Зейнеткерлік жасқа жетпей қайтыс болған адамдардың зейнетақы қорында жиналған ақшалары бірінші жолдасына, балаларына қалады (егер өсиет жоқ болған жағдайда). оны 6 ай өткен соң ала аласыз
Қалай және қанша теңге? Ол үшін мына формуланы білуіңіз керек. 3 жылдық айлық табысыңызды 36-ға бөлесіз. Бұл - Сіздің орташа айлық табысыңыз. Енді оны пайыздық мөлшерге көбейтесіз. Бұдан Сіздің ай сайын алып отыратын зейнетақыңыздың сомасы шығады.
Пайыздық мөлшерлеме деген не? Сіз әйел адам болсаңыз 20 жылдық еңбек өтіліңіз бүтін 60%-ды құрайды. Егер 21 жыл болса 61%, 24 жыл болса 64% болады. Осылайша 20 жылдан артық әр жылға 1% қосылып отырады. Максимум 75%-ға дейін ғана барады. Ер адамдарға 25 жыл бүтін 60% болып есептеледі. 25 жылдан көп еңбек етсеңіз, әр жылға 1% қосып есептейсіз.
Мысалы, ер адам 27 жыл еңбек етті, орташа айлық табысы - 56 мың теңге. Демек, зейнетақысы: 56 000 x 62%= 34 720 теңге.
Мемлекет Сізге бұдан бөлек базалық зейнетақы беретінін ұмытпаңыз. Ол - 14 466 теңге.
Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.