Адам ағзасына шемішкенің пайдасымен қатар зияны да көп. Шемішке ағзада А дәруменін толықтырады. Шемішкенің де бірнеше түрі бар. Мәселен, асқабақ шемішкесінің құрамында пайдалы микроэлементтер, яғни темір, мыс, марганец, фосфор, калций, калий, сондай-ақ В, Е, РР тобындағы дәрумендер бар. Әдетте адамдар шемішкені қуырып шағады. Қуырылмаған асқабақ шемішкесі ағзадағы ішек паразиттерін жояды. Сондықтан да асқабақ шемішкесін ересектермен қатар балалардың да пайдалануына болады. Қарапайым қара шемішкенің зияны зор. Ауыз қуысы арқылы инфекциялық жедел соқырішек ауруын тудыруы мүмкін.