0 дауыс
25.1k көрілді
Арман мен Мақсат синонимдес ұғымдар ма? Арман деген не? Мақсат деген не? өз пікірлеріңізбен бөліссеніздер? Көмегі тисе ЖЖБ

5 жауап

0 дауыс
Арман– адам көкейіндегі ізгі ниет, болашақтан күтер үміт, алға қойған мақсат. Қазақ халқында армансыз адам жоқ делінеді. Арман сөзінің қолданылу аясы кең. Ол шығармашылық қиялдың дайындық сатысы да.
Мақсат — белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады. Мақсат түрлері: 1) нақтылы мақсат — іс-әрекеттің тікелей нәтижесі, заттың бейнесі; 2) абстрактілі мақсат — талаптану, яғни жалпыға бірдей игілікті көксеу және соған жету үшін қызмет ету. Мақсат ежелгі гректердің табиғат философиясында әлемдік ақыл-ой заңдылығы жөніндегі ілімге байланысты зерттелді. Олар мақсатты адамдардың іс-әрекетін бейнелейтін ұғым ретінде қарастырылып, өзара күрделі қатынаста болатын бірнеше түрін анықтады. Сократ әрбір жеке қимылдың мақсаты осы жеке мақсаттарға ішкі түрткі болатын түпкілікті немесе жалпы мақсат дейді. Аристотель заттар мен құбылыстардың ішкі мәні, белгілі мақсатта өмір сүруі адамға ғана емес, бүкіл дүниеге тән қасиет деп түсіндіреді. Кант мақсатты адамдар әрекетінің нәтижесі ретінде қарады. Сондықтан, мақсаттың логикалық, танымдық мәселелерін адам өмірінің негізгі мәселесі ретінде, этикалық-гуманистік іліммен байланыста зерттеді. Гегель мақсатты “өзіндік” және “өзі үшін” деген принциппен екіге бөліп, біріне табиғаттың белгілі бір мақсатқа бағынып өмір сүруін жатқызса, екіншісіне саналы түрде іске асатын, адамдар әрекетіне тән құбылыстарды жатқызды.
Иә, сонымен арман дегеніміз не? Мен үшін арман орындалмайтынтай биік, жеткізбейтіндей сағым сияқты деп ойлаймын. Бірақ кейінгі кезде армандаудан алшақтап бара жатқанымды ұқтым. Мүмкін кейінгі кезде сәттсіздіктерден кейін шығар. Өйткені маған утопиямен өмір сүресің деген айыптар тағылған соң да?

        Ал мақсат дегеніміз не? Мақсат алдыңа қойған ойың, мақсатың, себебің. Мақсат көбіне күнделікті өміріңе, қажеттіліктеріңе байланысты да болуы мүмкін. Мысалы оқу оқу, білмеген ортаңмен танысу, жоқ нәрсеңе қол жеткізу, үй алу, машина алу, семьяңды бағу, күйеуге шығу, балалы болу.

       Үй алу, машина алу, белгілі бір ортаның танымал адамы болу не жұлдыз болу- бұл не? Мақсатың  ба әлде арманың ба? Ал бұларды арман санауға бола ма? Шыныменде кейде осы армандарымыз бен мақсаттарымызды шатастырып алып жатамыз. Сонымен менің қолым жетпей жүрген арманым не?

Ал қазіргі ойым:

Білесіз ба, қазір арман жайында не ойлайтынымды? Арман, ол уақыт өте келе өзгеріп, құбылып, түрленіп жаңарып тұратын нәрсе. Сенің ой-санаңмен, біліміңмен бірге құбылып отыратын өзгермелі материя. Мысалы, мен мына постты 2008 жылы жазғам, ол кезде 22 жасар қыздың арманы да, мақсаты да бөлек еді. Ал қазір 26 жасар қыз басқаны арман етеді, басқаны мақсат етеді…



Кейде екеуін шатастырып та жатамыз ау... Мақсатыңа жету үшін арманың әрқашанда биік болсын!
0 дауыс
Арман дегеніміз бұл қарапайым қалау, ал мақсат бұл сенің  келешектегі іс-әрекетіңе нұсқаулық.Мақсат үшін міндетті түрде уақыттың болуы мен алдағы мақсатқа  қажетті  ресурстардың болуы міндетті.
0 дауыс
арман ол киял,максат бир нарсеге талпынып жету
0 дауыс
Арман мен мақсат синоним, еңбектенсең екеуіне де жетесің.
0 дауыс
Мақсат сөзінің синонимы адамның мақсатын арманы айтады.Мысалы өзіміздің мақсатымыз бар.Менің мақсатым ата-анамды қорғап асыраймын.2Мақсатым бизнес мен болу.Арманын орындалу үшін алдына мақсат қойу керек.
...