0 дауыс
505 көрілді
ҰБТ 2015жылға қарай алынып тасталады деген шынба???Біреулер айтады ҰБТ ны алыптастап,орнына оқуға түсетін жеріңде тапсырасын дейді.Сол шынба әлде қауесетпа???

2 жауап

0 дауыс
Жоқ! Өтірік! Керісінше, 2015 жылдан бастап 2 кезеңді ( бөлім ) болып өтетін болды деп хабарлады Б.А.Қ.
0 дауыс
2015 жылға қарай ҰБТ екі кезеңге бөлінеді – Жұмағұлов
*2013 жылы ҰБТ-ны екі кезеңге бөлу туралы ілкі жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. 2015 жылға қарай компьютерлік тестілеуді кеңінен қолдану арқылы ҰБТ-ны бөлу толығымен жүзеге асырылады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов Pm.kz сайтына берген сұхбатында әңгімелеп берді.
«Ұлттық бірыңғай тестілеуді жетілдіру ең көкейкесті мәселелердің бірі. Министрлік халықаралық және сондай-ақ Қазақстанда ҰБТ жүргізілген тоғыз жылдық тәжірибеге талдау жасады», - деді Жұмағұлов.
 Оның сөзіне қарағанда 2012 жылдың мамыр айында білім беру ұйымдары түлектерін қорытынды аттестациялаудың орта білім бағдарламасы мен ЖОО түсу емтихандары бағдарламасын жүзеге асыратын жаңа форматына көшу жөніндегі Жұмыс тобы құрылды.
 Министр хабарлағандай, бүгінгі күні ҰБТ бас тартпау туралы нақты шешім қабылданған, негізгі мақсат – оның технологиясы мен мазмұнын жетілдіру.
 «12 жылдық оқытуға көшуге байланысты бүгінде ҰБТ екі деңгейге бөлу мүмкіндігі қарастырылуда. Бірінші деңгей – мектепте алған білімді растауға арналған тестілеу. Екіншісі – ЖОО түсуге арналған тестілеу. Сынақ ретінде компьютер арқылы тестілеуге көшу жоспарлануда», - деп түсіндірді министр.
 2013 жылы ҰБТ-ны екі кезеңге бөлу туралы ілкі жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. 2015 жылға қарай компьютерлік тестілеуді кеңінен қолдану арқылы ҰБТ-ны бөлу толығымен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, ашық тестілеуге және бақылау-өлшеу материалдарының басқа да формаларына көшу, сондай-ақ мектеп бітірушілерге қорытынды аттестация түрін өздері таңдау құқығын беру мәселелері қарастырылуда.
 Сондай-ақ министр тестілеу мазмұны да өзгеріске ұшырайтынын атап өтті, мұнда логикалық сұрақтарға, сондай-ақ оқушының біліктілігін жұмылдыруды талап ететін тапсырмаларға көп орын берілетін болады.
 2015 жылға қарай жазбаша тапсырмаларды қоса есептегенде, оқушылардың біліктілігін қалыптастыру деңгейін анықтауға бағытталған тестілік тапсырмаларды құру аяқталатын болады.*
...