0 дауыс
574 көрілді
Сағынған адам ешқашан тоңбайды дейді ғалымдар. Олар адамның сағыныш сезімін зерттей келе, дене бойындағы температураны өлшеген екен.  Еріктілер ғалымдардың айтуы бойынша 30 күн бойы әлдекімді, әлденені сағынып, бұл сезімін өткеруі тиіс болған. Нәтижесінде адамдар көбіне суықтаған кезде ғана сағыныпты.  Екінші зерттеуде еріктілер үш топқа бөлініп, әр түрлі температурадағы бөлмелерге кірген. (суық – «-20», қалыпты – «+24», ыстық – «+28»). Бұл кезде ғалымдар адам ми талшықтарының жұмыс қабілетін арнайы құралдар арқылы бақылаған. Нәтижесінде «-20» градус суық бөлмеде отырған адамдардың ми жұмыс қабілеті басым болған.    Ал зерттеудің үшінші бөлігінде арнайы әсем әуен қолданылған. Музыка тыңдаған адамдар санасындағы сағыныш суреттерін анық көре алғанын айтқан. Олар ән мен сағыныштың арқасында суықтамаған болып шықты.    Ақтық бөлімде еріктілер суық суға қолын салып тұруы керек болған. Ал өткенді еске алушылар бұл сынға жәй ғана ойланып тұрған адамдардан ұзағырақ шыдай алған екен. Саутгемптон университетінің ғалымы Тим Вайлдшат жоғарыдағы зерттеулерді жасай келіп, адам баласының психикасындағы жайлылық (комфорт) физикалық жайлылыққа алып келеді деген шешім шығарды.  Қаншалықты рас-өтірігін дәп басып айту қиын. Десек те, сағынып жүріңіздер дегіміз келеді...

2 жауап

0 дауыс
Бұның бәріде рас па екенінюЕшкім нақты дәлелдеп бере алмайды ғой
0 дауыс
Суықтаған кезде сағынғаны ол мүмкін , қиналған кезде жақындарын еске алу болар)))) Суықтаған кезде  музыка тыңдап немесе  жақынын еске алып, сағынып көңілін соған бөледі. Соның себебі болар ол. Бір жерің ауырсада оны жиі ойлай берми көңіліңді басқаға бөлсең уақыты келе қояды ғой сол сиақтыда бұлда. Адам өзін - өзі психикалық түрде дайындайды.
...