Ти десем тимейді, тиме десем тиеді(ерін)
* * * * * *
Сойса қаны жоқ, жүрсе ізі жоқ(қайық)
* * * * * *
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.
(Кун)
* * * * * *
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса, аттама.
(Кітап)
* * * * * *
Көзіңе көрінбейді,
Қаңғуға ерінбейді.
Шалғынды жапырады,
Жол бойын сыпырады.
(Жел)
* * * * * *
Қол созсаң, ақ күміс
Алақаңға толады.
Ашып-жұмсаң, із-түссіз
Лезде жоқ болады?
(Қар)
* * * * * *
Жылт-жылт етеді,
Жылғадан етеді.
(Су)
* * * * * *
Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан туатын,
Тауып көрші, сен оны.
(Аққала)
* * * * * *
Басында екі таяғы бар,
Төрт аяғы бар,
Сегіз тұяғы бар,
Иегінде сақалы бар.
(Ешкі)
* * * * * *
Тілі бар, үні жоқ,
Өзін адам түсінген.
Жүрегі бар да, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінең.
(Кітап)
* * * * * *
Үй үстінде алтын тас,
Алайын десем табылмас.
(Жұлдыз)
* * * * * *
Қимылдаса қос шебер,
Қыруар-қыруар іс өнер.
(Қол)
* * * * * *