ҚР жол жүру ережесі бойынша, көлік жүргізу куәлігі 18 жастан беріледі. Автомектептерге жазылуға 16 жастан бастап барады көптеген азаматтар. Себебі, автомектептен берілетін анықтама 2 жылға жарамды, тиісінше 16 жаста алынған анықтама 18 жасқа дейін жарамды. 18 жасқа толған соң, анықтама көмегімен экзамен тапсырып, көлік жүргізу куәлігін алуға мүмкіндігі бар.
18 жасқа толмаған азаматтар, арнайы куәлігі бар көлік жүргізу инструкторымен бірге, оқу көлік құралымен көлік айдауға құқылы.