+1 дауыс
18.2k көрілді
beeline ға скрытый номер хабарласса оны қалай білуге болады

3 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Бұл өте оңай, бірақ жасырын нөмермен соғылған қоңырауды 1 рет болса да қабылдау керек, сосын нақты уақытын білсең болды. Белаинның мына ресми сайтына өтіңіз, http://beeline.kz/kz/index.wbp  Осы жерден оң жақ жоғарғы бұрышында орналасқан Жеке кабинет батырмасын басыңыз, Сіз  автоматты түрде мына бетке өтесіз  https://uslugi.beeline.kz/.  Логин , Пароль деген бағанды толтыр. Ол үшін өз телефоныңнан мына тегін  команданы тер *110*9# оk (қоңырау шал).  Сіздің тел-ға сол сәтте  сайттағы жеке кабинетке кіруге арналған уақытша пароль мен логин көрсетілген SMS келеді. Логин ол өз номеріңіз.
Енді логин деген жерге өз номеріңді енгіз, Мысалы, 777 777 77 77 , яғни 8, +7 деген алдыңғы цифрды жазбау керек. Пароль  деген жерге SMS -ке келген 6 орынды санды енгіз, Сіз кірдіңіз. Енді қауіпсіздік үшін жүйе Сіздің парольді өзгерту қажеттігін сұрайды. Ол үшін тағы SMS-пен келген уақытша парольді жазып, және өзіңізге ыңғайлы жаңа пароль ойлап 2 рет жазып (растау) "Изменить"  батырмасын басасыз, болды, Сіз жеке  өз (виртуальді) кабинетіңізге кірдіңіз https://uslugi.beeline.kz/navigateMenu.do .
Мұнда Сіздің тарифіңіз, балансыңыз т.б ақпарат көрініп тұрады. Енді осы бетте "Финансовая информация" батырмасын басасыз, "Заказ финансовой детализации расходов:" деген жердегі кунтізбеден қажетті уақыт аралығын таңдайсыз ( 1, 7, 14, 30 күн), "Заказать!" батырмасын басыңыз. Осы батырманың астында  "Готовые отчеты" деген жерге аз уақыттан соң xls форматта ( txt не pdf   форматын таңдасаңызда болады) файл пайда болады, міне осыны "Загрузить" батырмасын басып, өзіңізге жүктеп алыңыз.  "Стоимость детализации:   0  тенге
Заказать детализацию?" деген жерге "Да " деп көрсетіңіз.   Жүктелген zip папканы ашыңыз "Входящий звонок" деген бағанда Сіз көрсеткен уақыт аралығында Сізге қоңырау соққан (қабылданған) абонент нөмері , уақыты бәрі көрсетіліп тұрады.
0 дауыс
беллаин ға хабарласып сұрайсың анықтауға болады!
0 дауыс
входящий көрсетілмей тұр, исходящийді көрсетіп тур, енді не істеуге болады?
...