+1 дауыс
2.0k көрілді
Алғашында  бұл жәндіктер тропикалық аймақты мекендегені дәлелденген ,ал шыбынның  көбеюіне тиімді температура +25  градуста.Үй шыбынының  қандай ерекшелігі оны жер шарының  бүкіл түкпіріне ,оның ішінде солтүстік полюске де таралуына мүмкіндік береді?

1 жауап

0 дауыс

Үй Шыбыны — нағыз шыбындар тұқымдасына жататын жәндік. Жер шарында кең тараған (синантропты түр, космополиттер, тұрғын үй маңынан алысқа ұзамайды). Дене тұрқы 5 — 9 мм, Үй шыбыны қоңыржай аймақта 9, субтропикте 15 ретке дейін ұрпақ береді, аналығы 2 — 3 айдың ішінде 600-ден 2000-ға дейін жұмыртқа салады. Өсіп даму ұзақтығы (жұмыртқадан ересек шыбынға дейінгі аралық) қоршаған ортаның жағдайына (темп-ра, ылғалдылығы) байланысты 10 — 45 күн. Дернәсілдері шіріген органик. заттармен қоректенеді. Үй шыбынның ауыз мүшесі сұйық және қатты қоректі ұстауға бейімделген. Сұйық қоректі тұмсығы арқылы шаншып сорса, ал қатты қоректі шаншығыш қылшықтарымен тесіп сорады. Бұлар көптеген жұқпалы аурулар, әсіресе, іш сүзегі, дизентерия, оба, тырысқақ, т.б. ауру қоздырғыштарын таратады. Үй шыбынына қарсы әр түрлі химикалық препараттар қолданылады. Үй іші, қора-қопсы таза ұсталуы, тағам қалдықтары, мал қиы, т.б. жабық сақталуы қажет.
cізбен толыктаи келісем каниев марат

Ұқсас сұрақтар

...