1. Бір жұмысты 16 жұмысшы 12 күнде бітіреді. Осы жұмысты 24 жұмысшы неше күнде бітірер еді?
2. Егістік жер 3 күнде жыртылды. Бірінші күні барлық жердің 20%-ын, екінші күні қалғанының 25%-ын, үшінші күні 180 га жер жыртылды. Осы жердің толық ауданын тап.
3. А және В қалаларынан бір мезгілде бір -біріне қарама-қарсы жеңіл көлік пен велосипед жол жүрді. Олар В қаласынан 40 км қашықтықта кездесті. Егер жеңіл көлік В қаласына жеткен кезде Велосипед А қаласынан 150 км қашықтықта болса А және В қалаларының ара қашықтығын табыңыз.
4. Бір жұмысшы бір затты 2 сағатта, екіншісі 7 сағатта, үшіншісі 9 сағатта дайындайды. Олар белгілі бір уақыт бірге істеп 360 зат дайындады, Әрқайсысы қанша зат жасады?
5. Екі санның геометриялық ортасы, үлкенінен 12-ге кем, ал сол сандардың арифметикалық ортасы кішісінен 1-ге артық, осы сандарды табыңыз.
6. Дастан төрт қалам сатып алды. Бірінші қаламнан басқаларының құны 21 теңге, екіншісіз басқаларының құны 15 теңге, үшіншісіз басқаларының құны 19 теңге, төртіншісіз басқаларының құны 20 теңге тұрады. Әр кітап қанша тұрады?
Және маған шығару жолымен керек өтініш жазып жіберсеңіздер!!!