0 дауыс
5.9k көрілді
Нар идірген ертегісі керек болып тұр ?

3 жауап

0 дауыс
http://zhumeken.kz/olender/nar-idirgen.html
,
Нар идірген


Ыңырсып,
әлсін-әлсін боздаған үн
төбесін шымырлатты боз даланың.
Не қарғап,
не бір дұға оқығандай
еріні қара нардың қозғалады.

Жоқ шығар бұл жалғанда жетім өзге?
Бір азап бар секілді етін езген.
Дүние буалдыр боп..
аунап кетті
қос тамшы баданадай екі көзден.
Келеді бір қыз бұған күнде ырғалып,
бө-бө-леп, жасыл шашақ жыңғылды алып,
Майда қол нар мамасын сипай тартса,
шелегі тұратұғын сыңғыр қағып.

Тырсиып жатты алдында қара тұлып,
алдау мен мазақтаудан жаратылып.
Иісі бар сол тұлыпта ботақанның,
әйтпесе тебер еді нар атылып...

Кенеттен үн жетті бір құлаққа ағып;
сылқ етіп құлап түсті бұлақ талып.
Күй жетті әлдеқайдан еміс-еміс,
бір тұрып,
бір жығылып,
құлап қалып.
Қара нар жаутаңдады,
түк көрмеді,
сол ма еді, кең дүние, біткен жерің!
Естілді әлдененің боздағаны,
көрінді әлдененің бүктелгені.

Күй кетті термелеп бір,
төкпелеп бір,
Мұңға-мұң жамала кеп дертке жетті.
Бота боп боздаса да бүкіл алап,
қара нар берілмей тұр –
өкпелеп тұр.

Күй жатты еміреніп,
керім келбеп;
нар тұрды бедірейіп,
берілмен деп.
Дүние кетті қалқып,
қылт-қылт етіп
әр жерден бір-бір шоқы көрінген боп.

Жоқ шығар бұ жалғанда жетім өзге?
Дүние су боп тұнды екі көзге.
Қара нар қасарысып тұрып алды,
айналып бауры мұзға,
еті – безге.

Қара нар қазығынан шыр айналып,
ұға алмай не болғанын тұр ойланып,
күңіреніп,
көкірекпен боздаған үн
ағызып барады алыс боз даланы.

Қара нар аласұрды, –
жаны ышқынып,
күрсінте қозғады күй алыс мұңын.
Табар ең бір ұқсастық,
білсең егер
күй менен жетімдікті салыстырып.

Аруана без-без етті,
дірдек қақты,
алғандай аяулысын кірлеп қатты.
Бауыры сыздап кетті...
Қасарды әлі
жеңем деп тағдыр атты бір бетпақты.

Күй кірді бота болып түртініп бір
бауырына ана атанған тіршіліктің.
Ағылған аласапыран –
сиқыр сурет
көзінде бота болып іркіліп тұр.

Кенеттен...
Салды ауызды әлденеге,
бұ шіркін азу салса – әлдене ме!
Найзағай басқандай-ақ,
табанынан
бір діріл тарап жатты бар денеге.

Қара нар басты азуды,
салды тағы,
тағы да... тағы тістеп қарбытады.
Құныға жас ботаның жұтты иісін –
(Шытырлап сынды кепкен тал бұтағы.)
Сүйді иіскеп,
қасаң-тулақ манағы өлік
баурына енді сол сәт қара болып.
Қасірет қатырған сол бір қайсар бауыр
қайтадан шыға келді ана болып...
Мен бұны білем маған поэма емес ертегі керек
Белгісіз
0 дауыс
СЕНИН ЕСИМИН КИМ
0 дауыс
балким НАР ИИДРГЕН АНЫЗЫ ЕМЕС ПЕ
...