Илья Мечников туралы қазақша мәлімет керек болып тұр?

+1 дауыс
5.8k қаралым
өтінем Илья Мечников туралы қазақша мәлімет  керек болып тұр. Ғаламторда таба алмадым
Мектеп

2 жауап

0 дауыс
[Былай іздеп көрдің ба? ][1]


  [1]: http://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B5%D1%87%D0%BD%D0%B8%D0%BA%D0%BE%D0%B2
0 дауыс
Мечников Илья Ильич [3(15).5.1845, Украина, Харьков облысы Купянск ауданы – 2(15).7.1916, Париж] – Ресей биологы, эволюциялық эмбриологияның негізін салушылардың бірі, қабынудың салыстырмалы патологиясын және иммунитеттің фагоцитоздық теориясын жасаушы.
Петербург ҰА-ның құрметті мүшесі (1902). Харьков университетін бітірген (1864). Мечниковтің ғылыми-зерттеу жұмыстары биология мен медицинаның түрлі салаларына арналған. 1866 – 86 жылдары салыстырмалы және эволюциялық эмбриология мәселелерін зерттеді (А.О. Ковалевскиймен бірге); көп клеткалы жануарлардың шығу тегі туралы жаңа теория ұсынды. 1882 жылы фагоцитоз құбылысын ашып, соның негізінде қабынудың салыстырмалы патологиясын анықтады (1892). Иммунитеттің фагоцитоздық теориясын ашқаны үшін (неміс ғалымы П.Эрлихпен бірге) Мечниковке Нобель сыйлығы берілді (1908). Мечников тырысқақтың, іш сүзегінің, туберкулездің, т.б. жұқпалы аурулардың эпидемиологиясын зерттеп, оларға қарсы күресетін түрлі тәсілдерін анықтаған. Мечниковтің мезгілінен бұрын қартаюға қарсы күресу жөніндегі ілімі ортобиоз теориясы деген атпен дүние жүзіне белгілі болды. [Мәлімет][1]


  [1]: http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B5%D1%87%D0%BD%D0%B8%D0%BA%D0%BE%D0%B2_%D0%98%D0%BB%D1%8C%D1%8F_%D0%98%D0%BB%D1%8C%D0%B8%D1%87
127,692 сұрақ
322,280 жауап
153,250 пікір
72,713 қолданушы