-Мем.ағза... (Мурттыбаймайттың понтынан үзінді)
Қайырлы күн! Ағза - араб тілінен енген сөз. Мүше, орган деген мағынаны береді. Яғни, ағза сөзінің нақты және дәл аудармасы мүше немесе орган (внутренние органы). Ал, Организм - (гр. organon және лат. organіzo – келісті түрге келтіру) – белгілі ортаға өз бетімен тіршілік етуге бейімделген, тірі және тарихи қалыптасқан біртұтас жүйе. Байқасаңыз, Ағза мен Организм тіптен екі бөлек мағыналы сөздер! Жүрек-ағза, бауыр-ағза, ми-ағза және т.б. болса, осылардың барлық жиынтығын - Организм деп атайды! Олар бір-бірімен өте тығыз байланыста. Егер бір ағза істен шықса, адам организмі ауыр апатқа ұшырайды. Сонымен, организмдегі әрбір орган - ағза немесе мүше деп айтылады екен. Ал, сол ағзалардың барлық жиынтығын - Организм деп айтамыз! Енді оқулықтағы қателер, өрескел қателер! аудармашыларды барып тұрған сауатсыздығы болса, бұл қателерге жол беруге оған қатысты ғалымдардың немқұрайлығы және жаны ашымастығы себеп болған деп есептеймін! Ал, осы сияқты өрескел қателер, қазақ тілінің дамыған тіл болуына және ең бастысы Мемлекеттік тіл ретінде өркендеуіне ешқандай үлес қоспайды!!!