Рахмет жауабыңызға Ерғали! Ия оны көргем. Мен Алматы облысындамын.Мұндай терминалы бар телефондар елдің түпкір түпкірінде қойылып жатыр. Облыстың шет жағындағы телефон линиясы тартылмаған ауылдардың бәрінде қойылған және қойылып жатыр. Интернет жылдамдығына көңілім толады, бірақ та кешкі алтыдан кейін жылдамдығы төмендеп кетеді сол ұнамайды. Ал енді Wi-Fi ға келсем характеристикасында бұл туралы оны тек операторыңыз қосып береді деп жазылған сияқты (ескерту:менің орысшам нашар қате түсінген болуым мүмкін, өтініш өзіңіз бір қарап жіберерсіз характеристикасын, қазақшасы жоқ екен). Мен аудандық Қазақтелекомнан осы терминалды алғанымда ондағы маман вай файы бар, бірақ қалай қосуды білмеймін деп қарап отырды. Екінші рет барғанымда ондағы бір жас маман қосып көрейін, ол біраз уақыт алады деді, қырсық шалғанда сол кезде уақытым тығыз болып, оны аяқтай алмай ерте кетіп қалған едім. Ерғали сіз ана сұрағыңызда "біреуге барып істеп бер бер деп айтқым келмейді" депсіз. Егер өзіңіз қоса алмасаңыз қосуды білетін адамға істетудің айыбы жоқ қой. Қазақтелеком мекемесінен алыс тұрмасаңыз ондағы мамандаға апарып қосып беруін талап етіңіз, бұл олардың міндеті. Ал мен алыста тұратындықтан, қазір бара алмаймын телекомға. Егер вай файды қостырып жатсаңыз оларсыз да қостыруға болатын болса, осы сайтқа көрсетерсіз деп үміттенемін. Алдын ала рахмет, сау болыңыз.