0 дауыс
3.7k көрілді
Менің бір досым бар.Оның көзі көрмейді.Көзілдірік тағады.Оның сол жақ көзі қараған нүктесін дұрыс көрмейді(оң жақ көзін басып отырып сол жақ көзімен бір нәрсеге қараса қарап тұрған нүктесі бұлдырап,жасылданы  көрінбейді,бірақ нүктенің  айналасы көрінеді.Бұндай белгі желтоқсанның 29 нда басталған.Яғни осыдан 1 ай бұрын.Бұл қандай ауру ?катаракта ауруыма?айтар жауаптарыңыз барма?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Көз аурулары – көздің көруінің нашарлауынан, оның сәуле сындыру күшінің ақауларынан (алыстан көргіштік, алыстан көрмеушілік, астигматтық, дальтонизм) пайда болатын және іштен туа біткен аурулар. Кейінгі жылдары іштен туа біткен ауру – су қараңғы (глаукома) мен көз жарақаттары жиі кездеседі. Көз ауруларының пайда болуына мехникалық (әр түрлі жарақаттар алу, т.б.), физикалық (шаң-тозаң, үшнитротолуол тозаңдары мен булары, т.б.), химиялық (күкіртті сутек, мышьяк, т.б. әсері) және физикалық-химиялық (ультракүлгін, инфрақызыл сәулелер, жарық, т.б.) факторлар әсер етеді. Көз ауруларының жиі кездесетін түрлері: басыр, бленнорея, катаракта, коньюктивит, көзге ақ түсу, т.б. Көзге ақ түсу, лейкома (leu coma corneae) – көздің қасаң қабығының ауруы. Бұл, көбінесе, жарақаттанудан, қабынудан, көзге шыққан түрлі жарадан болады. Қызылша, шешек, туберкулез ауруларының асқынуынан қасаң қабықта ақ дақ пайда болып, ол кейде беріштеніп бітуі мүмкін. Мұның салдарынан көздің көруіне нұқсан келеді (қраңыз [1]). Көздің көруі қасаң қабықтың қай жеріне ақ түскеніне, оның көлеміне байланысты. Егер ақ қарашыққа түссе, адам көрмей қалады. Көзге түскен ақ дәрі-дәрмекке жазылмаса, оған хирургиялық операция жасалады. Ішкі органдар мен жүйелердің аурулары да Көз ауруларына әкеледі. Мысалы, қоян көз, бадырақ көз, Аргайлл Робертсон белгісі, т.б. Емделмеген Көз аурулары көздің көруін нашарлатып, соқырлыққа да әкелуі мүмкін.
...