0 дауыс
4.4k көрілді
Мен қызыммен 1 жыл жүрдім. Оны қатты қызғанамын. Бірақ ол маған мені қызған ба, ол жаман қасиет дейтін. Қызғана берсең бірге бола алмаймыз дейді. Расыменде бірге бола алмадық. Кейін қатты өкіндім. Қандай кеңес бересіздер? Қызды қызғанған дұрыс па?

10 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
қызғанған дұрыс! шариғатта солай жазылған: "егер  шын ғашықтар бірін бірі қызғанбаса олардың махаббаты адал емес!" десе де орнымен қызғанған дұрыс! менің жігітімде қызғаншақ тіпті сіңілдерімнен қызғанады бірақ қалғанына уақыт емші не боларын білмеймін
+2 дауыс
Дұрыс емес жалпы адам еш нәрседен адамды қызғанбау керек,қызғаншақтық ол аурудың белгісі.
дурыс емес қои
+1 дауыс
Қызғаншақтық - жақсы ма, жаман ба? Нақты айтуға қиын бұл мәселе әр жұпты толғандыратын болар. Қызғаншақтық жайлы не білеміз?

Қызғаныш жақсылыққа баулиды. Бойымызды қызғаныш билегенде, біз сүйіктімізге одан да жақсы болып көрінуге тырысамыз. Бар күшімізді өзіміздің ең жақсы қасиеттерімізді көрсетуге саламыз.
толықтай оқимын десеніз мына жерде http://massaget.kz/bastangy/psihologiya/5303
Массагеттің редакторлары кейде артық кетіп жатады.
0 дауыс
Орнымен қызғану керек. Қызғаныштан көз соқыр болады.
0 дауыс
Әрине сүйген адамдар бір бірін қызғанады.Бірақ сену керек .
0 дауыс
Қызыңды немесе әйеліңді қызғану жалпы дұрыс. Өйткені ол сен үшін ең қымбат нәрсе. Тегін нәрсені ешкім де қызғанбайды ғо. Қызың ақылды болса, әдемі болса қызғанасың. Ал қызғанбайтын болсаң оның сен үшін еш маңызы жоқ деген сөз.
0 дауыс
Қызғанған қызыл етке жем болады деген ғой дана бабам. Бірақ қызғану қажет. Егер жүріп жатқан қызыңмен болашақта отбасын құрамын десең қызған. Қызғанбаған қыздың қадірі жоқ. Қызда жігіті қызғанған сайын өз-өзіне осы жігітке жар болам деп үмітпен жүру керек.
0 дауыс
әрине дұрыс,бірақ бар нәрсенің шегі болуы керек. Қызғаныш деп оның басқан ізін аңдып,телефонын тексеріп,өзіңнен басқа барлық жігіттермен(себеі сыныптастары,группаласы,немесе туыстары болуы мүмкін ер балдардан.Жігіттің бәрі сенің потенциальды қарсыласың деп қабылдай берме) араласқанына шек қоя берсең қыздың ығырын шығарып жібересің.
0 дауыс
Жұбайға жұбын жазбау керек екен.
Бір-бірін сезінеді неге бөтен?
Қызғанбаса күйеуі өз әйелін,
Қызығын оның біреу көреді екен.

Іріткіден ізгі бір із қалмайды,
"Махаббатта шек жоқ"-деп бізді алдайды.
Жандылардан тек еркек шошқа ған,
Өзінің ұрғашысын қызғанбайды.

Жігіттер үйде жарың-асылың бар,
Асылыңды сырт көзден жасырыңдар.
Ашық қалған алтынды кім ұрламас?
Жабуға жар әуретін асығыңдар.

Сорлы жұрт емес едік еш халықтан,
Бос белбеу де емеспіз бос қамыққан.
Қойныңдағы қосағын қызғанбайтын,
Құдай бізді сақтасын шошқалықтан.

Біз шошқа емеспіз,сондықтан қызғанған дұрыс
0 дауыс
Қызғанған дұрыс шариғатта солай атап кеткен
...