1. Лалагүл тұқымдасының гүліндегі күлте жапырақшаларының саны: A) 4. B) көп. C) 5. D) 8. E) 6. 2. Дәрі-дәрмек алу үшін өсіретін саңырауқұлақ A) қаракүйе. B) қастауыш. C) пеницилл. D) ашытқы. E) мукор. 3. Шұбалшаңдардың класы- A) азқылтанды құрттар. B) таспа құрттар. C) сорғыш құрттар. D) көпқылтанды құрттар. E) кірпікшелі құрттар. 4. Қансорғыш қосқанаттылардың ауыз мүшелері : A) Тесіп-сорғыш. B) Ауыз аппараты жалағыш. C) Сорғыш. D) Астыңғы еріні ұстағыш. E) Кеміргіш. 5. Адамның жүрегінің бөлігі: A) 4 B) 5 C) 1 D) 2 E) 3 6. Эмоция: A) Ұйықтау B) Коньки тебу C) Қуану D) Ән айту E) Кітап оқу 7. Жекелеген түрді бір популяцияға біріктіретін негізгі фактор A) Жекелеген түрдің бір-бірімен еркін шағылысуы. B) Барлық айтылған факторлар. C) Топырақ. D) Микроклимат. E) Азықтық өсімдіктер. 8. Еменді орман өсімдіктерінің ішінен жоғарғы ярустыларға (сатыға) жататындар: A) Алмұрт. B) Итмұрын. C) Жөке ағашы, емен. D) Алма ағашы. E) Үйеңкі. 9. Қорықтарды ұйымдастыру мақсаты - A) суайдындарын сақтау. B) атмосфераны сақтау. C) табиғат ресурстарын сақтау. D) топырақты сақтау. E) табиғат байлықтарын табиғи қалпында сақтап қалу. 10. Картоптың гүлдері: A) Екі үйлі B) Қос жынысты C) Жыныссыз D) Бір үйлі E) Дара жынысты 11. Асбұршақ тұқымы өне бастағанда, алғашқы пайда болатыны: A) Тұқым бастама. B) Сабақша. C) Жапырақша. D) Тамырша. E) Бүршікше. 12. Үйректің аталығы: A) Мекиен. B) Қораз. C) Атақаз. D) Ұябасар. E) Кежек. 13. Нейрондардан құралған ұлпа: A) Дәнекер. B) Бұлшықет. C) Жүрек. D) Эпителий. E) Жүйке. 14. Зәр бөлудің орталығы жұлында орналасқан A) Құйымшақта B) Арқа бөлігінде C) Мойын бөлігінде D) Бел бөлігінде E) Сегізкөз бөлігінде 15. Бассүйектің бет сүйектеріне жатпайтыны: A) жоғарғы жақ сүйек B) маңдай сүйегі C) астыңғы жақ сүйек D) жақ сүйектері E) мұрын сүйегі 16. Адамның аузындағы күрек тістердің саны. A) 4. B) 8. C) 10. D) 6. E) 12. 17. Қанға инсулин бөлетін ... без: A) жыныс. B) қалқанша. C) қосалқы (гипофиз). D) ұйқы. E) бүйрек үсті. 18. Рибосоманың қызметі: A) ақуызды синтездеу. B) органикалық заттарды синтездеу, тасымалдау. C) AТФ-ты синтездеу. D) барлық органоидтардың өзара әрекетін қамтамасыз етеді. E) биосинтез өнімдерін тасымалдау. 19. РНК молекуласының құрамындағы компоненттер: A) Дезоксирибоза және цитозин. B) Дезоксирибоза және урацил. C) Урацил және рибоза. D) Тимин және рибоза. E) Дезоксирибоза және тимин. 20. Жасушаның көбеюіне қатысады A) Жасуша аралық зат B) Ядро C) Цитоплазма D) Пластид E) Вакуоль 21. Органикалық заттар түзіледі A) тамырда B) жемісте C) пиязшықта D) жапырақта E) гүлде 22. Қырықбуынның споралары дамиды A) Түйнекте B) Сабақта C) Жемісінде D) Масақшада E) Тамырсабақта 23. Бір қабатты іші қуыс ұрық A) зигота B) онтогенез C) нейрула D) бластула E) гаструла 24. Cоя мен тарының отаны A) Оңтүстік Батыс Aзия орталығы. B) Орталық Aмерика орталығы. C) Оңтүстік Aзияның тропиктік орталығы. D) Шығыс Aзия орталығы. E) Жерорта теңізі орталығы. 25. Адамдағы атавизм: A) Соқырішегі. B) Шонданай сүйегі. C) Көздегі үшінші қабақ. D) Құлақ қалқаны. E) Көп емшектілік. 15-нұсқа 1. Дара жарнақтылар класына жататын өсімдіктер: A) картоп B) арпа C) томат(қызанақ) D) шалғам E) күнбағыс 2. Саңырауқұлақтың өсімді (вегетативтік) денесі: A) Жіпшелер. B) Таллом. C) Тамыр. D) Сабақ. E) Жапырақ. 3. Шұбалшаңның негізгі қорегі: A) шыбын-шіркей B) ауадағы азот C) өсімдіктердің шіріген қалдықтары D) сазды топырақ E) бір жасушалы қарапайымдылар 4. Үй жәндігі болып есептелетіні : A) көбелек B) кәдімгі махаон C) тұт жібек көбелегі D) капуста ақ көбелегі E) қалақай көбелегі 5. Бас, мойын, қолдан қанды жүрекке таситын қантамыр: A) күретамыр. B) қылтамыр (капилляр). C) өкпе артериясы. D) артерия (салатамыр). E) көктамыр. 6. Тыныс алғандағы ауаның микробтар мен шаң-тозаңнан тазаруы, жылынуы: A) Мұрын қуысында. B) Ауатамырда. C) Кеңірдекте. D) Өкпе көпіршігінде. E) Өкпеде. 7. Тілдің ұшындағы рецепторлар сезеді A) Тұщыны B) Қышқылды C) Ащыны D) Тәттіні E) Дәмсізді 8. Ағзаның жаңа белгілерге ие болу қасиеті: A) көбеюі B) дамуы C) өзгергіштігі D) тұқым қуалауы E) тітіркенгіштігі 9. Өсімдіктің азот жинақтаушы-түйнек бактериялары орналасқан орны: A) Жапырақта. B) Тұқымда. C) Тамырда. D) Сабақта. E) Жемісте. 10. Жарық сүйгіш өсімдік A) қарағай B) шаң жапырақ C) мүкжидек D) інжугүл E) шырша 11. Ширақ балапанды құстар: A) Тоқылдақтар. B) Тауық тәрізділер. C) Жыртқыш құстар. D) Торғайтәрізділер. E) Кептерлер. 12. Қалқанша безінің қызметі күшейсе: A) жүректің соғу ритмі баяулайды. B) жүректің жиырылуы жиілеп, қан қысымы, жүйке жүйесінің қозғыштығы артады. C) көбею жүйесінің өсуі. D) дене температурасы жоғарылап, глюкоза деңгейі артады. E) көмірсулар, ақуыз, май алмасуы бұзылады. 13. Адам тепе-теңдігі бұзылуы байланысты A) ортаңғы миға B) үлкен ми сыңарына C) жұлынға D) аралық миға E) мишыққа 14. Асқорыту жүйесінің қоректік заттарды сіңіруге қатысатын бөлімі A) Аш ішек. B) Асқазан. C) Ауыз қуысы. D) Асқорыту бездері. E) Бауыр. 15. Сары майда, қызанда болатын ағзаның өсуіне және дамуына әсерін тигізетін дәрумен A) - С B) - В1 C) - D D) - А E) - К 16. 1838-1839 жж. жасуша теориясын негізін қалап, қортынды берді: A) М.Шлейден және А.В.Левенгук B) М.Шлейден және Р.Браун C) М.Шлейден және Р.Гук D) М.Шлейден және Я. Пуркинье E) М.Шлейден және Т.Шванн 17. Жасушада АТФ синтезделуі үшін энергиямен қамтамасыз етуші - A) ферменттер. B) оттегі. C) минералды тұздар. D) глюкоза. E) витаминдер. 18. Даралардың айналадағы әр түрлі күрделі орта жағдайларымен қарым-қатынасын Ч.Дарвин ... деп атады. A) тұқымқуалау өзгергіштік B) бейімделушілік C) табиғи сұрыптау D) тіршілік үшін күрес E) қолдан сұрыптау 19. Адамның іс-әрекетінің ағзаларға әсер ету факторы: A) Антропогендік. B) Абиотикалық (Бейбиотикалық). C) Шектеуші. D) Биотикалық. E) Экологиялық. 20. Тамырсабақ дегеніміз - A) Түрі өзгерген тамыр. B) Вегетативті көбейтуге болатын тамыр аймағы. C) Өсімдіктің ең ірі тамыры. D) Тін талшықтары. E) Көлбей жататын жер асты өркен. 21. Долана ағашының түрін өзгерткен сабағының атауы. A) Шырынды сабақ B) Пиязшық C) Сояулар D) Тамырсабақ E) Түйнек 22. Ұрықтанған тұқымбастамадан дамиды. A) Аталық B) Тозаң C) Жеміс D) Аналық E) Тұқым 23. Қырықбуыннан көктемде дамитын өркені- A) қосалқы тамырлар. B) жасыл өркендер. C) масақшасы бар қоңыр өркендер. D) тамырсабақ. E) сабақ. 24. Постэмбриондық даму кезеңдері: A) туғанға дейінгі 1 айлық ұрық B) туған сәттен басталады C) бластула сатысындағы ұрық D) туғанға дейінгі 8 айлық ұрық E) туғанға дейінгі 6 айлық ұрық 25. Жануарлар селекциясында депрессияға ұшырататын әдістер: A) Әріден будандастыру. B) Жеке сұрыптау. C) Жаппай сұрыптау. D) Жақын, туыстар арасындағы сұрыптау. E) Тұқымаралық сұрыптау. 16-нұсқа 1. Күрделі гүлділердің гүлшоғыры: A) себетгүл B) собық C) масақ D) сыпыртқы E) шашақ 2. Ағашқұлақ саңырауқұлағының жемісті денесінің басқа саңырауқұлақтардан ерекшелігі A) Жекелеген жасушаларға бөлінген тармақталған жіпше тәрізді. B) Жемісті денесі-түбіртек пен қалпақшадан тұрады. C) Жемісті денесі-түссіз жіпше тәрізді. D) Жемісті денесі-тұяққа ұқсайды әрі өте қатты. E) Жемісті денесі- ақ үлпектей. 3. Белгілі дене пішіні сақталмайтын біржасушалы жәндіктер: A) Кірпікшелілер B) Плазмалылар C) Талшықтылар D) Бунақденелілер E) Ішекқуыстылар 4. Бал ара семьясы: A) тек жұмысшы аралар B) тек аналық ара C) ана ара, трутеньдер, жұмысшы аралар D) тек ана ара, жұмысшы аралар E) тек трутеньдер 5. Қорғаныштық қызмет атқаратын ұлпа A) Жүйке ұлпасы. B) Дәнекер. C) Бірыңғай салалы бұлшықет. D) Эпителий. E) Безді ұлпасы. 6. Биологиялық активті заттар түзілетін мүше A) Өкпе. B) Несеп ағар. C) Бүйрек. D) Несеп жолы. E) Қуық. 7. Түсті ажырата алмайтын ауру: A) Дальтонизм. B) Анемия. C) Гипотония. D) Гипертония. E) Диабет. 8. Сыртынан қарағанда жасырын қалатын белгінің аталуы: A) Альтернативті. B) Гетерозиготалы. C) Рецессивті. D) Доминантты. E) Гомозиготалы. 9. Биосфера дегеніміз: A) Жердің ауа қабаты. B) Гидросфера. C) Жер ғаламшарының тіршілік бар аймағы. D) Жердің өткен заманда ғана тіршілік болған аймағы. E) Жер ғаламшарындағы тіршілік жоқ аймақ. 10. Батпақты жерде өсетін өсімдік: A) Көде. B) Көкпек. C) Таспа (астрагал). D) Көк кекіре. E) Қамыс. 11. Шұбалшаң бірыңғай салалы бұлшық еттерінің көмегімен: A) бекінеді. B) дамиды. C) шала дамиды. D) қысқартып ұзартады. E) жабысады. 12. Құстардың қауырсындарын қалай бөледі? A) Желпуіш, мамық. B) Құйрық, желпуіш. C) Қауырсын, мамық. D) Қауырсын, желпуіш. E) Тек желпуіш. 13. Жұлындағы екі терең жүлгенің (борозда) орналасқан жері- A) Жұлын өзегінде. B) Алдыңғы және артқы бетінде. C) Омыртқа өзегінде. D) Алдыңғы бетінде. E) Артқы бетінде. 14. Оң жақ қарынша жиырылғанда қан барады: A) қолқаға B) төменгі күре тамырға C) күре тамырға D) өкпе көктамырына E) өкпе салатамырына 15. Туберкулез таяқшасының кездесетін жері- A) ауада. B) үй ішінде. C) топырақта. D) суда. E) тағамда. 16. Дизентерия (қан тышқақ) қоздырғышының сілемейлеп зақымдайтын мүшесі: A) Тоқ ішек. B) Ұйқы безі. C) Қарын. D) Аш ішек. E) Өт. 17. Жасушаның бөлінуі кезінде ең негізгі қызмет атқаратын органоид: A) Жасуша қосындылары. B) Қозғалыс органоидтары. C) Жасуша орталығы. D) Гольджи жиынтығы. E) Пластидтер. 18. Жасушадағы түрлі реакциялардың жүру жылдамдығы ақуыздың ... қызметіне байланысты: A) тасымалдау. B) құрылыс материалы. C) қозғалысты қамтамасыз ету. D) катализаторлық. E) хабар беру. 19. Шөлді жерлердегі шектеуші факторларға жататындар: A) Оттегінің концентрациясы. B) Ылғалдықтың жетіспеушілігі. C) Жылудың жетіспеушілігі. D) Жарық сәулесінің жетіспеуінен. E) Жоғарғы атмосфералық қысым. 20. Тұқымы жел арқылы таралады A) Қайың B) Қамыс C) Тұңғиық D) Алхоры E) Қоға 21. Өсімдіктің тамыр жүйесін құрайтын тамырлар- A) Ұрық тамыршасы. B) Негізгі. C) Бір өсімдіктегі тамыр жиынтығы. D) Жанама. E) Қосалқы. 22. Спора арқылы көбейетін өсімдік A) Қойбүлдіргенді B) Қырықбуын C) Қайыңды D) Тұшаланы E) Теректі 23. Митоздың метафаза кезеңінде: A) ДНК синтезделіп молекула екі еселенеді. B) хромосомалар экваторға жинақталады, бөліну шүйкесі түзіледі. C) хромосомалар ширатылады, қысқарады, жуандайды. D) бөліну шүйкесі жойылады, хромосомалар тарқатылып, ядро қабықшасы түзіледі, екі жас жасуша пайда болады. E) хромосомалар шүйке жіпшелерінің әсерімен (көмегімен) полюстерге қарай ажырайды. 24. Күріштің, қант қамысы, көптеген көкөніс дақылдарының отаны: A) Абиссиния орталығы. B) Орталық Америка орталығы. C) Жерорта теңізі орталығы. D) Шығыс Азия орталығы. E) Оңтүстік Азияның тропиктік орталығы. 25. Табиғат біртұтас, ондағы даму қарапайымнан күрделіге қарай жүреді деген пікір айтқан A) Шванн B) К.Ф. Рулье C) А.И. Герцен D) А.Н. Радищев E) Ч. Дарвин 17-нұсқа 1. Өсімдіктердің жаңа сортын шығарумен айналысатын ғалымдар: A) Экологтар. B) Ботаниктер. C) Физиологтар. D) Фенологтар. E) Селекционерлер. 2. Сапрофиттерге жататыны: A) Плаундар. B) Қыналар. C) Шаңжапырақтар. D) Балдырлар. E) Саңырауқұлақтар. 3. Ішекқуыстылардың эктодерма қабатында болмайтыны: A) Жүйке жасушалары. B) Безді жасушалар. C) Аралық жасушалар. D) Жабын бұлшықет. E) Атпа жасушалары. 4. Шаянтәрізділерге жататын: A) кәдімгі тоспаұлу B) қоңыз C) дафния D) қара шыбын E) ұлу 5. Тыныс алғандағы ауа құрамының тыныс шығарғандағы ауа құрамынан айырмашылығы: A) О2 - аз, СО2 - көбірек болуымен. B) Тыныс алғандағы ауаның құрамында азоттың көбірек болуы. C) Айырмашылығы жоқ. D) Инертті газдың көбірек болуымен. E) О2 - көп, СО2 - азырақ болуымен. 6. Ағзадағы ең ірі без- A) Эпифиз B) Ұйқы без C) Қалқанша без D) Бауыр E) Жыныс бездер 7. Қозғалуға қажетті энергия көзі A) Дәрумен. B) Фермент. C) Н2О, минералдық зат. D) Органикалық зат. E) Минералдық зат. 8. Қазақстан аркар- меринос қойын шығаруға қатысқан ғалым: A) Б.Мусин. B) М.Айтхожин. C) Ә.Есенжолов. D) Қ.Сәтпаева. E) Т.Шарманов. 9. Қызыл кітапқа тіркелетіндер- A) Барлық жабайы жануарлар. B) Сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар. C) Жабайы өсімдіктердің барлық түрі. D) Мәдени өсімдіктердің барлық түрі. E) Барлық үй жануарлары. 10. Суды шамалы қажет ететін өсімдік- A) Орамжапырақ (қырыққабат). B) Қызанақ. C) Пияз. D) Күріш. E) Кактус. 11. Шұбалшаңдардың қозғалуы: A) Біріңғай салалы бұлшықеттердің жиырылуынан. B) Сақиналы, бірыңғай салалы бұлшықеттердің жиырылуынан. C) Ұзын бұлшықеттердің жиырылуынан. D) Көлденең жолақты бұлшықеттердің жиырылуынан. E) Кутикуланың жиырылуынан. 12. Иісті сезбейтін сүтқоректі жануарлар A) Қояндар және ондатрлар. B) Дельфиндер және киттер. C) Жарқанаттар. D) Арыстан. E) Кәдімгі кірпі және көртышқандар. 13. Жасушалары бір-біріне тығыз жанасқан, жасушааралық заттары өте аз ұлпа : A) Жүйке. B) Эпителий. C) Бұлшықет. D) Дәнекер. E) Жүрек. 14. Нейронның қысқа өсіндісі A) дендрит B) ми C) аксон D) жұлын E) рецептор 15. Бұлшықеттің сүйекке бекінуі ... арқылы. A) Бұлшықет шоғы B) Эпителий C) Буын D) Шеміршек E) Сіңір 16. Зат алмасу жүретін, өте ұсақ тамырлар: A) Көктамыр. B) Қылтамыр. C) Салатамыр. D) Қолқа . E) Лимфа. 17. Фагоцитоз – ол мынандай процесс A) Жасушаға судың түсуі B) Жасуша заттарының түсуін реттейді C) Мембрана жасушасы сүйық заттарды алып, цитоплазма жасушасына өтеді D) Мембрана арқылы қатты заттарды өтіп, цитоплазмаға түсуі E) Жасушаға аминқышқылын жекелеп тасымалдайды 18. Жасуша рибосомасында түзілетін заттар- A) Энергия көзі. B) Ақуыздар (нәруыздар). C) Бейорганикалық қосылыстар. D) Көмірсулар. E) Майлар. 19. Ағзаның тіршілік ету қабілетін төмендететін фактор: A) Антропогендік. B) Абиотикалық. C) Биотикалық. D) Экологиялық. E) Шектеуші. 20. Жасушада біртіндеп үлкейетін шырынды органоид A) Лейкопласт B) Хлоропласт C) Хромопласт D) Вакуоль E) Ядро 21. Бүршіктің бастама жапырақтарының орналасқан орны- A) гүл бүршігінде. B) бүршік қабыршағының астында. C) бастама сабақта. D) бастама бүршікте. E) бастама өркенде. 22. Әрбір тұқымбүршігінен пайда болады A) Көп тұқым B) Үш тұқым C) Бір тұқым D) Екі тұқым E) 5 тұқым 23. Мейоздық жолмен бөлінетіндер: A) эмбриондық ұлпалар B) прокариоттар C) зақымдалған ұлпалар D) жыныс жасушалары E) қуық бұлшық еті, эпителий ұлпасы 24. Ағзаларда әр түрлі жергілікті тіршілік жағдайларына сәйкес алуан түрлі бейімділіктердің пайда болуы: A) Идиоадаптация. B) Жалпы дегенерация. C) Дивергенция. D) Конвергенция. E) Ароморфоз. 25. Синантроптың қаңқа қалдығы табылған жер - A) Пекин. B) Германия. C) Австралия. D) Азия. E) Европа. 18-нұсқа 1. Дәнек жемістің басқа құрғақ жемістерден айырмашылығы A) Қос жақтауынан ашылатын құрғақ жеміс. B) Жеміс қабымен тұқым қауызы бірігіп кеткен біртұқымды құрғақ жеміс. C) Жеміс қабымен тұқым қауызы бірікпеген. D) Жеміс қабы тығыз, майлы тұқымды құрғақ жеміс. E) Көп тұқымды құрғақ жеміс. 2. Қозықұйрықтың боз арамқұлақтан ерекшелігі: A) Негізінен топ-топ болып өседі. B) Қалпақшасының асты ақшыл-жасыл түсті. C) Қалпақшасының асты қызғылт түсті, түбіртегінде сақинасы болмайды. D) Түбіртегі жіңішке, ұзын, түбіртегінде сақинасы бар. E) Жемісті денесі жер бетіне күзде дамиды. 3. Жыныссыз жолмен көбеюі – бүршіктену деп аталатын жәндік: A) Өрмекші B) Шаян C) Көбелек D) Амеба E) Гидра 4. Ауылшаруашылық өсімдіктеріне зиян келтіретін бунақденелілер: A) Трутень. B) Астық қиғысы. C) Құмырсқа. D) Қанқыз. E) Балара. 5. Жұқпалы ішек аурулары A) Гастрит. B) Цирроз. C) Колит (паразит құрт ауруы). D) Қантышқақ. E) Асқазан жарасы. 6. Асқорыту жүйесінің гуморальдық реттелуі дегеніміз - A) Ферменттер әсерінен заттардың ыдырауы. B) Қан арқылы химиялық заттардың олардың жұмысына әсер етуі. C) Ағзадан улы заттардың шығуы. D) Иммунитетті қамтамасыз ету. E) Фермент бөлетін бездерге жүйкенің қозу толқынының берілуі. 7. Ой еңбегінің қызметі ... жұмысымен байланысты A) Үлкен ми сыңарлар қыртысы B) Шартты рефлекс C) Орталық жүйке жүйесі D) Гуморальды реттелу E) Шартсыз рефлекс 8. Гомологты хромосомалардың бірігуі: A) Регенерация. B) Градация. C) Редукция. D) Конъюгация. E) Редупликация. 9. Күннің ультра күлгін сәулелерінен қорғайды: A) атмосфера B) литосфера C) биосфера D) озон E) тропосфера 10. Мысық сорғышының дамуы: A) Жұмыртқа - кірпікшелі дернәсіл - ересек құрт. B) Жұмыртқа - құйрықты дернәсіл -ересек құрт. C) Жұмыртқа - кірпікшесіз дернәсіл - ересек құрт. D) Дернәсіл - жұмыртқа - ересек құрт. E) Жұмыртқа - құйрықсыз дернәсіл ересек құрт. 11. Құстың қауырсыны дегеніміз: A) Терінің үстіңгі қабатындағы теріден пайда болған түзіліс. B) Теріге қадалған ұшы. C) Ортасында мүйізденген кеуекті өзегі бар түтік. D) Жіңішке мұртшалар жиынтығы. E) Сояудың екі жағындағы тармақ. 12. Дәнекер ұлпасы дегенiмiз - A) сүйек, шеміршек, қан, сіңір. B) дене қаптамасы. C) ішкі мүшелер мен қаңқаның бұлшықеттері. D) ми, жұлын, жүйке талшықтары. E) эпителий. 13. Жоғары дәрежелі жүйке қызметін реттейтін жүйке жүйесінің бөлімі A) Үлкен ми сыңары. B) Жүйке жасушалары. C) Шеткі жүйке жүйесі. D) Жұлын, ми. E) Кезбе жүйкесі. 14. Жалпақтабандылықтың пайда болу себебі : A) көп жүгіргендіктен B) спортпен шұғылданудан C) бір жерде көп отырғандықтан D) көп уақыт жатқандықтан E) тар аяқ киім кигендіктен 15. Қанның қызыл түсті болуы ... байланысты: A) фибринге B) лейкоциттерге C) қан сарысуына D) эритроциттерге E) қан плазмасына 16. Органикалық заттарды ыдырататын ферменттерінің органоиды: A) Хромопласт. B) Хлоропласт. C) Лизосома. D) Митохондрия. E) Лейкопласт. 17. 1г. көмірсу ыдырағанда бөлінетін энергия: A) 0 кДж B) 38,9 кДж C) 40 кДж D) 17,6 кДж E) 15,2 кДж 18. Бір – біріне туыс емес азғаларды будандастыру A) биотехнология B) аутбридинг C) гетерозис D) инбридинг E) селекция 19. Агрономиялық әдіске жатпайды A) себу мерзімін білу B) канал салу C) себу тереңдігін білу D) мол түсімді іріктеме таңдау E) органикалық тыңайтқыш себу 20. 1922 жылы шығарылғын “Жануарлар” оқу құралының авторы: A) Б. Мусин B) Х. Досмұхамедов C) Ж. Кудерин D) А. Елеманов E) А. Жандеркин 21. Қауашақ жемісті өсімдіктер A) Кекіре, асбұршақ. B) Сасық меңдуана, жауқазын, темекі. C) Шалғам, орамжапырақ, сәбіз. D) Шалқан, итмұрын, алқа. E) Кәдімгі шомыр, қоңыраугүл, үрмебұршақ. 22. Хризантеманы көбейтуге болады A) Мұртшасымен B) Гүлімен C) Тұқымымен D) Қалемшесімен E) Жемісімен 23. Шалқанды себу керек A) Қыста B) Ерте көктемде C) Күзде D) Жаз ортасында E) Күн әбден қызған кезде 24. Қорғаныш реңге мысал- A) пішіні бұтаққа ұқсас жұлдызқұрт. B) зебрдің ашық өрнегі. C) усыз жәндіктердің улы жәндіктерге ұқсауы. D) ханқызының есте қалатын айқын түсі. E) шағатын жабайы араның түсі. 25. Мекендейтін иесінің қоректік заттарын пайдаланып, тіршілік ету: A) Паразиттік. B) Селбесу. C) Жыртқыштық. D) Арамтамақтық. E) Бәсекелестік. № С ұ р а қ нұсқа 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 1 C E A E A C E A E D D E E B C D A C D E B B C E A 2 E C E B D B E B B B B E B C C E A C C B A D E B B 3 A C B D C E E B D B D C B D A D D E A C C D C B B 4 C A B D E E D B B A B D D E E C B A B B B C D B C 5 B C A C A B C E C E E E B C C A E B A D C E A D C 6 D A D C A C C C B E E D A C E D C E A A C C D B C 7 E A D C A C C C C C A C B C B D B D A B B C E B B 8 E D A C E A A E A C E A E D B C A B C A B A C B E 9 C C A B E A E C B A D A C C E D D D A A A C B D A 10 D D E D C B A D D E A B D C B A A E C A A B E B E 11 B D C E B D E A B B D A D E E C C C A D C B C E A 12 A D E D C B B E E E A B D A B A E A E C B C B D C 13 A D B A B C D B A E B D E A B C E D D E E D D A B 14 E C A A A C A C E B D E E E B B D A C B D D D D E 15 B A C C A A D C C A B B A A D E D D A E C E C B D 16 A D B C D C A C C E D C B E A A C D B A C B B E D 17 E E B C E D D C B E B B B A E B D B E D C C D A A 18 B C E B D B A D D B A A A E D C D B B B B D B C A 19 D D C B C C D D A E B E D D E B C E E D A D A D E 20 A D B A C E D D C C C A E B B B B A E E B D D B A