+3 дауыс
42.6k көрілді
Құлақты қалай емдеуге болады?Пердесі тесілген жағдайда қандай емдер қолдануға болады?Сол жайында толық мағлұматтар берсеңіздер:

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Құлақ – есту органы. Ол дыбыс өткізетін және қабылдайтын екі бөлімнен тұрады. Құрылымы - сыртқы есту түтігі, дабыл жарғағы, ортаңғы құлақ қуысы, балғашық, төс, үзеңгі, шағын дыбыс қуысы, ұлу, евстахий түтігі сияқты бөліктерден тұрады. Сыртқы құлаққа: құлақ қалқаны, сыртқы есту түтігі, ортаңғы құлаққа: есту сүйекшелері жатады. Ішкі құлақта құлақ құрышы, онда сезімтал есту клеткалары мен вестабулар аппараты – тепе-теңдік органы орналасқан.
Құлақ ауруы, естуінің нашарлауы түрлі жағдайлардан болуы мүмкін.  Құлақтың әр түрлі бөлімдері қабынып ауырады. Сол кезде адам естімей қалып, қиналады. Мұрын мен мұрын-тамақ жолдары сырқаттанса, евстахиев түтігі қабынуының салдарынан дабыл қуысына ауаның келуі қиындайды, дыбыс өткізгіштік бұзылады. Бұл қабыну ұзаққа созылса, ортаңғы құлақта жапсырма және тыртық пайда болады, құлақ көмескі естиді.
Сурдологиялық орталықта клиникалық аудиометр, темпанометр сияқты аппараттар бар. Мұнда 5 жастан бастап құлағы ауыр еститін балаларды қарап, оларға диагноз қойылады. Ем-дом жолдарына кеңес береміз.  
Темпанометрдің көме-гімен есту қабілеті бұзыл-ған жағдайда және орталық құлақтың сырқатын анықтай аламыз.
Бізде сондай-ақ, ойындық аудиометр аппараты бар. Бұл құрылғының көмегімен балалардың есту қабілетінің деңгейін анықтауға болады. Құлағына арнайы тыңдау құрыл-ғысын киген бала ойын залында отырғандай жағдайда қойылған сұрақтарға екі қолына ұстап отырған тегеріштегі нүктені басу ар-қылы жауап береді. Яғни, бала берілген дыбысты қай құлағымен естіп отырғандығынан белгі береді. Бұл балалардың есту қабілетін нақты анықтауға арнайы, оңтайлы жасалған, жұмыс істеуге өте қолайлы заманауи аппарат болып есептеледі.
Сонымен бірге орталықтағы «Иклипс» аппараты арқылы туа бітті есту қабілетінде зақымы бар кішкентай сәбилерді тексеруден өткізіп, нақты диагноз қойылады.
Балалардың туа бітті есту қабілеттерінің зақымдану салдары әр түрлі болып келеді. Оған жүктілік кезеңіндегі ананың әртүрлі аурулары, олардың кейбір гармондық препараттар қабылдауы себеп болуы мүмкін. Мұның себептері өте көп.
Аталмыш орталықта облыс бойынша нейро-сенсорлық есту қабілеті нашар 23 бала бірінші санат бойынша есепте тұрса, екінші санат бойынша 14 бала есепке тіркелген. Бұл тексерілу барысында құлақ аурулары анықталғандар. Ал, тексерілмей жүргендер қаншама.
Бала құлағының мүкістігі аденоидтен (тамақ-мұрын бездерінің ұлғаюы). Бас сүйек жарақаттанғанда, ми қыртысы қабынса да, қан тамыры склерозға ұшыраса да есту қиындайды. Құлаққа құлық қатып, тесігін мүлдем бітеп тастаса да естілмейді. Бас шай-қалса да құлақ естімей қалады. Құлақ ауырғанда, есту нашарлағанда дәрігерге қаралу қажет, олардың кеңесімен есту аппаратын сатып алып, пайдаланған жөн.
http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D2%B1%D0%BB%D0%B0%D2%9B,
http://www.kinfo.kz/news/la_aurulary_turaly_bile_zh_ri_iz/2012-01-12-1530 осы жерлерден қарап көр
көп-көп рахмет!
мен екы кулагыма да операция жасаттым. бирак естуым сол баягыша типти одан сал томен естид. не ушын екенын айта аласыз ба??? оерациядан кин естып кетесын деген бирак бомад. алайда пердем операциядан бурын туз жиналып тесылген еды. операциядан кин дурысьалды тек естуым нашар(((
0 дауыс
Менин кулагым куннен кунге естимей баражатыр, кулагымда есту аппараты алып тагып жургениме уш жыл болып калады,не себеп екен
0 дауыс
Кулак пердеси тесилсе немесе жарылганын калай билуге болады????Он кулагым шынылдап тунып турады
0 дауыс
менің құлағыма бала кезден суық тиіп пердесі тесік екі құлағымда, қәзіргі таңда нашар естіп жүрмін, өзім ыңғайсызданып кетемін, ол бойынша тараз қаласында жатып емделгенмин бірнеше жыл бұрын, қәзір құлағымнан бұлақ ағады сәл ашық қалсада суықтасада. не істеуге болады? операцияға қарсы болғанмын... апарат алуыма болама? қандайы жақсы?
0 дауыс
Сəлеметсіздерме??? Менің кишкентайымнан құлағыма суық тиіп бұлақ ағатын. Содан екі пердесіде тесіліпті. Жасым 26 да. Операцияға қарсымын. Өйткені есту қабілеті төмендейді, бала тууға, түшкіруге, жөтелуге, тумауратуға болмайды екен! 2 дəрежелі деп берген. Операциясыз емделуге болама??,
0 дауыс
Саламатсызба? 73 жастағы ер кісіге аппарат керек еді. Оны қалай аламыз және тексеріліп тағу керек па? Қаншадан? Қызылорда қаласынанбыз...
...