Безеудің 12-25 жас аралығындағы бозбалалар мен бойжеткендер арасында жиі кездесетіндігі белгілі. Безеу бөрткені дененің май бездері бар тұстарына шығады, яғни бетті, арқаның жауырын тұсын, бірен-сарандап кеуде тұсты да қамтиды. Біреуден біреуге жұқпайды, бірақ тұқым қуалайды. Безеу бөрткенінен әкесі не шешесі зардап шеккен баланың оған ұшырау қаупі жоғары.
Екінші себеп – тәндегі гормондық тепе-теңдіктің бұзылуы. Жыныстық жетілу кезінде бозбала да, бойжеткен де түбегейлі гормондық өзгерістерді бастан кешеді. Ұлдың да, қыздың да бойындағыжыныстық гормоны (андроген) түзіле бастайды
В6, В 12 сияқты дәрумендерді шамадан тыс пайдалану да безеудің пайда болуына алып келуі мүмкін. Мәселен, жасөспірімдер емтихан тапсырукезінде кешенді дәрумендерді молынан қолданады. Соның салдарынан безеуге шалдығады.Сондай-ақ, көбіне безеудің пайда болуына торығу, мазасыздану, күйзелу секілді жағдайлар да себепші болады әрі оның асқынуына алып келеді.
Бойжеткендерге етеккір келер алдында безеу бөрткенінің өршуі байқалады.
Безеуді кетіремін деп оны сығуға болмайды. Бұл оның айығуын кешеуілдетіп, орнын берішке айналдыруы мүмкін. Мәселен, бактерялы заттар пайдаланып, әйтпесе кір қолменсыққаннан кейін қабыну күшейіп, жарақаттың ушығуы салдарынан безеудің басқа да аймақтарға тарап кетуі ғажап емес.
Безеуге ұшыраған адам мүмкін болса сабыннан басқа жұмсақ тазартқыш заттарды қолданып, күніне екі реттен асырмай (таңертең, кешке) жылы сумен жуынғаны жөн. Сабындалып, қайта-қайта жуына берудің қажеті жоқ, ол бәрібір безеуден құтқармайды. Керісінше, кейде аурудың асқынуы ықтимал. Теріні қара дақтарды кетіремін деп қатты ысқылап жуудан да сақтаныңыз. Қандай дәрілік зат жақсаңыз да, жатарда оны сүртіп тастауға тиіссіз.
Безеудің екі түрлі емі бар: біріншісі – жақпамай түріндегі заттарды, екіншісі – ішетін дәрі-дәрмектерді қолдану.
Емді дерматолог-дәрігер тағайындайды. Дәрі-дәрмек безеудің түріне қарай беріледі