0 дауыс
380 көрілді
қысқасы, мен бір балаға ғашықпын, олда мені сүйетінін айтып бірге болайық деген. Біз екеуміз жастымыз бірақ ол менен бір сынып төмен оқиды, мен мектепке ерте барғанмын. Оны шын суйемін, олда тамаша, өте жақсы бала. Тек барлығы ол сенен кіші ғой деген сайын оған жоқ дегім келіп кетеді. Мен оған ойланайын деп қойғанмын. Ақыл қосыңыздаршы, ұрысып, ашуланып пікір жазбаңыздаршы

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Жалпы махаббаттың заңдылығы бар ғой ағысқа қарсы жүру деген. Ол тек шын махаббатың қолынан келетін ерлік қадам. Сонымен қатар ЖҮРЕККЕ ӘМІР ЖҮРМЕЙДІ дейді ғой атам қазақ. Сіз  бір нәрсе жасау үшін құрбыларыңыздың ақылымен жүресіз бе, әлде өз жүрегіңіздің қалауымен жасайсыз ба? Жүрегіңіз не десе соны жасаған дұрыс деп ойлайм...
Жалпы екі жанның бірін-бірі сүйіп қосылғаны дұрыс, дегенмен сіз әлі мектеп жасында сияқтысыз. Мұнымен айтқым келгені мектеп кезіндегі маххабатты бастан өткізгенбіз, қазір артыма бұрылып қарасам сол кездегі махаббат деп жүргенім жай ғана балалық сезім екен. Негізі махаббат жасқа қарамайды мүмкін сол жігіт сіздің болашақ өмірлік жарыңыз шығар, мүмкін жай ғана өмір парағыңыздың бір бетіне жазылған есім шығар, кім біледі? Сіз де ол да оқуды бітіресіздер әрі қарай үлкен өмірдің есігі ашылады, оқу жұмыс және т.б сияқты. Сіз де ол да өмір ағысымен жүріп дәл қазіргідей емес басқаша ойланып, басқаша болып өзгересідер. Сол кезде мүмкін сіз басқа біреуді ұнатып қалатын шығарсыз, ол да біреуді сүйіп қалатын шығар кім біледі? Мүмкін бәрі керісінше болып екеуіңіз қазір бала жүректеріңізде қалыптасқан таза, пәк маххаббатқа өмір бойы адал болып бұл дүниедегі ең бақытты жандардың бірі болатын шығарсыз...
Менің айтқым келгені құлақпен емес, жүрекпен сүйіп, ақылмен шешім қабылдаңыз. Өмір тек сіздікі ғана, таңдау да, бақытты болу да өз қолыңызда... Сәттілік!!!
0 дауыс
МАХАББАТ ЖАСҚА ҚАРАМАЙДЫ, өз жүрегінмен қаласаң ЙА деп жауап бер...
0 дауыс
Мен жалпы махаббатты үшке бөлемін. Бала махаббат, шала махаббат, таза махаббат деп. Сіздер соның қайсысына жатасыздар. Егерде жігітіңізді шын сүйсеңіз ештеңе қарамаңыз. Ал адамдар айтып-айтып қояды. Бірақ махаббат шарабына мас қылып жылаты, қуантады, жүрекке өшпес мәңгі із қалдырады. Сіз оған дайынсыз ба?! Соны ойлаңыз. Таза махаббат деп сеніп жүргеніңіз шала махаббатқа айналып кетпесін.
Өзіңнің жүрегің не дейді, соған құлақ түр!
...