан аударма деп саналып жүр. Алайда осы өлендерді талдап танығанда мысалдың өзіндік жанрлық ерекшелігін ескеру қажет. Мысалдары толық мағанасындағы аударма емес, көбінесе, белгілі бір сюжет еркін баяндалады. Абай мысалдарының тағы бір дені ауыз әдебиетінен бастау алып, әлем халықтары әдебиетіңде кеңінен тараған ежелгі танымал мотивтерден тұратындығы. Ортақ сюжетке жазыла берер мысал жанрының типологиялық дәстүрін сақтай отырып, сол сюжетке мысал жазған ақындармен жарыска түскен: "Қарға мен түлкі" ( Эзоп, Федр, Бабрий, Крылов, Абай, Ыбырай, Әлихан, Ахмет, т.б.), "Құмырсқа мен шегіртке" (Эзоп, Федр, А. Құрманбаев, Абай, Әлихан, т.б.). Бұдан, Аарне және Томпсонның дүние жүзілік ертегілер каталогындағы сюжеттердің (сюжет ауысу теориясы) мысал жанрында әлем жазушыларының шығармаларында көрініс тапқанын байқап отырмыз. Абай мысалдары Крыловтан аударма емес, ортақ сюжетке жазылған төл шығармалар. Абай "Масғұт", "Ескендір", "Әзім" поэмаларын жазған. Олардың үшеуі де шығыс халқына ортақ сюжетке құрылған. Бұларға қоса, ол Лермонтовтың "Вадим" атты көлемді прозалық шығармасын және "Демон" поэмасын өлеңмен аударуға кіріскенін ескерсек, поэма жанрындағы акынның шығармашылық ізденістері аз болмағанын көреміз. Бұл екі аудармасы мен "Әзім" поэмасы бізге толық жетпегендікген, нақтылы байлам жасау қиын. Ал "Масғұт" пен "Ескендір" туралы айтсақ, олардың өзгешелігі, бұрынғы осы сюжетке жазылған поэма-дастандар ізін кумай, баскд калыпта жазылуы поэмаларға даралық сипат берген. Абай - әлемге көзкарасы калыптасқан, өзіндік философиялық түйіндері бар ғұлама. Ақынның рухани, даналық мұрасы терең мағыналы философиялық идеяларға толы. Ол күллі Шығыста филосфияның негізгі мәні болып табылатын "жетілген адамды" өзекті және басты проблема етіп қарастырып, соған айрықша көңіл бөлді. Адамгершілік туралы ілімді дамыта отырып, адамды адамгершілік, кісілік тұрғысынан жетілдіру принциптерін, ұлттық эстетика мәселелерін алға тартты. Адамның шексіз танымдық мүмкіндіктері жөнінде, білім мен ғылымның әлеуметтік рөлі туралы, адамтану мәселелерін көтерді.

Даналықтың өлшемі бола білген философ-ақынның рухани мұрасы шын мәнісінде, казақ халқының зерделі ойы мен өмірі тұрғысындағы энциклопедця секілді. Абайды танып, белсенді игере отырып, сол кездегі казақ қоғамының экономикалық, саяси, кұкықтық, отбасылық, мәдени-тарихи, моральдық хал-жайынан айқын да толык мағлұматтар алуға болады.

Ақын шығармалары сусындаған негізгі үш қайнар көзді айтатын болсақ, ол ең алдымен Абай қазақ елінің ұлтгық рухы мен менталитетін, оның көкейтесті арманы мен даналық ойларын абыздық көрегеңділікпен, өлеңмен өрнектеуді қазақ эпосынан үйренді. Сондай-ақ Абайдың жүйелі ойларының үлкен бір арнасының калыптасуына Шығыстың рухани қазынасының да ықпал-әсерінің аз болмағандығы сөзсіз. Өйткені ол күллі араб пен парсының батырлық дастаны мен жырларын, Шығыстың атағы жер жүзіне мәшһүр классик ақындарын, Әбу Жафар Мүхаммед ат-Табари, Рабғузи, Рашид әд-Дин, Бабыр Захиреддин Мұхаммед, Әбілғазы Баһадүр ханның тарихи еңбектерін, сондай-ак, логика ғылымының негіздері мен мұсылмандық құқық, Шығыстың шариғат кағидаларын ұғындыратын ғұламалар еңбектерін жетік меңгерген. Сол еңбектерді түпнүсқасында оқитын жан-жақты білімдар, ғұлама болған. Араб, парсы, түркі тілдеріндегі білім көздеріне Абай ерекше көңіл аударады. Айрықша қабілетінің аркасында, араб, парсы тілдерін өз бетімен жүйелі түрде оқып, игереді. Сөйтіп ол Ә. Бөкейханов айтқандай, қасиетті кітаптардың білімпазы атанады. Отырардан шықкан және Шығыстың екінші ұстазы атанған ғүлама ғалым Әбу Наср әл-Фараби философиясы Абайдың дүниетанымын қалыптастырып дамытуда елеулі рөл аткарған.

Ақынның шұрайлы филос. ойлары, негізінен, шығыс ойшылдары мен ақындарының кемел пікірлерін айрықша шеберлікпен игергендігін көрсетеді.Орыстың қоғамдық-филос. ақыл-ойы ақынның эстетик. көзқарасының қалыптасуына елеулі әсер етгі. Сондай-ақ басын сонау антикалық ежелгі заман мәдениетінен алатын Батыс Еуропа мәдениеті Абай дүниетанымының даму процесінде тарихи сабақтастық желісін атқарды. Казақ кемеңгері Сократ, Платон, Аристотель еңбектерімен жақсы таныс болды. Сонымен катар ол Спенсердің "Тәжірибелерін",Льюистің "Позитивтік фило-софиясын", Дрепердің "Еуропа ақыл-ойының даму тарихы" атты туындылары мен Милльдің, Бокльдің және тағы басқа көптеген авторлардың да шығармаларын оқыған. Батыстың өркениеті мен философиясы, қоғамдық ойдың даму тарихы, ғылымы мен мәдениеті Абайдың рухани есею жолында елеулі рөл аткарып, Батыс пен Шығыс мәдениеттерін оның өз дүниетанымында тамаша ұштастырды. Абайдың негізгі зерттеу объектісі -адам. Сол адамның эстетик., этик. талғамы, арман-мақсаты, өмірінің мәні, сезімі мен түйсігі, болмысы мен ұлттық ойлау ерекшелігі ұлы ойшылды терең тебіреніске түсірген. Шығыс ойшылы ретінде Абай адам проблемасын үлкен ауқымда, яки қоғамдық, руханилық, құндылық, этик., эстетик. тұрғыдан зерделеді. Ол адам табиғатын этик. тұрғыда қарай отырып, "сегіз қырлы, бір сырлы" сырбаз адам, яки кемеліне жеткен, "толық адам" кейпінде алға тартады. "Абайға шығыстан кірген бұйымдардың басы ислам діні", - дейді Әуезов. Шындығында, Абайдың "жан сыры", "жан құмары", "жан куаты", "жанжарығы", "хауас", "хауас сәлим", "хауаси хамса", "хауаси хамса заһири", "толық адам", т.б. филос. ұғымтанымдар жөніндегі көзқарасы Ислам филос-сын терең танығанын байкатады. "Әрбір ғалым - хакім емес, әрбір хакім - ғалым", "Адаспай тура іздеген хакімдер болмаса дүние ойран болар еді" - деген пікір - ғұламаның филос. көзқарасы. Жалпы, Абайдың . көркемдік, әлеум. гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері . Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік куатын, филос-дағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық алты бөлек шығармадан тұратын Абайдың кара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған. Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен филос. сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеум. ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының филос. концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды. Оның кара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.

Абай философиялық ойлары.

Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан. Мен осы кіммін? Жан иелері өмірінің түпкі мәні неде? Барлық адам баласы, жан-жануарлар да тамақтанады, ұйықтайды, қорғанады, артына ұрпақ қалдырады. Сонда адам баласының басқа жан иелерінен айырмашылығы неде? Міне, Абай әркімді де толғандыратын терең сырлы сұрақтарға жауап іздейді. Ол өзінің ілімінде, пәлсапалық шығармаларында адам баласының өмір сүру мақсатын, сол мұратына жету жолын, әлемдегі болмыстың мәні мен өзіндік ішкі байланысты, жалпы заңдылықтарын ашып көрсетеді.

Кемелдену, жетілу – адам өмірінің мақсаты екенін айтады Абай. Жетілу дегеніміз не? Түрлі жетілулер бар. Мысалы, спортпен шұғылданып өзіміздің денемізді, күш-қуатымызды жетілдірсек, ал ғылым-білім, өнерге үйрену арқылы ой-өрісімізді жетілдіреміз. Абай осыларды айта отырып, бұлардан гөрі маңыздырақ жетілу барын, ол – рухани жетілу, яғни жанды жетілдіру деп көрсетеді.

Абайдың айтуы бойынша жан жүректе орын тепкен. Жан адамның тыныс-тіршілігін, іс-әрекетін жүрек арқылы басқарады. Егер жан жетілмеген болса, онда адамның іс-әрекетінде де кемшілік болады. Ішкі дүниесі тазарып, жетілген адам ғана қателікке ұрынбай, өмірде жаңсақ баспай, дұрыс өмір сүре алады. Адам баласының бақыты оның жүрегінің тазалығымен тығыз байланысты деп үйретеді Абай. Сонымен, жетілудің негізі – женді, жүректі жетілдіру екен. Бұл – адамның ішкі нәзік болмысын тазарту деген сөз.

Абай өз шығармаларында жетілу жолдарын, олардың түрлі белестерін көрсетеді. Әрбір адам осы жетілу жолдарынан өте отырып өзінің қай деңгейде тұрғанын және өмірінің келесі белесін анықтай алады. Мәні терең ашылып, келешегі айқындалғанда ғана адам өмірі маңызды болмақ. Абай ілімі осылай әркімнің өмірінің мәнін ашып, оның келешектің жарқын жолына шығуына мүмкіндік береді.

Ақын мұрасында бір жүйеге түсірілген көзқарасын тұжырымдайтын арнайы философиялық шығармасы жоқ. Дегенмен, Абайдың көптеген өлеңдері мен прозалық шығармаларында "… адам мен адамгершілік, ар, ұждан, мораль философиясына төтелей қатынасы бар, толып жатқан бөлек-бөлек бір көлемді, әрі сапалы ойшылдық пікірлері бар екені даусыз. Абай шығармашылығын зерттеудің алғашқы кезеңінде, 1920-30 жылдарда ақынның идеялық мұрасы қызу айтыстар тақырыбына айналды, «Абай философиясын» діншілдігі басым әдеттегі буржуазиялық идеалистік философияның жамап-жасқаған біртүрі деп дәлелдемек болушылар да табылды (Қабдолов З. Қазақ ақыны Абайдың философиясы және оған сын. «Советская степь», 1928, 2 тамыз).

Көрнекті мәдениет қайраткерлері мен жазушылар: М.О.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұбанов, С.Сәдуақасов, С.Қожанов, І.Жансүгіров т.б. Абайдың ақындық мұрасын анайы-социологиялық шабуылдан қорғап, мақалалар жазды. «Көзқарасының қарама-қайшылықтарына карамастан, - деп жазды Мұқанов, - Абай бұл сөздің ұнамды мәнінде ең озық реалист-суреткер болды және сонысы үшін де біз оны құрмет тұтамыз, сондықтан да оның әдеби мұрасы біз үшін баға жетпес байлық болып табылады, тап солай болғандықтан да қазақ халқы Абайды өзінің аса ірі ұлттық ақыны деп біледі» («Казахстанская правда», 1934, 30 көкек).

Ақын шығармалары 19 ғасырда да Қазақстанда демократиялық қоғамдық ойдың қалыптасып, дамуына негіз болған басты-басты идеялық үш қайнардан нәр алды:

1) қазақтың ауыз әдебиеті мен өткен замандардағы жазба ескерткіштерінен сусындаған алдыңғы қатарлы халықтық дәстүр; 

2) ежелгі және орта ғасырдағы Шығыс ойшылдарының таңдаулы шығармалары; 

3) орыстың материалистік философиясы мен демократиялық мәдениеті, сол арқылы дүниежүзілік (ең алдымен Батыс Европаның) философиялық ойдың жетістіктері.

Әуезов бұл идеялық бағыттарды бір-бірімен табиғи ұштасып, жалғасып кететіндігін айта келіп, Абай дәуірі үшін осылардың ішінде үшінші қайнармен, орыс классиктерінің шығармаларымен таныстықтың маңызы аса зор болғанын, Қазақстандағы қоғамдық ойдың болашақта жандана түсуіне ықпал еткенін атап көрсетті.

Ғалым Абайдың орыс әдебиетімен және философиялық озық ойымен байланысын оның аударған шығармаларының санымен немесе оған революционер демократтар идеясы ықпал етті деген қарапайым түсініктерді еске алумен ғана дәлелдемек болған «жеңіл-желпі, қара дүрсін пікірлерге» қарсы шықты. Ол Абай шығармашылығының өткен заман ойшылдарының теориялық мұраларымен байланысын анықтайтын мәселелердің тым тапшы зерттелгеніне өкініш білдірді; Абайдың орыс әдебиетіне ғана емес, сонымен қатар адамзаттың бүкіл рухани мәдениетіне қатынасын тұтастай даму үстінде «орыс және қазақ халқының байланыстарын сол кезеңнің мазмұнын анықтайтын саяси оқиғалармен тығыз органикалық байланыста карастыратынының» методологиялық маңызы аса зор. (Әуезов М. Әр жылдардағы ойлары.-Алматы, 1961, 148-149 6.)

Өз заманының ғұламасы болған Абай көптеген орыс жазушылары мен философтарының, әсіресе, А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, И.А.Крыловтың, В.Г.Белинскийдің, А.И.Герценнің, Н.Г.Чернышевскийдің, Н.А.Добролюбовтың шығармаларын оқып, зерттеді, орыс революционер-демократтарының озық ойы, оның дүниетанымының қалыптасуына үлкен ықпал етті.

Ойшыл-ақын ежелгі заман философтары Сократ, Платон, Аристотель, сондай-ақ, Шығыстың ұлы ойшылы әл-Фараби мұраларымен де жақсы таныс болды; Батыс Европа философиясын, дәлірек айтқанда Р.Декарт, Б.Спиноза, Г.Спенсер, Л.Фейербах еңбектерін оқыды: «...өзінің рационалдық философиясын Абай кездейсоқ жасай салған жоқ, алдымен осындай бай мектептердің оқуынан өтіп алып, сөйтіп, бұларды өзінің творчестволық өңдеуінен өткізген соң ғана жасай алды» (Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. А. , 1969, т.15 , 141-б.).

Ол Ч. Дарвиннің даму теориясы мен анатомиялық ілім негіздерін білді. Абайдың жаратылыстану ғылымындағы білімінің кеңеюіне орыстың материалистік психологиясы, нақтырақ айтқаңда И.М.Сеченов пен К.Д.Ушинский еңбектері маңызды қызмет атқарды. Ақынның дүние-танымына сол кезеңде Семейде тұрған, саяси аударылған адамдарымен достығы игі әсерін тигізді. Олардың арасында Е.П.Михаэлис, Н.И.Долгополов т. б. демократтардың идеясында тәрбиеленген алдыңғы қатарлы зиялы қауым өкілдері бар еді. Абайдың көптеген өлеңдерінде терең философиялық ойлары, табиғатқа, таным, ақыл жайлы толғаныстары көрініс тапқан.

ҚОРЫТЫНДЫ

Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан. Мен осы кіммін? Жан иелері өмірінің түпкі мәні неде? Барлық адам баласы, жан-жануарлар да тамақтанады, ұйықтайды, қорғанады, артына ұрпақ қалдырады. Сонда адам баласының басқа жан иелерінен айырмашылығы неде? Міне, Абай әркімді де толғандыратын терең сырлы сұрақтарға жауап іздейді.

https://sites.google.com/site/abai1845/

+1 дауыс
Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.
Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі Ұлжан Орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.
Осындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үміт етеді. Әкесі оның зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді.Медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. Әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты шығады. Көп ұзамай, жетпісінші жылдардың бас кезінде Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болады. Билікке араласып, біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін ол халық тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсіруге күш салып бағады. Бірақ онысынан пәлендей көңіл тоятындай нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына пайдалы деп тапқан істерін көркем сөзбен, әсіресе, өлеңмен насихаттамақ болады. Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми тағы басқаларды оқыса, екінші жағынан А. С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. , Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенев, Н.Г. Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, Дрепер, Спиноза, Спенсер, Льюис, Дарвин сынды ғалымдардың еңбектерін зерттейді.
Абай 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туған.
Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ырғызбай, Көтібақ, Топай, Торғай, деген 4 ұл туады.Бұлардың әкесі момын, шаруа адамы, ал шешесі өткір тілді, өр мінезді әйел болған.
Ана айтқанындай, шынында, бұлардың ішінде Ырғызбай ортасынан оза шауып, ел басқарған. Ырғызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болғандықтан, “Ісің адал болса Өскенбайга бар,арам болса Ералыға бар” деген мәтел сөз қалған.Өскенбайдың әйелі Зереден Құнанбай туады.
Құнанбай 4 әйел алған адам. Оның бәйбішесі Күңкеден – Кұдайберді, інісі Құттымұхамбетке айттырылып, қалыңдық кезінде жесір қалған соң өзі алған екінші әйелі: Ұлжаннан – Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан – Халиулла, Ысмағұл туады. Қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ. Абайдің “ Атадан алтау, анадан төртеу едім дейтіні осыдан. Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған “кәрі әжесі” Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, мінезі көнтерлі, әзіл-қалжыңга шебер, жөн-жобага жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Ол енді дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады, Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди, Қожа Хафиз, Фзули сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарына бауыр басады. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы “Приходская школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады.


Абайдың Алматыдағы ескерткіші.


Абайдың Семейдегі ескерткіші.
Абайдың басқа балалардан алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілдік-билік жұмыстарына араластырмақ болады. Сөйтіп 13 жастағы Абай ел ісіне араласады. Абай әке қасында болған жылдарда атқамінер би-болыстардың қулық-сұмдықтарын, қазақ даласына ыдырай бастаған феодрулық қатынастардың кереғар қайшылықтары кіріптар еткен әлеуметтік теңсіздіктің зардаптарын, аштық пен жалаңаштықты, патриапхалдық, кертартпа салт-сана, әдет-ғұрып зандарының залалдарынын айқын түсінді.
Патша үкіметінің отаршылық саясаты мен парақор орыс әкімдерінің жергілікті би-болыстардың арамза әрекеттерін айнытпай танып, көкірегінде жиркеніш сезімі оянып, соларға қарсы күресуге бел буды, “ елге пайдалы, адамгершілігі бар, әділ басшы болсам ғана жақсы адам боламын” деген тұжырымға бекіді. Осы мақсатпен болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады да, 1876-1978 ж. Қоңыр-Көкше еліне болыс боладі. Бұл жылдары Абай өз қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразасын тең ұстауға күш салды. Әлсізге зорлық көрсеткендерді, ұрлық жасағандарды қатты жазаға тартып, халық қамқорына айналды. Оның ел басқарудағы бұл бағыты халықты қалауынша езіп-жаншып жүрген шонжарлар тарапынан қатты қарсылыққа ұшырады, үстінен оязға жалган арыз айтушылар көбейді. Соның бірі Үзікбай Бөрібаевтың “Таймақкөл деген жерімді тартып алды ” деген жалған арызы бойынша көтерілген іс 10 жыл сүргінге созылып, ақыры Е. П. Михаэлистің көмегімен аяқсыз қалды. П. В. Маковецкий бұл істі 1884 ж. 27 тамызда жалған жала деп тауып, қысқартып тастады. Ақын үстінен жазылған “Абай барымта алды, ауыл шайып әйел қорлады” деген бір топ шонжар дұшпандарының арызы да нәтіжесіз қалды.
Ақын саяси қызметі үшін 1870 жылдары Петербургтен Семейге айдалып келген Михаэлиспен , 80-жылдарда орыс демократтары Н. И. Долгополов, А. А.Леонтьевпен танысады. Бұл озық ойлы азаматтардың Абайдың саяси-әлеуметтік көзқарасына игі ықпалы тигізгені сөзсіз. Бірақ Абай Құнанбаев орыс мәдениетімен, әдебиетіменен, демократтық көзқарастарымен осы кісілер арқылы деу ағат айтқандық болар еді. Бұл тұста М. О. Әузовтың “Ал, кейін орыс тілін біліп, орыстың ұлы мадениетін мол, терең тани бастаған Абай озгын ойды бұлардан үйренбейді. Пушкиннің өзінен, Белинский, Герцен, Чернышевский, Салтыков-Щедрин, Некрасовтардың өз мұраларын оқып, кең, терең тарбие алды. Абайдың классик ақын болған маңызын, әлеументтік көзқарасын тек Михаэлис әсерінен деп қойсақ, әрі Абайға, әрі орыс халқының ұлы мұрасына жане ұлы даналарына қиянат сөз айтқан болар едік ” деген тұжырымын келтірсек те жеткілікті. Абай осылайша Европаның 'Гете, Байрон сияқты ақындарын, Спенсер, Спиноза, Льюис, Дарвин, Дрепер сынды ғұламаларының туындыларын оқыды. Сөйтіп Әуезовтың сөзімен айтқанда “1884 жылдары, жасы қырыққа таман іліңенде, ол дүниеден көп мағлұматы бар кісі болды.” Абай осы тұста, 1886 ж. досы Михаэлистің ұсынысымен, Семей облысы Статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланды.
1875 жылы Қоңыркөкше елінде өткен сайлауда жеңіп шығып, 1878 жылға дейін болыс болады. Қазақ халқының дәстүрлі ел билеу жосындарын, әдет-ғұрып заңдарын жетік білетін Аба
оте керемет маган унады осылай талабыныз корине берсеин жазайн десем узак не ситесем болады?
+1 дауыс

Абай Құнанбайұлы туралы қазақша реферат

Жүрегіңнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.

Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады.Абай көпті көрген әжесі Зеренің тәрбиесінде болды. Шешесі Ұлжан да ақылды ананың бірі болған. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы орта жасқа келгенде атқа мініп, ел билеу жұмысына араласқан заманы, Ресей патшалығының Қазақстанның батысы мен орталық аймағын отарлап, ел билеу жүйесін өз тәртібіне көндіре бастаған кез.Құнанбай өз заманында ел басқарған адам болды. Ол ел билеу ісіне балаларының ішінде Абайды баулып, араластырды.Абайды оқудан ерте тартып, оқудан шығарып алуы да сол билікке ұлын қалдыру мақсатында еді. Әке еркімен ел ісіне жастай араласқан Абай тез есейіп, балалықтан да ерте айырылып, жастайынан ел ішіндегі әңгіме, сөз өнерін, билердің шешендік өнеріне құлақ салып, өзінің ерекше талантымен бойына сіңіре білді.Елі үшін әділет жолын ұстанған Абайдың үстінен арыз да жазылып, үш-төрт ай тергеліп, ақталып шықты.Әке-шешесінің қасында жүрсе де жас Абай оқудан қол үзбейді, бос уақытында қазақтың мәдениетін, араб, парсы, шағатай тілдерін үйренеді. Шығыс әдебиетінің алыптары Низами, Хожа Хафиз, Науаи, Физули т. б. ақындарының өлеңін жаттап өседі. Кейін ол орыс әдебиеті мен тілін өздігінен үйреніп, орыстың ұлы ойшылдары Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Щедрин, Некрасов т. б. шығармаларымен танысады. Сонымен бірге ағылшын ғалымы Дарвиннің, Шекспирдің шығармаларын да оқиды. Соның арқасында дүниетанымын кеңітіп, білімін шыңдай береді.Абай ауқатты отбасынан шықса да халқына үнемі жақын болды, олардың дауын даулап, мұңын жоқтады. Мұны оның мына өлеңінен көруге болады:

…Кедейдің өзі жүрер малды бағып,

Отыруға отын жоқ үзбей жағып.

Тоңған иін жылытып, тонын илеп,

Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып.

Қар жауса да тоңбайды бай баласы,

Үй жылы, киіз тұтқан айналасы.

Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты,

Ағып жүріп ойнатар көздің жасы.

— дейді.

Данышпан ойшыл, өз заманынан озық туған ғұлама ХІХ ғасырдың өзінде жалпыадамзаттық құндылықтардың мәні жайлы терең ой түйіп, біртұтас қазақ этносының, ұлысының тұтастығы, оның ұл- қыздарының тағдыр –талабы бірлікте және татулықта болуы жайлы толғанды. Ол қазақ даласына еніп келе жатқан кез келген қоғамның таптық бастауы болады деген догмалық қағидаға қарсы үн көтерді. Бұл қағида бойынша қоғам қарама –қарсы таптардан, қанаушылар мен қаналушылардан ғана тұрады, мұндай жағдайда ұлттық бірлікті іздеуді ақылға сыймайды делінді. Сөйтіп мұның өзі мемлекеттік үстемдік құралы ретінде пролетариат диктатурасы мүддесін туғызды. Осы бір әлеуметтік әділетті, бейбіт және адамгершілікті қоғам құруды мақсат тұту Қазақстанда шексіз қасіретке, байырғы тұрғындардың жаппай қырғынға ұшырауына, зұлматқа әкеп соқтырды. Әрқашан таптық императивтерге, олардың үстемдігіне қарсы болған Абай осыс зобалаңды алдын ала көре білді. Кейінгі күндерге шейін оның рухани мұрасы өз деңгейінде зерттелмеді және бағаланбады. Ақын туындысы қасаң таптық көзқарас негізінде қарастырылды, оның шыққан тегі ақынды кедейшіл немесе жұмысшы жазушылары сапында қарастыру мүлдем жоққа шығарды. Абай шығармашылығын жалпыадамзаттық тұрғыдан зерттеуге көшу оның философиясының әлеуметтік-мәдени және дуниетанымдық негіздерін түсінуге, шығармаларының тылсым сырлы бояулары мен қайнар көздерін ашуға, ұлы ұстаз ұсынған идеялардың құпия сырларын танып білуге , қазақ халқының шынайы тарихындағы , тағдыры мен дамуындағы ақынның орны мен рөлін, маңызын пайымдауға мүмкіндік береді.Бүгінде Қазақстан басқа да тәуелсіз елдер сияқты тарихи жол айрықта тұр. Абай өмір сүрген ғасыр ХІХ ғасыр ортасындағы қасіреттен құтылудың жолын нұсқаған Қара сөздері өсиеті мен асыл ойларры бүгінгі ХХІ ғасыр табалдырығында тұрған осы кезеңде, оның экономикалық, саяси және рухани жағынан шиеленіскен сәтінде де өз мәнін жойған жоқ. Демек, таптық көзқарастан, тоталитарлық идеялогиялық мұраттарынан бастау алған, жалпыадамзаттық құндылықтарды жоққа шығарған дүниетанымдық ұстындарымыздың түбірімен өзгертуіміз керек. Абай философиясының әлеуметтік –мәдени және дүниетанымдық негіздерін саралау, соған сәйкес оның өзіндік дүниетанымдық бағдарын анықтау үшін тарихи материализмнің сыңаржақтылығынан, философиялық дамудың соңғы сатысы саналған маркстік-лениндік ілімнен бас тартқан жөн. Таптық философияны жоққа оның түп-тамырын және тұңғиық сырын ашады. Мұнда қазақ халқының ауыз әдебиеті, жазба мұралары, араб, парсы және түрік мәдениеті, орыс поэзиясы мен прозасы, Еуропа мәдениет, әлеуметтік ғылымдар мен философия маңызды рөл атқарады.Дүниетанымның бұл сан-салалы қайнар көздері қазақтың жаңа ағартушылық философиясының негізін салды. Өз философиясының Батыс пен Шығыс дүниетанымымен қанықтырған Абай алғаш рет қазақтың қоғамдық ой тарихында даму және қозғалыс идеясының мәнін түсінді. Бұл көзқарас тұрғысынан ол өз халқының тағдыры мен болашағын, қазақтардың мәдени-шаруашылық нұсқасын өзгерту мүмкіндіктерін, ондағы көшпенді, отырықшы және жартылай көшпенді шаруашылық әдістерінің орнын пайымдады, қоғамның рухани , саяси, экономикалық өмірін қатаң сынға алды. Келешекте қазақ этносының даму жолдарын болжап, ғылым мен білімнің қоғам дамуындағы орны, еңбектің тіршілік көзі ретіндегі маңызы жайлы ойларын халық талқысына салды. Өз халқының тағдыры, ұлттық рухы, бостандығы, мінез-құлқы ұлы ақынды ерте толғандырды. Ол қазақты мақтаныш тұтты және оған көңілі толмай налыды, этностың имандылыққа жетуі жайын ойлап мазаланды. Абай философиясының негізгі мәселесін Батыстағыдай сана мен материаның, болмыс пен ойлаудың арақатынасы түрінде қабылдаған жоқ, бұл оның жалпыадамзаттық көзқарасын айқындап берді. Ол үшін философияның негізгі және басты мәселесі-адам.Бұдан оның философиялық жүйесінің антропологиялық сипатын шынайы адамөз дүниетанымының тірегі еткенін көреміз. Абай адамды бүкіл дүниенің қуатты қайнар көзі деп білді, сондықтан оны бүкіл философияның мәні мен шыңы деп таныды. Ол тіптен адамды құдайға бағалап және жеке адамды жан-жақты жетілген әмбебап , толық адам деп қарастырды. Абай үшін адам мәселесі негізгі философиялық мәселе болып табылады, осыдан оның ізденістерінің этикалық бағытынтүсінеміз. Толық, жетілген адам-арлы, адамгершілік қасиеті жоғары, еңбекқор, білімді, сабырлы,иманды,қанағат пен ұятты білетін, танымды, игі жүректі болуға тиіс. Ол өз халқын осыған шақырды,адамдарды өзім деп, жат деп, бай мен кедей деп бөлмеуге, іріткі салмауға, жалпыадамзаттық ізгілікке үндеді. Адамдар арсындағы достық пен сүйіспеншілік –құдай алдында жауап беретін пенде үшін ең басты қасиет. Ол діннің маңызын, әсіресе шариғатты мойындады. Әйтсе де, оның құдайы өз жүрегінде ұялады, түйсік тереңінде болды.Сондықтан да ол діннің мәнін түсінумен, шариғат шарттарын орындаумен шектелмей, тереңдеп жүйелі оқуға ұмтылуды уағыздады.

Абайдың шығармашылығында философиялық, этикалық, танымдық және әзіл-сықақ, кеңес беру түрінде жазылған қара сөздер маңызды орын алады. Онда ойшылдың мәні мен мақсаты, адам тіршілігінің негізі туралы түсініктері іштей қабасқан. Мұнда философ ақын адамдардың рухани толысуын, адамдық қасиеттер жүйесін, әлеуметтік этика мен қоғамды көркейтудің жолдарын көрсетпекші болды. Таза философиялық терминдерге бой ұрмай әлеуметтік топтағы адамдарға жетілуді түсінікті түрде ұғындырып, қоғамдық сананың айқында бейнелі түрде жеткізді. Оның сөздері қазақтың жүрегіне өтімді, өйткені ол ұлттық психологияның негізіне,барлығында тарихи жадында сақтап калған халықтың ойына бағытталған. Абай ойы қазақ арасында зор мәнге ие болып, күнделікті өмірде қолданылатын мақал-мәтел дәрежесіне көтерілді. Абай шығармашылығындағы адам мәселесі зерттеу барысында әлеуметтік философияға айналды. Ақынның қоғамға, оның құрылымына көзқарасы, ұлттық бірлік туралы зерделі ойы, рулық, тайпалықжаулықты жою,сайлау, билер соты жайлы,пікірлері ұлттық сананың өсуіне өріс ашты.Өзінің ағартушылық философиясына сәйкес ол әлеуметтік жаңарутек білім арқылы ғана мүмкін болады деп есептеді. Білімді адам әрқашан парасатты, жақсы-жаманды ажыратады, ал надан адам әкесін, шешесін, барлық туысы мен жақынын арқасынан бір қаққан алғашқы орыс чиновнигіне сатып жібереді. Абайдың мұраттары мен мүдделерін одан әрі дамытып, жаңа қоғамдық саяси жағдайға толықтырып, нақтылап, өмірлік істерінде ұдайы қолданған көптеген шәкірттері болды. Олардың ішінде көрнектілері: Шәкәрім Құдайбердіұлы,Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынұлы және басқалар.

Абай сынды бүкіл әлемдік ауқымдағы ақыл-ой алыбының тарих сахнасына шығуының өзі ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамында болып жатқантүбірлі өзгерістерімен тікелей байланысты болатын. Ол қазақ даласына белсенді түрде араласа бастаған алғашқы капиталистік қоғамдық қатынастарды бірінші болып аңғарған адам. Соның арқасында ұлы ақын рухани қазыналардың жаңа жүйесін түзіп, елдікке апарар жолда етектен тартар ескілікпен күресе жүріп, өмір мен адамның, мәдениет пен қоғамның парқы мен мәнін ұғындыратын философиялық жаңа ұғымдар мен принциптерді қалыптастырды. Абайдың рухани, даналық мұрасы терең мағыналы философиялық идеяларға толы: ол күллі Шығыста философияның негізгі мәні болып табылатын жетілген адамды өзекті және басты проблема етіп қарастырып, соған айрықша көңіл бөледі, адамгершілік туралы ілімді дамыта отырып, адамды адамгершілік, кісілік тұрғысынан жетілдіру принциптерін ашып, ұлттық эстетика мәселелерін алға тартады,адамдың шексіз танымның мүмкіндіктерін байқап, надандықпен күресін бағалап, білім мен ғылымның олардың әлеуметтік өміріндегі рөлін анықтап, адамтануды жүйелі қарастырады. Даналықтың өлшемі бола білген философ –ақынның рухани мұрасы шын мәнісінде қазақ халқының зерделі ойы мен өмірінің энциклопедиясы секілді. Олай дейтін себебі, Абайды танып, оның шығармаларын игере отырып, сол кездегі қазақ қоғамының экономикалық, саяси, құқықтық, отбасылық, мәдени-тарихи, моральдық жайынан айқын да анық және дәл мағлұматтар алуға болады. Абай қаламынан шыққан барша қазынаны, оның рухани мұрасын жүйелі зерттеп, тануда айрықша еңбек сіңірген адам Мұхтар Әуезов болды. Ол әлемге әйгілі эпопияны дүниеге келтіре отырып, сол арқылы дүниежүзілік мәдениеттің ауқымына көтерді, Абай өткен жолдың бүкіл адамзаттық маңызын сындарлықпен ашабілді. Ұлағатты ғалым, абайтанудың негізін салушы өзінің Сонадай, Абайдық жүйелі ойларының үлкен бір арнасын қалыптастыруға ІІІығыстың рухани қазынасының да ықпал-әсеріңің аз болмағандығы сөзсіз. Өйткені, ол күлді араб пен парсының батырлық жырларын, Шығыстың атағы жер жүзіне мәшһүр классик акыңдарын, ат-Табари, Рабғузи ,Рашид-ад-Дин, Бабур-Захиред-дин Мүхамед, Абылғазы-Баһадур ханның тарихи еңбектерін, сондай-ақ логика ғылымының негіздері мең мұсылмандық құн, Шығыстың шариғат қағидаларын үғындырар ғұламаларының еңбектерін жетік меңгерген-ді. Сол еңбектерді түп нұсқасында оқитын жан-жақт білімдар, ғүлама болатын-ды.

Исламның қазак даласындағы жетістіктері мен ңығаюына орай жаңа заманға байланысты араб, парсы, түрік тілдеріндегі білім көздеріне Абай ерекше көңіл аударады. Өзінің айырықша қабілетінің арқасында өз бетімен жүйелі түрде оқып, араб, парсы тілдерін игереді. Сөйтіп, ол Ә. Бекейханов айтқандай, қасиетті кітап­аралықтағы шкірлер қарастырылуы ел көңілін аударары анық. Өйткені, бұл мәселе арқылы екі алыптың кейбір идеяларынан өзара бар. Отырардан шыққан және Шығыстың екінші ұстазы атанған алғашкы кәсіпқой фи­лософ, ғұлама ғалым Әл-Фараби философияның барлық саласы-бойынша 164 трактат жазған. Біз олардың отыз шақтысын ғана білеміз, қалғандары әлемнің әр түкпірінде шашылып жатыр. Осыған байланысты орта ғасырлық араб-парсы тіліндегі философиялық еңбектер мен араб мәдениетінің, жалпы араб-мұсылман Шығысының Абайдың дүниеге деген көзқарасын калыптастырып, дамытуда соңғы кездерге дейін абайтануда калып-тасқан пікірден әлдеқайда елеулі болғандығын ерекше атау орынды. Бұл тұрғыда біздің рухани арналарымыздың, негізгі көздерінің бірі — араб-мұсылман Шығысы-мен арадағы алтын көпір секілді деп есептеуге боларлық «Әл-Фараби және Абай» сынды келелі тарихи сабақтастық мәселесінің белгілі үндестіктер табылатындығы хақ. Қазақ даласындағы ой тарихы үздіксіз жүріп жатуы заңды процесс.

Соңғы уакытта бұл мәселені ереңдей оқып-білуге ұмтылыс байқалуда. М. Мырзахметовтың еңбегі үлкен кызығушылық туғызады. Зерттеуші көбінесе Абайдың философиялық көзқарасының қайнар қөздері Шығысқа көбірек саятынын атап көрсетеді, «Шығыс ойшылдары мен ақындарының идеяларын игеру Абайдың көзқара-сының гуманистік жақтарының қалыптасуына эсер етті»3. «Әл-Фараби және Абай» проблемасының қойылуы маңызды әрі қажетті болып табылады.

Араб мәдениеті, арабтық-мұсылмандық Шығыс — бұл Әл-Фараби мен Абай үшін бірдей рухани бастау, олардың арасын жалғастырар арқау, үндестік, кейбір идеяларының бір-біріне тіл қатып тұрғандығы, байланыстылық болғандығын растайды. «Әл-Фарабидің эти-калык ойлауының бастауы

сұлулық пен бақытқа адамның жетуі…»[1]. Атап айтсақ, Абайдың және барлық қазақтың ағарту ісінің этика-әлеуметтік тұжырымдамасы өз бастауын адамды бағалау, оның бақыты мен адамдық болмыстың мәнін қарастырудан алды. Абай мұрасы «ұлы ақынның шығармашылығының өзегінде жатқан әсемдікке ұмтылумен бейнеленеді»[2], — деп академик Ә. X. Марғұлан әділ бағалаған болатын.

Әл-Фараби мен Абайдың жердің жаратылуы туралы ойлары, космониялық және космологиялық түсініктері үндес. Әл-Фараби өзінің математикалық трактаттарын-да «8» санына баса назар аударған, ал Абай «Сегіз аяқты» жазған. Әл-Фараби: «Әрбір адамның әлемде (дүниеде) өз орны бар», десе Абай оны жаңғыртады: «Сенде бір кірпіш дүниеге»[3]. Идеялардың мұндай езектестігнің жалғастыруға болады«Әл-Фараби және Абай» проблемасын зерттеумен шұғылданушы А. Машанов екі ойшылдың арасын тарихи сабақтастықпен жалғастыру-шы Әл-Фарабидің философия, музыка, жаратылыстану ғылымдары туралы трактаттарына кеңірек тоқталған мұсылман-діншіл Шахабутдин Маржани деген пікірге келеді. Ш. Маржанидің шәкірттері Абайға мөдреседе оқыған жылдарында дәріс берген. Абайдың Маржаниды көп оқығандығы жөнінде мәліметтер бар[4]. Бұл мәселе нақтылауды әрі байыпты зерттеуді талап етеді, бірақ оның қойылуының өзі маңызды және қажетті, өйткені араб-мұсылмандық Шығыстың, сондай-ақ Әл-Фа-рабидің Абай дүниетанымына ықпалы — проблеманың әлі жет зерттелмеген жағы.

Абай Шығыстын, ұлы ақындары Фирдоуси, Низами, Хафиз, Жами, Сағди, Науаи, Сәйхали және басқа да алыптардың сиқырлы әуез, биік рух, қиыннан қиын-дасқан шынайы шеберліктің үлгісіндей ғажайып поэзиясының аясында тәрбиеленіп, өмір бойы солардың дәстүрінен қол үзген емес. Өйткені, Шығыстың сүңғыла ойшыл ақындарының адамның табиғатын тереңнен ұғатын ерекше қасиеті, оның болмысына, рухани жан дүниесіне, адамдағы адамшылыққа сүйіспеншіліктері

Абайдың Семейге жер аударылған саяси тұтқындарын достығы және олардың ұлы ақынға жасаған әсер ықпалы туралы аз жазылып жүрген жоқ, әйтсе де біздің ойымызша, осы тарапта қалам тартқан Ә. Бөкейха-из, А. Байтұрсыновтардың еңбектері осыған дейінгі кірлерден мүлдем көзқарастары болуымен ерекшеленеді. Олар Е. П. Михаэлис пен С. С. Гросстын. айдық ақындық һәм философиялық шығармасына төтенше эсер етіп, оның дүниетанымын түп-тамырымен өгерткенін баса көрсетеді. Абай өркениетті халықтарда эзиялық және философиялық шығарманың ерекше құрметтелетіндігін, ал онымен айналысатын адамдардың сыйлы кісілердің санатында жүретіндігін білгенде,

әнінде қазақта ақындық өнер ондай құрметке ие болмаса, оған кінәлі өнер емес, сол өнерді тілемсектіксұрамсақтық, мал табудың көзіне айналдырған ақындардың өзі екендігіне әбден көзі жетеді. Сөйтіп, ол Ахмет Байтұрсынов сөзімен айтқанда: «Ғылымды жұртта өлең жазу, сөз жазу нағыз қадірлі істің бірі екенін үққан». Сөйтіп, «білім ал!» атты ақыннын, ұраны қазіргі өтпелі замандағы жастар үшін нарық туралы ғылыми ілімді игеруде де өте маңызды орын алады.

—Абайдың рухани әлемі — ерекше бір тылсым дүние, ал оның негізгі зерттеу объектісі — адам. Сол адамның эстетикалық, этикалық бет пернесі, арман мақсаты, өмірінің мәні, сезімі мен түйсігі, болмысы мен ұлттық ойлау ерекшелігі ұлы ойшылды терең тебіреністерге түсірген. Олардың негізінде адам және кісілік философиясы жатыр.Абай былай дейді:

…Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес. «Мені» мен «менікінің» айырылғанын «Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес…

Өйткені, адам мәселесі, оның дүниемен қатынасы, адамның өмірі мен тұрмысының мәні философияның, негізгі өзегін, басты проблемасын құрайды. Мәселен, бүгінгі таңда біз бастан кешіп отырған_ жүйелі дағда-рыстың өзі де — сайып келгенде осы адамның дүниеге деген тубегейлі катынасынық дағдарысы Шығыс ойшылы ретінде Абайда қарастырылатын күрделі адам проблемасы үлкен ауқымда, яки қоғамдық, руханилық, құндылық, этикалық, эстетикалық жақтарда қаралады. Ал, бұл мәселелердің. қайсысының да бір-бірімен тығыз байланысты екендігі күмәнсіз.

Абай адам табиғатын этикалық түрғыда қарай отырып, оның тұтас алғандағы кісілік қалпын, ұжданды, «сегіз қырлы, бір сырлы» сырбаз адам, яки кемеліне жеткен «толық адам» кейпінде алға тартады. «..Адам деген даңқым бар», — дейді Абай. Сол арқылы ол не­ден қашық, неге асық болуға үндейді, жақсылық пен жамандықтың, надандық пен имансыз адамның шынайы мәнін ашады. Мысалы, ақынның мына сөзі де осының бір дәлелі: «Тілеуді құдайдан тілемей, пендеден тілеп, өз бетімен еңбегімді жандыр демей, пәленшенікін әпер демек ол құдайға айтарлық сөз бе? Қүдай біреу үшін біреуге жәбір қылуына лайығы бар ма? Екі сөздің басын қосарлық не ақылы, не қыльшы жок тұра, өзімдікін жөн қыламын деп, құр «өй, тәңір-ай!» деп таласа бергеннің несі сөз? Оның несі адам?.. Оларды мұсылман деп қалайша иманы бар ғой дейміз?»

…Жүрегіңнің түбіне терен, бойла,

Meн бір жұмбақ адаммың ойы да ойла,

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!

Абай адамды жаратушының қаһарынан қаймыққаннан емес, өзінің арының, ұятының, халқының алдында сол істеген қылығы үшін жауапты болғандықтан да кайырымды, мейірімді болуға тиісті деп біледі. Қазіргі біз бастан кешіп отырған кезенді, әдетте, адамдардың қылықтарының кезеңі деп атайды. Сөйтіп, әнгіме қылықтардың философиясы туралы қозғалады.

Абайдың этикалық тұжырымдамасында «еңбек» деп аталатын ұғым ерекше орын алады. «Адал еңбек, мал таппақ, жұртқа жақпақ», — деп қандай еңбекті дәріптеу керектігін байқатады. Тіптен ақынның адал, шынайы еңбектің адам өмірінде зор орын алатындығын қозғамайтын шығармасы жоқ деп айтуға да болады. Өйткені еңбек адамның азамат ретінде қалыптасуы үшін рухани тұрғыдан да, парасаттылық тұрғысынан да басты қызмет атқарады деп есептеген. Сондай-ақ,. ақын еңбек кісінің жан дүниесін мейірімділікке бөлейді, ал, оның қадірін білмейтін салбөксе жалқаулар кө-біне теріс қылықты болып келеді деген тоқтамға келеді. Сол себепті ол: «Еріншектік — күллі дуниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, үятсыздық, кедейлік — бәрі осыдан шығады», — деп жазды. Қысқасы, ақын еңбекті ең жоғары игіліктің көзі, адам қаракетінің ең биік өлшемі, халқына қызмет етудің, оның ұлттық арман-мүддесін жүзеге асырудың, намысын қорғаудың басты көрсеткіші деп білді. Адамның тұлға ретінде қалыптасу процесінде өскен ортаның, тәрбиенің рөліне үлкен мән бере отырып, ұлы ақын әркімнің өзін-өзі жуйелі түрде тәрбиелеп отыруы керектігіне айырықша көңіл бөледі. Өзінің он бесінші сөзінде ол осы ойды былайша толғайды: «Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бІр — өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өміріңді қалай өткіздін, екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей .қалыппысың?» Бұнда ақын адамның өзіне өзгелердің көзімен қарап, күнделікті істеген ісіне талдау жасауға, барлық әрекетіне жауап бере алуға, өзінің, өмірдегі орнын біліп, соған лайық іс-қимыл жасауға міндеттілігін ашады Адамның тұтыну мүмкіндіктері жайлы толғана келіп, Абай бұл мәселеде қанағатсыздыққа ұрындырмайтын мөлшер, шамадан асып кетпеу керектігін өсиет етеді: «Әрбір жақсы нәрсенің, өлшемі бар, өлшемінен асса — жараманды. Өлшемін білмек — бір үлкен керек іс… Ішпек, жемек, кимек, күлмек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, мансап іздемек, айлалы болмақ, алданбастық — бұл нәрселердің бәрінің де өлшемі бар». Ал, сол өлшемнің шамасын қалай анықтауға болады? Ақын пікірінше, — оның таразысы — ұяттылық пен арлылық. Осы сезім бар жерде адам қанағатшыл-дық пен кісіліктің тізгінінен айырылмақ емес деген ойға жүгіндіреді Бұл жерде біз белгілі орыс философы Вл. Соловьев пен Абайдың ұят туралы ой-пікірлерінің соншалық күтпеген үндестігіне таңданамыз. Вл. Соловьев ұят сезімі ұят дегенің өзі жалпы адамдықтың, моральдың маңызды бірінші бөлігі деп есептеген, ұятты мінез-қүлықтың айрықша реттеушісі дей келіп, Декарт сөзін былайша келтіреді: «Мен ұяламын, демек, мен өмір сүрудемін».. «Ұятты жоғалту», яғни «адамдықты жою» деген байламға келеді орыс философы. Ал Абай «Ғақлияның» отыз алтыншы сезінде осы үғымды толық, талдай келіп: «Ұят деген адамның өз бойындағы адамшылығы»10, — дейді. Ғақлияның он төртінші сөзінде қазақ ойшылы былайша ой қорытады: «ар мен ұятқа терістіктен сілкініп, бойын жиып ала алмаған кісі үнемі жаманшылыққа,. мақтанға салынып, өз бойын бір тексермей кёткен кісі, тәуір түгіл, әуелі адам ба өзі?»11. Екі ойшылдың идеяларындағы мұндай айқын, салыстырмалы үн-дестіктің, этикалық идеялардың, мұндай жаңғырығын түсіндіру өте қиын. Дегенмен, Абай Вл. Соловьев еңбектерімен таныс болды деген ұйғарымға келуге болады, өйткені олар Ресейде көптеген журналдарда жарияланған, кеңінен танымал болды, ал Абай бай кітап қорымен әйгілі Семей кітапханасының түрақты оқырманы болғаны жүртшылыққа белгілі. Ж. Аймауытүлы Абайға «дананың көрегендігі, ізгілікке құштарлық, әділдік, шыншылдық» тән деп тұжырымдап, ол өмір бойы «жаңылыс басқандарды дұрыс жолға бағыттауға ұмтылды», — деп ой түйеді Абай адамгершілік идеясын өмір бойы ту қылып көтеріп еткен. Ол азаматты шыққаң тегі, атқарып жүрген қызмет-мансабы, атақ-даңқы мен дәулетіне қарай емес, оның жан дүниесіне, өз еліне, халқына керсетер қызметіне қарай құрметтеуге үндейді.

Абай адамның жан дүниесінің үнемі өзгеріс, дамуда болатындығын дұрыс көрсетеді, сондай-ақ өзінің. «Адамбол» дейтін негізгі шафқатты-этикалық принципінде азаматты надандық тұрғыдан ылғи да жетілу, толысу процесі ауқымында ұғынады. Адамның адамшылдық жағын көре білу және дамыту, ақылды, білімді адамды жоғары бағалау, өмірінің аяғына дейін адам болып, дұрыс қартаю, өз халқына қажымай-талмай қызмет ету, бүкіл адамзатты, адамды сүю және құрметтеу — бүгінгі таңдағы басты мәселе.

Шығыстың өзге ұлы ойшылдары сияқты Абай да қоғамның жақсарын, жаңғыруына адамдардың ар-ұжданын жетілдіру жолымен қол жеткізуге болады деп қатты сеніп, халқын сол жолға салсам, оған барынша мол пайда келтірсем деп есептеген. Оған өзінің идеялық-мәдени ізденуі толық кепіл.

Данышпан ақынның этикалық мұраты оның эстетикалық мұратымен тығыз байланысты. Абай түсінігіндегі адамды адамгершілік жағынан жетілдіру эстетикалык, және этикалықтың бірлігі, ал ол белгілі дәрежеде эстетикалық құндылыққа ие. Жан-жақты дамыған-әмбебап тұлғаға айналу жолын ол өнер, сөз поэзия ар­кады эстетикалық тәрбие беруден, адамдарға нақтылы өмірде ғажайып күшке ие сөз құдыретімен әсер етуден болады деп білген.

Абай әдеміліктің ұлттық түсінігі мен түбірінен жаңа эстетикалық принципін ұсынып, оны былай деп тұжырымдайды:

…Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын

Қазақтың келістірер қай баласы?

Абай нақтылы шындықты әсемдіктің тұлғасы ретінде ұғынады. Оның эстетикалық көзқарасында қазақтың қоғамдық ой-санасындағы сұлулықты, әсемдікті жаңаша ұлттық тусінуге, қоғамдык өмірдегі өнердің орнын терең білуге ұмтылғандығын байқалады.

Абайдың жанына жақын идеяларының бірі — адамды табиғатпен жақындастыру мәселесі, яки табиғат пен адам, табиғат пен махаббат, табиғат пен өнер сынды жайлар — ақынның поэзиясындағы сүйікті тақырыптары. Әрине, Абай шығармашылығында тікелей табиғатты сипаттайтын шығармалар көлемі жағынан онша көп емес, бірақ, көтерген мәселесі тұрғысынан алғанда назар аударарлық. Өйткені, бұл мәселені көтерген шығармаларда тек жылдың төрт мезгілі сипатталып қана қоймайды, күллі табиғат жырға бөленеді, тұтас алғанда ақынның адам туралы философиялық түсінігі жан-жақты ашылады. Бір кезде Әлихан Бөкейханов жазғандай Абайдың жылдың төрт мезгіліне арнаған (көктем, жаз, күз және қыс) жырлары Еуропаның даңқты ақындарының өзі құрмет көрсетердей дәрежеде.

Абай үшін табиғат әманда нақтылы да, ғажайып, ол адаммен, қоғамдық ортамен тығыз байланысты. Ақын оны ішіне ғажайып сыр бүккен нақтылы шындық ретінде қабылдайды. Бірақ, Абай үшін негізгі нәрсе — адам мен табиғаттың бірлігі болуы да — адам сол табиғаттың ең елеулі, басты тұлғасы ретінде қаралды. Сондықтан да ол адамды табиғаттың тасасында қалдырмайды, оны ойлау, идеялардың қабылдау қабілетінің арқасында барша тірлік иелерінен, жануарлардан жоғары тұрған саналы ақыл иесі деп біледі. Демек, Абай адам­ды кісілік қалыпқа жеткізіп, қалыптастыратын қоғам, уақыт, дәуір талабы екенін жақсы білген. Сондықтан да: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені, көп болғаң а дам білімді болады», — деп ой түйеді.

Абай тәрбие адамға әсер етіп, оған кісілікті қалып-тастырады деп біледі. Тәрбие арқылы адамға туа берілетін қасиеттер дамып қана қоймай, оның ақылына да, адамгершілігіне де, парасаттылығына да, еңбек қорлығына да, өзіне деген сеніміне де жетілдіру жасауға бо­лады деп есептейді.

Абай күллі дүние ылғи өзгереді, дамиды деп білген. Ақының «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» деп аталатын өлеңінен бастап, жиырмасыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші қара сөздерімен, «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деп келетін толғаныс-жырында және тағы да бірсыпыра шығармаларында диалектика идея-сы бой көрсеткен. Бүл туындыларында Абай жаратушыдан басқаның бәрі бұл жалғанда дамиды, өзгеріске ұшырайды, ал қоғам ұрпақтардың үнемі жаңарып отыратын мекені деп біледі. Сондықтан да ол бір мезгіл

Дүние үлкен кел,

Заман соққан жел

Алдыңғы толқын — ағалар,

Артқы толқын — інілер,

Кезекпенен көрінер,—

деп толғанса, бір уақытта «Дүниеде ешнәрседе баян жоқ екені рас», яки «замана шаруа, мінезі күнде езгереді» деп ілгерідегі айтылған ойларын одан әрмен өрбітеді.

Қорытынды

Абайдың күллі шығармасы мен дүниетанымының өн бойында өрнектің арқауындай болып жарыса жүріп отыратын басты идея — бұл халыққа білім беру. Абай жұрт алдына білімін салғанда, басқалар малын салған… «Білімнен мал болушы ма еді? —деп Абай жұрттың онысына таласқан», — деп жазуы оның осы білімді адамшылық қасиеттің басы деп, сол жолға бүкіл өмірін, машалық қайратын сарп қылғандығын танудың дәлелі.

Ақынның білімді елге кеңінен таратып, надандықпен рухани тозғандықпен күресуі оның әлеуметтік бағасы болғаны сөзсіз, бірақ, біздің ойымызша, ұлы ойшылдың тек қана ағарту ісінің шеңберімен шектелмегендігі хақ. Өйткені, ол ең алдымен, тек қана ағартушы емес, бірнеше ғасыр бойы туған халқының дүниеге келтірген жан сүйсіндірер жақсы қасиеттерін, менталитетін, рухани болмысын, руханилықты бойына жинақтай отырып, соны ел мен жер бірлігі, тіл, казак, кең байтақ территория тұтастығы үшін пайдаланған әлемдік деңгейдегі іргелі ой иесі, ұлы философ-Шафрат болатын.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қ.Ш. Мұхамеджан. Философия. Семинар сабақтарға және өзіндік жұмысқа әдістемелік нұсқау. Алматы АЭЖБИ 2007
  2. Философия науки: учебное пособие А.И Липкна — Москва: Эксмо 2007—608c
  3. Философия : Жоғарғы оқу орынарындары студенттеріне арналған оқулық// құрастырған Т. Ғабитов аударған Б. Сатершинов –Алматы: Қаржы-Қаражат , 2002—352 бет .
  4. Философиялық сөздік. —/ Редокл:Р.Н. Нұрғалиев, Ғ.Ғ. Ақмамбетов ж.б. –Алматы, 1996-480б.
  5. Поппер К. Логика и рост научного знания. Москва—1981—468стр
  6. Байсенов Қ.Ш. Философия тарихы: Оқулық.-Шымкент, 2005—452б.
...