0 дауыс
7.3k көрілді

4 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының талабы мынандай:
1. Қант диабетімен ауыратын адамға дәрігерлерді осы науқастың себептеріне, емдеріне, зардаптарына, еңбектің ыңғайлы түрлеріне то­лық түсінік беруді міндеттейді.
2. Ем - адамның еңбекке деген қабілетін сақтауы керек. Егер қабілеті кемісе, оны қалпына келтіруге тиіс.
3. Науқас адамға қалыпты өмір тірлігін қамтамасыз ету қажет.
4. Етжеңді адамдар салмағын қалыпты мөлшерге келтіруге тырысуы керек.
5. Емнің басты міндеті - бұзылған зат алмасу құбылысын мүмкіндігінше қалыпқа икемдеу.
6. Сырқат қажетті дене қимылын жасауы керек.
7. Диета - тамақтану тәртібі, инсулин мен қантты төмендететін дәрілер қабылдау (күнделікті, өмір бойы) емдеудің негізгі жолы.
Осы талаптардың орындалуы тікелей науқастың өзіне байланысты.

Қант диабетімен ауыратын адам мына қағиданы әр уақытта есте ұстасын:
Дұрыс қолданылатын емдік тамақ пен режим сақтау - қант диабетінің барлық түрін емдеудің негізі. Осыны ұмытпаңыз!
Қазір елімізде қант диабеті ауруына мемлекеттік тұрғыда көңіл бөлініп келеді. Қандағы қантты азайтатын инсулин егетін піскек (шприц) пен басқа да дәрі-дәрмектер тегін таратылады. Сонымен қатар Қазақстанда сусамыр дертіне қарсы 1991 жылдан бастап, жыл сайын қараша айының 14-інде - Дүниежүзілік диабет күні атап өтіледі.
Осы тақырыпқа орай, біз Қазақстан Диабеттер қауымдастығының төрайымы Наталья Тукалевскаядан қант диабеті туралы сұраған едік: «Қазақстанда қант диабеті, жалпақ тілмен айтқанда «сусамыр» дертінің жыл өткен сайын көбейіп, оның балаларға ауыз сала бастағанын, халықтың бұл ауру жөнінде сауатының төмендігін, емдеу мекемелерінде ауруды дер кезінде анықтайтын мамандардың же­тіспейтіндігін, ауруға шалдыққандардың тегін дәрі-дәрмекке қолы жете бермейтіндігін айтып тағы да дабыл қағуы да бекер емес.
Қауымдастықтың 2009 жылдың 1-қаңтарындағы мәліметі бойынша, Қазақстанда қант диабеті деген нақты диагноз қойылған 162012 адам есепке алынса, оның 1 595-і балалар мен жасөспірімдер. Ал осы жылдың шілде айына дейінгі жүргізілген есеп бойынша, есепке алынғандар саны - 170796-ға жетсе, оның 22 пайызы балалар мен жасөспірімдер екен.
Ал республикамыздың бас эндокренологы, профессор, Қант диабеті қауымдастығының дәрігерлік қызмет жөніндегі кеңесшісі, про­фесссор Михаил Зельцер диабет жайлы былай деді: «Ата-аналар еркелеткеннің жайы осылай екен деп, балаларын «Кока-Кола», «Чип­сы», «Кериешки» сияқты құрамында газ бен тұзы көп, майға қуырылған құрғақ тағамдарды көбірек пайдалануға мүмкіндік бере отырып, жасөспірімдерді ауруға интермелеп отырғандарын өздері де түсінбейді. Баланы мұндай тағамдарға итермелегеннен гөрі, салауатты өмір салтына бастайтын спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтанып, ауа райының әр мезгіліне сәйкес киініп жүруге бағыт-бағдар бергені әлдеқайда тиімді болар еді. Және сонымен қатар, айта кету керек қант диабеті түрлі күйзелістер мен қобалжудан болады», - деп атап өтті.
Қант диабетіне қатысты мамандарды көп ойландыратын мәселе - осы дертке шалдыққандардың әлі де толық және қолжетімді дәрігерлік көмекке қол жеткізе алмауы. Атап айтқанда, қант мөлшерін қалыпты ұстайтын дәрі-дәрмектер мен екпелер көп жағдайда жетіспеуінде. Негізінде бұл ауруға шалдыққандар дәрі-дәрмекпен, медициналық препараттармен тегін қамтамасыз етілуі тиіс болса, өкінішке қарай, бұл мәселе көбінесе сөз жүзінде қалып қояды.
Алайда, әлем дәрігерлері сусамыр дертінің нақты емін таба алмай отырғандықтан, әзірше оның ең басты емі - дұрыс тамақтану, дене қимылын көп қажет ететін спортпен айналысу екендігін түсіндіреді. Америкалықтар қант диабетін салауатты өмір салтын ұстанудың бір жүйесі санайтын көрінеді. Себебі бұл ауруға шалдыққан адам өмір бойы өзін-өзі күтімде ұстап, дәрігердің белгілі бір кеңесінің аясында болса, өзі де денсаулығы үшін күресу керектігін ескертеді.

http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=3177

Әйелің жаман болса ажырасып  құтылуға болады,қант диабетінен ешқашан құтыла алмайсың.
+3 дауыс

 

Диабет (лат. diabetes mellitus) — бұл қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт. Бұл аурумен жас та, кемел жастағылар да, кәрі де ауырады. Әсіресе жасөспірім кездегі диабет ауруы өте қиын, мұндай жаста диабетпен ауырғандарға арнаулы дәрі (инсулин) қолдану ұсынылады. Әйтсе де бұл ауру 40-тан асқан, тамақты шектен тыс ішіп, толыса бастаған адамдарға тән болып ке-леді. Қант диабеті - көмірсутек, май, ақуыздың зат алмасуының созылмалы бұзылуы, яғни қанға көп мөлшерде қант түйіршегінің бөлінуі болып табылады. Диабет инсулиннің асқазан асты безінен жеткілікті мөлшерде бөлінбеуі салдарынан басталады. Инсулинсіз ағза қант түйіршегін өңдей алмайды. Соның салдарынан қанның құрамында қант мөлшері артады. 

 

Диабеттің алғашқы кезеңдегі белгілері

  • үнемі сусап тұру
  • кіші дәреттің жиілеп, көп болуы.
  • үнемі шаршаулы сезіну,
  • қол-аяқтың үйып, жансыздануы
  • үнемі қарын аштығынан арылмау
  • салмақ азаюы

 

+1 дауыс
Жоғарыда айтып жатқандардын бәрі дұрыс. Мен бір сөзбен ақ айтайын қ.диабет өмір бойы емделетін, арнайы күтім керек ауру ғой. Құдай сақтасын.
+1 дауыс
Қант диабетінен бір сыныптас қызымыз қайтыс болды. Қателеспесем 7-8 сыныпта.
...