+3 дауыс
30.9k көрілді
Лимонның пайдасы мен зияны туралы ақпарат керек еді?

4 жауап

+2 дауыс
Лимонның пайдасы...

Лимонның көптеген ауруларға қарсы ем ретінде қолданылатын бағалы жеміс екендігі белгілі. Ол дәрумендерге бай өнім. Оның сөлі шипалы әрі косметикалық мақсатқа да кеңінен қолданылады. Тұмауға, баспаға қарсы ем ретінде халық арасында көптеп пайдаланылады.
Егер басыңыз ауырып тұрса, онда ащы кофеге лимон шырынын тамызып ішкен жөн. Тістің еті қанталап, ісініп тұрса, оны лимон қабығымен ысқылап, массаж жасау керек.
Сығылған лимонды тастай салмаңыз, оны пайдаға асыруға әбден болады. Жатар алдында екі қолыңызды лимон қабығымен ысқыласаңыз, терісі жұмсарады. Лимонның езілген қабығын тастамаңыз, оны қайнаған ыстық суға салып қойсаңыз, біраздан соң жап-жақсы иіс су (туалетная вода) аласыз. Онымен теріні, жуылған шашты шаюға болады.
<img src="http://stat18.privet.ru/lr/0a1902e24532b1410828a93f38a92df7" id="il_fi" height="313" width="413" style="padding-right: 8px; padding-top: 8px; padding-bottom: 8px;">
ал зиянын білмейді екенмін
мхм түсінікті,басқа жақсы,нақты жауап келмесе ертең міндедті түрде жақсы жауап басам!
+2 дауыс
<a href="http://vfl.ru/fotos/d997df3f1531438.html"><img src=" alt="Лимон" title="Лимон" border="0"></a>. Лимон бізге сонау Үндістан мен Қытай жерлерінен келген екен. Кезінде экзотикалық болған бұл жеміс қазірде елімізде орнығып, халқымыздың көңілінен шығып жатыр. Лимонның пайдасы мен зиянынбіліп жүрейік.
Лимон - жыл бойы жасыл ағаштың жемісі. Оның құрамында пектин, эфир майлары, биофлавоноидтар бар. Лимон асқазандағы қорытуға көмектесетін заттардың бөлінуіне әсер етіп, ағзаға темір мен кальцийдің сіңіруін жеңілдететін энзимдарды бөледі. Өзі қышқылболғанына қарамастан, ол асқазан суларының қышқылдығын төмендетеді. Әрине лимон құрамындағы С дәрумені жайлы айтпай қоймасқа болмайды. Ол жалпы иммунды жүйені жақсартып, түрлі ауруларға тосқауыл болады. Лимон ағзадан қажет емес кір-қоқыстарды шығаруға да көмектеседі. Мысалы ұзақ уақыт дәрі, антибиотик қабылдасаңыз, лимонның көмегімен бауырыңызды улы заттардан тазартсаңыз болады.
Лимон шырыны мен қабығы антисептикалық қасиетке ие. Онымен жараларды сүртіп, ерітіндісімен тамақ шайса болады. Лимон қан құрамындағы холестерин деңгейін төмендетіп, тәбетті ашады. Лимон құрамындағы Р дәрумені қан тамырларын беріктендіріп, қан қысымын көтереді. Әрине лимонның ең танымал қасиеті - жұқпалы тұмау ауруына төтеп бере алуы.
Лимон зиян емес пе?
Лимонның осыншама пайдасына қарамастан, ол да зиян болуы мүмкін. Тым көп мөлшерде қабылданған лимон ем емес, керісінше болуы мүмкін. Лимон қатты аллергия қоздырғышы болуы мүмкін. Лимонды тіс эмальдары нашар жандар сирек жегені дұрыс, лимон шырыны оны біржолатақұртуы мүмкін. Тамағы қабынған, ісінгендер де лимон жемегендері жөн, лимон тамағыңызды ашытып, күйдіріпжібере алады. Гастрит, асқорыту жолдарының ауруынашалдыққандарға лимон жеуге мүлдем тыйым салынған.
+1 дауыс

Лимон ( Cіtrus lіmon )— руталар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл ағаш. Шыққан жері — Үндістан , Оңтүстік және Үнді Қытай аралдары. Біртіндеп Жерорта теңізі аймақтарына және Батыс Еуропа өңірлеріне жерсіндірілген. Жабайы түрі жоқ, қолдан өсіріледі. Биіктігі 3 — 7 м-ге жетеді. Бұтақтары тікенекті. Жапырағының жоғарғы ұшы үшкірленген, пішіні жұмыртқа тәрізді, шеттері ара тісті болып келеді. Өзіне тән эфир майының хош иісі бар. Гүлдері (6 — 8 күн) ашық ақ түсті. Жемісі ірі, салмағы 200 — 400 г, сопақшалау, сары түсті қалың қабықпен қапталған. Ішіндегі шырын жемісі 8 — 10 бөлікке бөлінген, сыртын жұқа ақ қабық жауып жатады. Шырынының дәмі қышқыл, құрамында 5 — 7,2% лимон қышқылы, 1,9 — 3% қант, 50 —90 мг С витамині , темірге бай, эфир майы, кальций , калий , т.б.болады. 3 — 4-жылдары жеміс береді. Бір ағаштан 15 — 30 кг жеміс алынады. Лимонның жемісін шырын және Лимон қышқылын алуға пайдаланады.Ашық алқапта өсіріледі. Қарашірігі мол, кәрізделген топырақта жақсы өседі. Лимон жылу, жарық, ылғал сүйгіш, оны тұқымы, қалемшесі және өркендері арқылы көбейтеді. Өсу кезеңінде артық өскіндерін қиып, биіктеп кеткендерін қысқартып отырады;
- Лимон қосылған шәй тұмау тигенде, тыныс алу жолдары қабынғанда жақсы көмектеседі. Шөлді қандырады.
- Лимон шырыны жүйке жұмысын реттеуге, қан қысымын төмендетуге, қан жолдарын тазалауға, ревматизмнен арылуға көмектеседі.
- Тісті ағарту үшін тіс пастасына лимон шырынының 1-2 тамшысын қосу­ға болады. Лимон шырыны сондай-ақ қызыл иектің қанауы мен қабынуын төмендетеді.
- Құрғақ әрі сезімтал теріні ылғандандыру үшін 8 шәй қасық жоғары сұрыпты өсімдік майына 4 шәй қасық лимон шырыны мен 1,5-2 шәйқасық балды ыдысқа салып, араластырып жағуға болады.
- Лимон терінің майлылығын азайтып, безеуден арылуға дапайдалы. Бір жұмыртқаның ақуызы мен лимон шырынын араластырып 20 минуттан кейін жуып тастаса, тері әрленіп тазаланады.
0 дауыс
Барлығыңызғада рахмет +1.Барлығыда жақсы жауапқа лайық!
...