0 дауыс
649 көрілді
Жауап бергендерге ЖЖБ

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Интернет Назарбаев зияткерлік мектебінің толық қашан ашылатынын ашып айтпаған. Жуық арада Шымкентте «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ашылады. Осыған орай бүгін облыс әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары С.Қаныбековтың қатысуымен мәжіліс өтті. Аудан, қала әкімдері орынбасарлары және облыстық білім басқармасы мамандары қатысқан жиында Астанадан арнайы келген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ басқарма төрайымы Күләш Шәмшдинова «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» ерекшеліктері мен дарынды оқушыларды қабылдау жүйелерімен таныстырды. Шымкентте ашылатын «Назарбаев Зияткерік мектептері» оқушыларды физика-математика және химия-биология пәндері бойынша дайындайтын болады. Аталмыш мектептердің біреуі «Қайтпас», екіншісі «Нұрсәт» ықшам аудандарында ашылады.
        «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» бағдарламалықерекшеліктеріне тоқталған Күләш Ноғатайқызы «баланың ойлануына, психологиялық тұрғыдан жетілуіне, болашақтажақсы мамандық таңдауына, тілдерді жетік меңгеруіне, алған білімін қалай пайымдап, қалай пайдалану керектігінің барлығын меңгеріп шағады», -деді. Бүгінгі таңда жалпы республика бойынша 20 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» жұмыс істеп тұр екен. Басты ерекшелігі бұл мектепте оқу үшін таза білім ғана сараланатын көрінеді. Ешкімнен ақша алынбайды. Мемлекет есебінен берілетін тегін грант арқылы оқытылады.
        Білім сапасына тоқталған К.Шәмшидинова мұғалімдердің біліктілігіне де қатысты пікір айтты. Мәселен, Мектептің білім сапасы мұғаліміне байланысты екенін атап өтті. Осы тұрғыдан келгенде «Назарбаев Зияткерлік мектебінде» сабақ беретін мұғалімдер шетелдерден оқып келетін көрінеді, сонымен қатар шетелдік білімді ұстаздар да біздің елге келіп жұмыс атқарып жатқанын айтты. Англия, Жаңа Зеландия, Австралия сияқты ғылымы мен білімі дамыған мемлекеттерден жоғары санаттағы ғалым ұстаздардан біздің өрендер білім алуда. http://ak-ordasy.kz/kz/projects/461/
...