сіз оған түсіндіру қиын болса да түсіндіру керексіз. сіз оның сүйікті ойыншығы немесе үйдегі мысық емессіз. кел десе келетін, кет десе кететін. сізді сыйласа, сіздің ойыңызды да сыйлауы тиіс. себебі сіз тірі жансыз. сіздің құрбыларыңызбен айтатын әңгіме бөлек, жігітпен айтатын , туыспен айтатын әңгіме бөлек болады. бәрі де ең жақын адамдар болғандықтан бәрімен бірдей араласу керек екенін түсінуі керек. мысалы құрбыңмен мәә ана сериал мындай, ана журналдағы киімдер мындай деп ортақ әңгімелерің болады. ал жігітіңе оны айтсаң,оған ол қызық емес. сосын тек екеуің күні бойы көріп, күні бойы бір біріңмен сөйлессеңдер жалығып та кетесіңдер. сенің өзіңнің құрбыларың, туысың, хоббиің,білімің, қолыңнан келетін өнер осының бәрі сенің жеке ерекшеліктерің. соны түсіну керек.