Жауабы ара, бал, омарта болатын бірнеше жұмбақтар жазып жіберіңіздерші.

+1 дауыс
25.7k қаралым
Жауабы ара, бал, омарта болатын бірнеше жұмбақтар жазып жіберіңіздерші.
Қазақ тілі

2 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап
Аузы жоқ, тiсi бар,
тындырар ісі бар.
(ара)

  
Бiрi – ағаш кесу құралы,

Бiрi – шырынды бал бұлағы.
(Ара)

Күн нұрын далаға берді,

Дала оны гүлге берді,

Гүл оны араға берді,

Ара әкеп бізге бердi.(Бал)

Қос құлақты,жүз тісті
,Жүзінен бірақ із түсті.
(ара)

Ұшады,

Қонады,

Гүлдердің қонағы.

Қысыңда көрінбей,

Жазыңда болады.

Түр-түсі сары ала,

Не нәрсе? (ара)

Тыру-тыру тырналар,
Тауға қарай жорғалар.
(Ара)

Алпыс тісті айдаһар,

Ешқайда қадам баспайды.

Қозғамасаң жатады,

Ештеңеден саспайды.

Ағаштан тамақ жейді екен,

Жұтпай шайнап тастайды.
(Ара)
0 дауыс
Бiрi – ағаш кесу құралы, Бiрi – шырынды бал бұлағы.    жауабы:Ара
білетінім ғой
127,728 сұрақ
322,322 жауап
153,203 пікір
72,717 қолданушы