+2 дауыс
49.3k көрілді
тіл туралы мақал-мәтел шығарма көп болсын көмектесіңіздерші

2 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Анамыздың ақ сүтімен бойымызға
дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл
ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.
                                            Б.Момышұлы
 
... Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз болмаса адамзаттың тірлігінде мән-маңыз болмайтыны белгілі. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Міне, осы орайда ана тіліміз жайлы терең ойлану әрқайсымыз үшін парыз. Жыл өткен сайын ана тіліміздің мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуде.
Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр. Бүгінгі қазақ қоғамындағы мәңгүрттіктің басы да өз тілін тәрк етуден туды. Ана сүті сіңбеген, бесік жырынан нәр алмаған ұлттық қасиет тана сүтімен кірмейді. Тілі мен дінінен айырылған ондай жан рухани кемтарлығын, адамдық болмысын түсінбей, көлденең көк аттының қолжаулығына айналады. Ана тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қарекетсіз болған емес. Жиырмасыншы жылдары тіл тәуелсіздігін ту етіп көтерген Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Мұхтарлар, сексенінші жылдардың аяғында бостандықтың лебі білінісімен басталған бүкілхалықтық қозғалыс соның айғағы.
ХХ ғасырдың ұлы жемісі – қазақ халқы үшін Егемендіктің көк туы желбіреуі. Ата-бабаларымыз көксеген, армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ендігі мақсатымыз - ұлттық рухты, түскен еңсені көтеру. Ұлттық мінез, ұлттық намыс, ана тілі жоқ жерде – ұлт та жоқ.
О, туған ана тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде, ана сүтінің жұғымы да сенде, райхан гүлдің жұпары да сенде, қыран құстың жанары да сенде, назды сұлудың нәзіктігі де сенде, сахара даланың  жазықтығы да сенде...
Халқымыздың аса бай рухани қазынасы – туған ана тіліміз. Ол – қазақ тілі.
Қазақ тілі - өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқан әуезділігі – шырқап салар әндей. Туған тіл біздің бірінші бақытымыз, бірінші ырысымыз, біз сондықтан “Ана тіліміз” дейміз. Қазақтар “Ананың тілі” деп ерекше құрметтейді. Басқа тілді білу - әрине, мақтаныш. Әйтсе де өз ана тілін аяқ асты етуге болмайды.
                   Ана тілің – арың бұл,
                   Ұятың боп тұр бетте.
                   Өзге тілдің бәрін біл,
                   Өз тіліңді құрметте, – дейді талантты ақын Қадыр Мырза Әли ағамыз.
Анамның тілі – ардақтым менің. Адамның атасы, әкесі мен шешесі сенсің. Сен менің кішкентай кезімде әкем болып мойныңа отырғызып қуандың, ат үстінде алдыңа алып, мені көкке секірттің. Жел болып кекілімнен сипадың.
Тілім, ана тілім менің, адамзатымның тілі, сен менің анам болған кезіңде көкірегіңе жабысып, төсіңнен ақ сүтіңді емдім. Сен менің ағам, інім, әпкем, қарындасым, бауырларым болған кезіңде мен сені одан әрмен түсініп,  ұғынғым келді. Адамзаттың Абай мен Мағжан сынды асқар алыптарын туғызған, әкелері мен аналары болған ұлтымыздың тірегі сенсің, туған тілім. Бірақ, менің терім “туған тілім” сен үшін ғана төгілсін, менің өмірім сен үшін ғана өрілсін! Олай болса, ана тілімізді алдымен өзіміз құрметтейік, ардақтайық! Сонда ғана туған тіліміздің туы биіктерде желбіреп тұратын болады...         
Ана тілі
 
Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені, бүгінгісі, болашағы.
Қазақ тілі өзінің даласындай бай. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Қазақ тілі қасиетті қазақ домбырасының үнімен үндесіп жатады. Ана тілі – бұл әкенің тілі, туған халықтың тілі.
Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізден, әжеміз бен атамыздан біле бастаймыз.
Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңеді. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадыр-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады.     
Сондықтан кез келген мемлекет өзінің аумағында салт-дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды.
Еліміз Қазақстан Республикасы егемен ел атанды. Ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы заң қабылданды. Президентіміздің 2003 жылғы 15 қарашадағы жарлығымен қыркүйектің үшінші жексенбісі Қазақстан Республикасы халықтары тілдерінің күні ретінде атап өтілетін болды.
Тіл адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді.
Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз.
Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді.
     *
 
Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не?
Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.
Әр халықтың өзінің ана тілі бар. Тіл – жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның  төл перзенті. Сол халықтың  мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым.
Тіл – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Тіл – еліміздің  іргетасы, «Ұлттың қуаты тілінде».
Тілдің адам өмірі үшін мәні айрықша. Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем». «Тіл – асыл ойдың бұлағы». «Тіл –құдірет». «Тіл  - тәуелсіздік тұғыры».  «Тіл – ұлттың жан дүниесі».
Тіл құдіреті - ерекше. Оның бітпесті бітіретін, жетпесті жеткізетін,  үзілгенді жалғайтын мүмкіндігі бар. Бір ауыз сөз опық жегізіп, өмір бойы өзегіңді өртесе, бір ауыз орынды айтылған сөз жадында жатталып, бақытқа жеткізеді.
Тіл – ұлттың жан дүниесі. Расында қазақ халқының басында талай қиын нәубет, зұлматтың, қайғылы күндердің болғаны тарихтан белгілі. Сондай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап босқан халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы – ана сүтімен санасын дарыған ана тілі ғана.
Халқымыздың тілге беріп жүрген бағасы бұл ғана емес, ана тілге деген мейірім, махаббат сезімін білдіретін сөздер көп-ақ. Оған жүздеген мысалдар келтіруге болады. Осы сияқты ой тұжырымдардың баршасы ел аузына түспей, ғасырлар өтсе де ұрпақ жадында сақталған қанатты сөздер.
«Тәрбие басы  - тіл» деген осы күнге дейін мән-мағынасын жоғалтпаған қанатты сөз XI ғасырдың ұлы ойшылдарының бірі Ахмет Иүгінекидің есіміне  қатысты.
Үзілмей келе жатқан осындай даналық дәстүрінің жалғасын біз бүгінгі ұрпақтан да көреміз. Ана тіліміздің айтып жеткізуге болмайтын асыл қасиеттерін тап басып танып, қанатты сөздерге айналдырған зиялыларымыз да баршылық.
Бүгінгі қазақ тілінің тағдыр мен болашағы Елбасын  аз толғандырып жүрген жоқ. Сондықтан да болар Ел басының «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», «Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» деген сөзі бар. Ал кейінгі 2005 жылғы жолдауында айтылған «Біз барша қазақстандықтарды біріктіруші басты факторлардың бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек» деген уәжінде қазақ тілінің Қазақстан халықтарының басын біріктіруші  ұйытқы болуын көздеп отыр.
Қай қоғамда да тіл мәселесі болатыны белгілі. Біздің ұлтта да тіл өзекті мәселе болып отыр. Қазақстанда қазақ тілі –мемлекеттік тіл. Солай бола тұрса да бізде қазір көптеген қазақтар үй ішінде, сыртта, қоғамдық орындарда орысша сөйлеп, қазақ тілінің сөйлеу өрісін тарылтып, қолданылу аясын әлсіретеді, тіпті жоғарғы жақтағы басшылардың өздері орыс тілінде сөйлейді, қазақша сөйлегеннің өзінде шұбарлап сөйлейді. Басты кемшілігіміз – осы.
Қазір көптеген жастар ана тілін дұрыс білмейді. Ауылдық жерде жақсы, қалалық жерлерде тіл құнарлылығы сұйыла түскен.
Қазақ тілінің жанашыры болған сатирик ақын Шона Сымаханұлының бір шумақ өлеңінде осындай жағдайды сипаттайды:
Қазіргінің баласы,
Көп білем деп көкиді.
Әкесінің жазғаны
+4 дауыс
Тіл тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады.
 
Шебердің қолы — ортақ,
Шешеннің тілі ортақ.
 
Тіл — буынсыз,
Ой - түпсіз.
 
Сүйреңдеген қызыл тіл
Сүйгеніңненайырар;
Иә жаубетін қайырар.
 
Алажағым кетсе де,
Айташағым кетпесін.
 
Ат жүйрігі айырады,
Тіл жүйрігі қайырады.
 
Мақтаған жеткізер,
Шаққан өлтірер.
 
Сүңгініңжарасыбітер,
Тілжарасы бітпес.
 
Басқа пәле тілден.
 
Тіл — тиексіз.
 
Тіл ерді қабырға салады,
Нарды қазанға салады.
 
Бас кеспек болса да,
Тіл кеспек жоқ.
 
Қызыл тіл жанның мияты,
Абырой ердің қуаты.
 
Ашуың келсе — қолың тарт,
Айтпас жерде — тілің тарт.
 
Тіл жүйрік емес,
Шын жүйрік.
 
Піл көтермегенді
Тіл көтереді.
 
Адам көңілінен азады,
Тілінен жазады.
 
Жер астында жатқанды,
Қазбай, қарап тіл табар.
 
Қойын-қойын сырыңды
Түбінде келіп шын табар.
 
Аш құлақтан —
Тыныш құлақ.
 
Сөз тапқанға қолқа жоқ.
 
Жақсы байқап сөйлер,
Жаман шайқап сөйлер.
 
Жыланның тілі айыр,
Жылан мінезді адамның сөзі айыр.



Аңдамай сөйлеген
Ауырмайөледі.
 
Аяғы жаман төрді былғар,
Аузы жаман елді былғар.
 
Көп сөйлеген —
Көптен айрылар.
 
Көп сөз — күміс,
Аз сөз — алтын.
 
Суды ішім тоқтатар,
Сөзді шын тоқтатар.
 
Ақпа құлаққа айтқан сөз
Ағып кетеді.
Құйма құлаққа айтқан сөзді
Құйып алады.
 
Өтірікшінің шын сөзі зая.
 
Қатты айтсаң,
Қарындасыңажақпайсың.
Ақырынайтсаң,
Ақың кетеді.
 
Біреудің сөзі әдемі,
Біреудің көзі әдемі.
 
«Көрдім» деген көп сөз,
«Көрмедім» деген бір сөз.
 
ІІІешеннің сөзі — мерген,
Шебердің көзі — мерген.
 
Ине көзінен сынады,
Шешен сөзінен сынады.
 
Қаһарлы сөз — қамал бұзар.
 
Олақтың сөзі —
Орынсыз жамау тәрізді.
 
Орынды айтылған сөз —
Орнына қағылған шеге сияқты.
 
Ойнапсөйлесең де,
Ойлап сөйле.
 
Сөз сүйектен өтеді,
Таяқ еттен өтеді.
 
Мір тәуекел бұзады,
Мың қайғының қаласын;
Бір жылы сөз бітірер
Мың көңілдің жарасын.
 
Адам сөзінен жазады,
Сиыр мүйізінен жазады.
 
Көз жеткізер,
Көз жеткізбегенді
Сөз жеткізер.
 
Аталы сөзге,
Арсыз жауап қайырар.
Ақ пен қараны
Шындық айырар.
 
Шал,
Шалдың сөзі — бал.
 
Ұлы сөзде — ұят жоқ.
 
Сөз шындықты табар.
 
Көп сөйлеген
Иә жолдасынан,
Иә құрдасынан айрылады.
 
Жақсы сөз — жарым ырыс.
 
Жаным десе — жан семіреді.
 
Ауыз дарбаза,
Сөз самал,
Құдай ұрғанға не амал?!
 
Жүйелі сөз —
Жүйесін табар;
Жүйесіз сөз —
Иесін табар.
 
Сөз жүйесін тапса —
 Малиесінтабар.
 
Жүзден біреу — шешен,
Мыңнан біреу — көсем.
 
Бұралқы сөз — күлуге жақсы,
Бұралқы жылқы — мінуге жақсы.
 
Айтпаса жүректен кетеді,
Тартпаса білектен кетеді.
 
Құр судан май шықпайды,
Құр сөзден мән шықпайды.
 
Сөзің тәтті болсын,
Ашуың қатты болсын.
 
Еттен өткен таяқтан,
Сүйектен өткен сөз жаман.
 
Сөз қуған — пәлеге жолығар,
Шаруа қуған — қазынаға жолығар.
 
Өзі — шынашақтай,
Сөзі — келсаптай.
 
Сөздің басы — бір пышақ,
Аяғы — бір құшақ.
 
Сөйлемесе қайдан туады?
Сөз сөзден туады.
 
Айтсаң сөзіңе жет,
Мінгес те, үйіңе жет.
 
Ауруда — шаншу жаман,
Сөзде — қаңқу жаман.
 
Құрғақ сөз бас ауыртар,
Құрғақ қасық ауыз жыртар.
 
Көз көргенше,
Ауыз батыр, сөйлеп қал.
 
Сөз бергенге ерме,
Бөз бергенге ер
Сөз — бейнет болар,
Боз — көйлек болар.
 
Сөзіңді айт ұққанға
Айтып айтпай не керек,
Құлағына мақта тыққанға.
 
Көп сөйлесең — тақылдақ дер,
Аз сөйлесең — ақымақ дер.
 
Көптің аузы — зеңбірек.
 
Кесірлі ауыздан
Кесапатты сөз шығар.
 
Тұз астың дәмін келтірсе,
Мақал сөздің мәнін келтіреді.
 
Ауызында әзілі жоқтың
Қолында қол шоқпары бар.
жақсы жауап +1

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
+1 дауыс
2 жауап
+1 дауыс
20 жауап
...