Кітап секілді қылып шығару үшін, қателеспесем, принтеріңізде екі жақты етіп шығаратын мүмкіндігі болу керек. ал барлығы дұрыс болса, онда:

1-суреттегі Properties деген батырманы басасың

2-суреттегідей терезе ашылған соң Paper/Quality деген бөлімнен басып шығаратын қағазыңның форматын таңда

3-суреттегідей Finishing терезесі ашылған соң, Print in both sides (Қағаздың екі жағына да басу),
Left binding (Сол жаққа парақтау) және 2 pages per sheet (бір парақта екі бет) дегенді таңдаған соң
ОК -ді басасың да Принтерге жібересің. Іске сәт!