Көркем әдебиет деген жақсы ғой, сұрағыңыз орынды, себебі қазірде жастар кітап оқымайды десем өтірік айтпаймын. Осы сұраққа байланысты, негізі жастардың интернетке қызығушылығын зерттеп сауалдама жүргізген болатынмын, қорытындысы айтпай-ақ белгілі жайт. Сол сауалдама ішінде дәл осындай сұрақ болған, және ол кітаптың атауын, мазмұнын айтып бере аласыз ба? делінген еді, өкінішке орай "есімде жоқ", "кітаптан қызықтырақ дүниелер де жетеді", "мүлде оқыған емеспін" және "соңғы рет ... әдебиет оқулығын оқығам" деген сыңайлы жауаптар таңдалды. Өте өкінішті.
Өзімнің соңғы оқыған кітабым - Эльмира Ерікқызының "Шапағаты", 2 жұма бұрын оқылған.