0 дауыс
621 көрілді
Жақында Dr.web өнімі болып есептелетін Cureit сканерін пайдаландым, тілдер баптауында орыс тілінен бастап басқа да көптеген тілдер бар екен, мен қазақ тілін таңдадым! Қателіктері бар болып шықты, менің көңілімнен шыққан жоқ ! Осыған орай мен осы антивирус өнімін өндірушілерге әлеуметтік желі арқылы байланыстым, маған қате жерлерін жазыңыз, өзіңіздің аудармаңызды жазыңыз, дұрыстаймыз деді. Өзім қателерін дұрыстап жазып дайындап қойдым! Ал сіз суретке қарап отырып өзіңідің нұсқаңызды жассаңыз! Өте маңызды! Рахмет!

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Әрине бұл өте маңызды! (ақылдасып шешетін мәселе)
Менің нұсқам
1. Іске қосылған уақыты - время запуска
2.Тексерілген обьектілер - проверенные обьекты
3. "байбалам білдіргендер" мүлдем ұнаған жоқ "Қатер төндіргенедер" десе қалай болар екен немесе "Қауіпті файылдар"
Астындағы "Байбалам" дегеннің орнына "Қауіпті" сөзін қолданса
Сосын "Жол" дегенің біртүрлі сияқты, баламасын табу керек
Жақсы жауап бірақ тексерілген обьектілер дегеннің  орнына тексерілген аймақтар десек қалай болады
0 дауыс
Бұл сенің нұсқан ба?  Жақсы!  Қарапайым әрі түсінікті! Dr.Web Curelt! компьютердің тексеруін орындауда...  деп өзгерсе қалай болады?  Орындайды дегеннен орындауда деген жұмыс жасап жатқанын білдіредіғой! Сосын байбалам білдіргендер дегенді Қауіп деп өзгертсе?!
жоқ бұл қате нұсқасы, мен суретке түсіріп алғам. мен бағдарламаны жасамаймын) тек сөз күйінде жазып жіберемін!
мм түсіндім! Мен өз нұсқамды жаздым! пайдаға жарап қалар. Сенің нұсқан қандай?
0 дауыс
енді дұрыс емес па қалай аударсада біздің тіл емес па  байбалам білдірген оның мағынасы ұрыс керіс деген мағынада меніңше байбалам білдірген деген сөзді ауыстыру керек оның орнына қауіп дегенге ауыстыру қажет басқасы түсінікті
...