Бағдарламалау негіздері не үшін қажет? Программисттер немен айналысады?
Көпшілікте осы сұрақ туындаса керек. Кейбір кісілер қате түсінікте де болуы мүмкін. "Не істейсің, принтер тасып жүресің ба?" деп сұрайтын таныстарым осы постты оқыса жақсы болар еді. Программист міндетті бойы ұзын, тырық, бүкірейген, көзілдірігі бар, әлсіз, өзімен өзі қуып жүретін біреу болуы да шарт емес. Дегенмен, программисттер — жаратылысы бөлек жандар))) Өзіндік өмір сүру принципі, фәлсафасы, құндылықтары бар жеке тұлға. Дүние жүзінде барлық прогерлерді біріктерді біріктіретін нәрсе — ҚҰРУ(создать- to create). Нағыз прогерді құру, дамыту, зерттеу, өмірді жеңілдету көбірек қызықтыруы тиіс. Бағдарламалау арқылы жақсы ақша табуға болады, алайда, мақсат — ақша табу емес, әрқашан профессионализмге ұмтылу керек. Ал, профилар қай салада болмасын жақсы табады)))
Программистің қолынан не келеді?
1. Сайттар, веб-приложения: соц.жүйелер, wikipedia, google, эл.почталар, блогтар… Өмірімізді интернетсіз елестетіп көрейікші… Тіпті, бір күнге үзіліп қалса қандай боласыз?! Бағдарламалау өнері программисттерге бүкіл әлемді ұсынып тұр. Әлем сенікі, бөліп ал да, билей бер! Жарқын жаққа баста!
2. Настольные приложения, программалар, Word,Paint, PhotoShop, KmpPlayer, түрлі ойындар(Countre Strike, Dota), броузерлер Chrome, Firefox. Opera, антивирустар, үлкен мекемелердің жұмысын жеңілдететін жүйелер, прием платежей, mail-agent т.б… Міне осының бәрі программистердің өнер туындылары.
3. Кез келген техниканың ішінде чипі(микросхема) болады. Ол оның миы. Пульттің батырмасын басып қалсаң басқа каналға ауысады, шәйнек қайнаған соң өзі өшеді. Компьютер, принтер, сканер, плейрлар, тұрмыстық техникалар т.б. Бұл жерде де прогерсіз ештеңе бітпейді. Электрик схема бойынша сымдарды бір-біріне жалғар, бірақ ол чипке ойлау қабілетін қоса алмайды.
4. Мобильные приложения. Үнемі жанымызда жүретін телефон, планшет, т.б. құрылғыларға арналған программа жазу арқылы да әлемге әсер етуге болады.
Мен былай шет жағасын айттым ғой, фантазияға ерік беріп, аз-маз ой жіберетін болсаңыз, бағдарламалаудың мүмкіндіктері шексіз екенін түсінерсіз. Түрлі идеялар келе бастайды. Сол идеяларды жаза кетіңіз, жасап қарайық)))
Бағдарламалау негіздері не үшін қажет?
Жоғарыдағы нәрселердің қай-қайсына да қол жеткізу үшін бағдарламалаудың негіздерін білу қажет. Және оны қай тілде білгенің маңызды емес. Бағдарламалау негіздері барлық тілде дерлік ұқсас келеді. Тіпті, мына сферада анық қажет емес деп санағанның өзінде прогер түбі бұларға жолығады. Бұл — әрбір прогер білуге тиіс минимум. Сондықтан, қай тілді таңдау, қай бағытта бағдарламау жайлы айтпайын. Ол — әркімнің өз жан қалауымен шешілетін нәрсе. Бір кісілер анда бар, мұнда бар деп айтуы мүмкін, бірақ жүрегіңіз басқа нәрсені қалап тұрса, соған қарай тартыңыз. Тоқтамаңыз. Күндердің күні еңбегіңіздің жемісін көресіз.
Көп код жазған сайын көп біле түсесіз©
Анау айтқандай мықты программист емеспін, білімімнен қызығушылығым басым секілді) Қазақстаннан бұрын соңды әлем мойындатқан программисттер шықпаса да, қазақтың өзгеден бір жері кем деп санамаймын. Олар жазған нәрсені біз де жаза аламыз. Плевал на их господство Әлі-ақ басып озамыз. Абай атамыздың:
«Ондай болмақ қайда деп
Айтпа ғылым сүйсеңіз» деген сөздерімен аяқтайын